Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы құрлықаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын құрту, авариялық жағдайлардың зардаптарын жою және ядролық қаруды таратуды болдырмауға қатысты келiсiмдi жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 4 қазан N 1300

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсандағы құрлықаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын құрту, авариялық жағдайлардың зардаптарын жою және ядролық қаруды таратуды болдырмауға қатысты келiсiмге сәйкес, ынтымақтастықты дамыту және бұрынғы қорғаныс кәсiпорындары мен объектiлерiн конверсиялау үшiн Нанн-Лугар қорынан грант алған конверсиялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аталған келiсiм шеңберiнде Нанн-Лугар бағдарламасы бойынша конверсиялық жобаларды жүзеге асыруды "Kamed Rеsоurсеs", "KK InterConnect" және "Нурсат", "Белкамит" бiрлескен кәсiпорындары iске асыратындығы ескерiлсiн. <*> <*>
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1996.01.10. N 40
               қаулысымен. P960040_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.11.01.
               N 1334 қаулысымен. P961334_
      2. Аталған бiрлескен кәсiпорындардың кеден баж салықтары мен алымдарын қоса бюджетке салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 1-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығының 6-бабының негiзiнде осы келiсiмнiң 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет Нанн-Лугар бағдарламасының жобаларына тартылған конверсияланатын қорғаныс кәсiпорындары мен объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi жеке жобаларды салалық министрлiктермен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
    Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады