Америка Құрама Штаттары Елшілігінің 2014 жылғы 4 наурыздағы 0247/14 нотасының негізінде және 1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Келісім шеңберінде Америка Құрама Штаттарының Үкіметінен Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз негізде келіп түскен мүлікті, кейіннен қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес мақсатты пайдалану үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру мақсатында республикалық меншікке қабылдасын және заңнамада белгіленген тәртіппен аталған мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдық іс-шараларды жүзеге асырсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 321 қаулысына
қосымша
Республикалық меншікке берілетін мүліктердің тізбесі
Р/с № |
Атауы |
Зауыттық нөмірі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
«Натрийді қайта өңдеу жөніндегі қондырғы» жобалау-сметалық құжаттамасы |
||
2 |
Ғимараттар мен құрылыстар |
||
1) |
Трансформаторлық шағын станциясы бар натрийді қайта өңдеу қондырғысының ғимараты |
НДФ 04/03 (АСС) |
1 |
2) |
Трансформаторлық шағын станциясы бар натрийді қайта өңдеу қондырғысының ғимаратын салуға арналған негізгі металл конструкциялары |
НДФ 04/04 (КЭМ) |
1 |
3 |
Натрийді қайта өңдеу жөніндегі қондырғының негізгі жабдығы |
||
1) |
Химиялық реактор |
АК.20952.02.100 |
1 |
2) |
Тәуліктік шығыс багі |
АК.20952.01.100 |
2 |
3) |
Араластыру ыдысы |
АК.20952.11.100 |
1 |
4) |
Сақтау ыдысы |
АК.20952.03.100 |
1 |
5) |
Натрий гидроксиді жылу алмастырғышы |
АК.20952.03.200 |
1 |
6) |
Тұман сіңіргіш |
АК.20952.05.100 |
1 |
7) |
Конденсатор |
АК.20952.05.200 |
1 |
8) |
Технологиялық су багі |
АК.20952.06.100 |
1 |
9) |
Суытқыш су багі |
АК.20952.09.200 |
1 |
10) |
Суытқыш су жылу алмастырғышы |
АК.20952.09.300 |
1 |
11) |
Аэрозольдер қақпаны |
АК.20952.04.100 |
2 |
4 |
Натрийді қайта өңдеу жөніндегі қондырғыға қосымша жабдықтар мен шығыс материалдары |
жиынтық |
1 |