Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Экономикалық-экологиялық есепке алу 2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республика Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 354 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экономикалық-экологиялық есепке алу 2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экономикалық-экологиялық есепке алу 2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)» жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 354 қаулысымен 
мақұлданған    

                                                                 Жоба

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экономикалық-экологиялық есепке алу 2012 жүйесін
енгізу (ЭЭЕЖ)» жобасын іске асыру туралы келісім

      Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке «Тарап» немесе бірге «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:

1. Келісімнің нысанасы

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Статистика және статистикалық саясат комитеті осы Келісім шеңберінде «Экономикалық-экологиялық есепке алу 2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
      3. Осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап жобаның ұзақтығы
18 айды құрайды.

2. Бюджет және қаржыландыру тетіктері

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды өтеуге ЭЫДҰ-ға 10000 (он мың) евро сомасында жарна беруге міндеттенеді. Бюджетті пайдалану бойынша есептеу осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада жазылған.
      2. Жарна осы Келісімге қол қойылған және ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін толық төленеді.
       3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасынан
6,3 % әкімшілік шығындардың (бұл сома өзгеруі мүмкін) өтелуін төлеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның қаржылық ережесіне және басқа да тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес осы қаражатқа иелік ететін болады. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес шығыс ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетіледі және ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит нысанасы болып табылады.

3. Жұмыстар сипаты және есептілік

      1. ЭЫДҰ жобаны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын
2-қосымшада сипатталғандай жүзеге асырады.
      2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаны іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады.
      3. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды есепті ұсынады.
      4. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы жылдық есепті ұсынады.
      5. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы қорытынды есепті ұсынады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптар ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес сақталатынымен келіседі.

4. Ақпарат алмасу

      1. Тараптар бір-біріне жобаны жүзеге асыру үшін қажетті өзара көмек пен ақпаратты ұсынады.
      2. Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, тел.: +7 (7172) 74-90-16, факс: +7 (7172) 74 94 94, эл.мекенжай: statistika@stat.kz.
      ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ Статистика директораты, Андрэ-Паскаль көшесі, 2, 75116, Париж, Франция, эл.мекенжай: David.Brackfield@oecd.org.

5. Жоба нәтижелерін пайдалану

      1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның айрықша меншігі болып қалады.
      2. ЭЫДҰ үшінші тараптардың құқықтарын, сондай-ақ осындай қолданылса, құжаттарды жіктеуге және жіктемеден алып тастауға қатысты ЭЫДҰ қағидалары мен регламенті сақталатын болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы жоба қаржыландырылатын зерттеулер шеңберінде дайындалған жарияланымдарды пайдалану, көшірмесін жасау және қағаз көшірмелерін тарату құқығын береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі сондай-ақ жарияланымдарды өзінің веб-сайтында орналастырып, олардың толық редакциясын тарата алады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жерде үнемі ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде мойындайды.
      4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тілі мен нысанына қарамастан, қорытынды есепті бірінші жариялау құқығын өзіне қалдырады.
      5. Қорытынды есепте Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін тану қамтылатын болады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің рәмізі жарияланым мұқабасының артқы бетінде немесе жарияланымның ішінде жоғарыда көрсетілген танудың жанында орналастырылады.
      6. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты өз есебін дайындау мақсатында және жобаны жүзеге асыруға қолдану үшін пайдалануға және/немесе енгізуге құқылы.

6. Дауларды шешу

      Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан туындайтын немесе осыларға қатысты келіссөздер жүргізу жолымен шешілуі мүмкін емес кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық осы Келісімді жасасу күнін қолданыстағы аралық соттың тұрақты палатасының халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер үшін төрелік сотының факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар түпкілікті төрелік талқылауымен шешіледі. Төрешілердің саны – біреу. Төреші Тараптар арасындағы уағдаластық жолымен таңдалады, егер төрелік талап етілгеннен кейін үш айдың ішінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, төреші жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес Тараптардың бірінің талабы бойынша тағайындалады. Төрелік сот Парижде, Францияда өтеді, барлық іс жүргізу мен берілетін түсініктемелер ағылшын тілінде болуға тиіс.

7. Артықшылықтар мен иммунитеттер

      Осы Келісімде ешнәрсе халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту деп түсіндірілмеуге тиіс.

8. Өзгерістер мен толықтырулар

      Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9. Күшіне енуі

      1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Ол екі Тарап та одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін қолданыста болады.
      2. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.

Қазақстан Республикасының          Экономикалық ынтымақтастық
      Үкіметінен                      және даму ұйымынан

      Ерболат Досаев                        Мартин Дуран
Қазақстан Республикасы Ұлттық      Бас статистик және Статистика
    экономика министрі               директоратының директоры

Қолы:______________________       Қолы:______________________

Күні:______________________       Күні:______________________

Энтони Дж. Роттьер
Атқарушы директор

                Қолы:______________________

             Күні:______________________

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
арасындағы "Экономикалық-экологиялық есепке
алу 2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)"     
жобасын іске асыру туралы келісімге    
1-қосымша                

Бюджетті пайдалану бойынша есептеу

     Болжанатын шығыстар

EUR

Персоналға арналған шығыстар

Бір адамға арналған қайтарымды төлем

Консультанттар

Миссия шығындары (ЭЫДҰ штатымен сарапшылар)
Әртүрлі (мысалы, басып шығару, фотокөшірмелер, жарияланымдар)

ЭЫДҰ-ның әкімшілік шығындары

1, 249

121

5, 000

3, 000

0

630

Болжанатын толық сомасы

10,000

      Ескертпе: бюджеттің бір жолындағы кез келген артық шығыс толық бюджет шеңберінде қала отырып, бюджеттің басқа жолындағы жетіспеушіліктің орнын толтыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
арасындағы "Экономикалық-экологиялық есепке
алу жүйесін енгізу 2012 (ЭЭЕЖ)"     
жобасын іске асыру туралы келісімге   
2-қосымша                

«Экономикалық-экологиялық есепке алу 2012 жүйесін енгізу
(ЭЭЕЖ)» жобасы

1. Ағымдағы жағдай

      Экономикалық-экологиялық есепке алу жүйесіндегі (бұдан әрі - ЭЭЕЖ) көпжылдық қайта қарау процесіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистикалық комиссиясы бастамашылық етіп, ЭЭЕЖ-ның жаһандық консультациясынан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистикалық комиссиясы қабылдады. ЭЭЕЖ-ның орталық құрылымы 2014 жылғы ақпанда жарияланды.
      Қазақстанның тұрақты даму моделіне («Жасыл экономика стратегиясы») көшуі жөніндегі жуырдағы маңызды шешімі ЭЭЕЖ іске асыруды қисынды келесі қадам етеді. Жасыл экономикаға көшу, мысалы, жаңартылатын энергия көздеріне, инвестициялар және энергия мен материалдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру арқылы экономикалық өсу үшін ұзақ мерзімді қозғалтқыш болуы мүмкін.
      Экономикалық және экологиялық саясатты бірге талдай отырып, эко- инновацияларды ынталандыру жолдарына қарай отырып және жұмыс орындары мен дағдылар, инвестициялар, салық салу, сауда және даму сияқты экономиканың неғұрлым орнықты үлгісіне көшуге байланысты басқа да түйінді мәселелерді қозғай отырып, ЭЫДҰ экономикалық өсуді дамудың тиімді ресурстық, таза, төмен көміртекті моделімен үйлестіруге көмектесуі мүмкін. Қазақстан «жасыл өсу» индикаторларын әзірлеуді (ЭЭЕЖ тұрақты жұмысын қолдауды да) жасыл экономикаға көшудің ең жақсы түсінігін ілгерілетудің айқын жолы ретінде таниды.

2. Қажеттіліктердің сипаты

      Қазақстан ұлттық статистика құрылымына ЭЭЕЖ-нің жаңа стандарттарын енгізу бойынша көмекке мұқтаж. ЭЭЕЖ бойынша кез келген жұмыс «жасыл өсу» индикаторлары бойынша жұмыстарды қамтуға және осы байланыстардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

      Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі - СК) ЭЭЕЖ құрылымының барлық аспектілері, оны енгізу және жинау бойынша толық және терең статистикалық дайындықты талап етеді. Тренинг «жасыл өсу» индикаторларын қамтып, Қазақстандағы жағдайдың халықаралық талаптарға қалай сәйкес келуі мүмкін екенін толық және аяқталған түсінумен қамтамасыз етуі қажет.

3. Ұсыныс

      ЭЫДҰ 2016 жылы Қазақстанда аталған тақырыптардың бірқатары қоршаған ортаның статистика шоттарын құрастырудағы күнделікті жұмысына тікелей қатысатын статистиктерге арналған тренингте талқыланатын техникалық семинарлар ұйымдастыруды ұсынады. Тренингтің барлық аспектілері ЭЫДҰ мен СК арасында талқыланатын және келісілетін болады.

4. Күтілетін нәтиже

      Күтілетін нәтиже СК-ның аталған тақырыптар бойынша ағымдағы халықаралық әдіснаманы және халықаралық жаңа стандарттарды жергілікті деңгейде қолдану тәсілдерін толық түсінетінін білдіреді. Бұл Қазақстандағы экологиялық көрсеткіштерді есепке алу халықаралық нормаларға сәйкес келуі үшін қандай іс-қимылдар қабылдау қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.
      Жоба қорытындылары бойынша Баяндама дайындалатын болады, ол ЭЭЕЖ-нің Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдайын көрсетеді және онда ЭЭЕЖ экологиялық шоттарын енгізу және қалыптастыру үшін бастапқы деректердің жиынтықтары айқындалады.

О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Внедрение системы экономико-экологического учета 2012 (СЭЭС)"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 354

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Внедрение системы экономико-экологического учета 2012 (СЭЭС)".
      2. Уполномочить Министра национальной экономики Республики Казахстан Досаева Ерболата Аскарбековича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Внедрение системы экономико-экологического учета 2012 (СЭЭС)", разрешив вносить в него изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов

Одобрен          
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 27 апреля 2015 года № 354

Проект

Cоглашение между Правительством Республики Казахстан и
Организацией экономического сотрудничества и развития о
реализации проекта "Внедрение системы экономико-экологического учета 2012 (СЭЭС)"

      Правительство Республики Казахстан и Организация экономического сотрудничества и развития, здесь и далее по отдельности именуемые «Сторона» или вместе именуемые «Стороны», согласились о нижеследующем:

1. Предмет Соглашения

      1. Комитет по статистике и статистической политике Организации экономического сотрудничества и развития (далее – ОЭСР) реализует проект "Внедрение системы экономико-экологического учета 2012 (СЭЭС)" (далее – проект) в рамках настоящего Соглашения.
      2. Правительство Республики Казахстан соглашается финансировать работу, которую ОЭСР выполняет в рамках проекта.
      3. Длительность проекта составляет 18 месяцев со дня подписания настоящего Соглашения.

2. Бюджет и механизмы финансирования

      1. Правительство Республики Казахстан обязуется предоставить ОЭСР взнос в сумме 10 000 (десять тысяч) евро в счет покрытия расходов на реализацию проекта. Расчет по использованию бюджета изложен в приложении 1 к настоящему Соглашению, являющемся его неотъемлемой частью.
      2. Взнос будет выплачен полностью после подписания настоящего Соглашения и получения соответствующего счета от ОЭСР.
      3. ОЭСР будет администрировать этот взнос в соответствии с финансовыми положениями и другими соответствующими правилами, политиками и процедурами ОЭСР, которые в настоящий момент предусматривают оплату возмещения административных затрат 6,3 % (эта сумма может изменяться) от общей суммы взноса. Расход будет отражен в счетах ОЭСР согласно общепринятым принципам бухгалтерского учета, и он может проверяться во время аудита в соответствии со стандартными правилами аудита ОЭСР.

3. Описание работ и отчетности

      1. ОЭСР осуществляет проект, как описано в приложении 2 к настоящему Соглашению, являющемся его неотъемлемой частью.
      2. В течение трех месяцев после завершения первого года проекта ОЭСР представит Правительству Республики Казахстан отчет о ходе реализации Проекта в повествовательной форме.
      3. В течение шести месяцев после завершения проекта ОЭСР представит Правительству Республики Казахстан заключительный отчет в  повествовательной форме.
      4. В течение трех месяцев после завершения первого года проекта ОЭСР представит Правительству Республики Казахстан годовой отчет о расходах.
      5. В течение шести месяцев после завершения проекта ОЭСР представит Правительству Республики Казахстан заключительный отчет о расходах.
      6. Правительство Республики Казахстан соглашается, что требования к финансовой отчетности соблюдены в отчете о затратах в соответствии со стандартным форматом отчетности ОЭСР.

4. Обмен информацией

      1. Стороны предоставляют друг другу взаимную помощь и информацию, необходимую для осуществления проекта.
      2. Любой обмен информацией между Сторонами адресуется:
      для Правительства Республики Казахстан: 010000 Казахстан, Астана, Левый берег, Дом министерств, 4 подъезд, Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан, тел.: +7 (7172) 74-90-16, факс: + 7 (7172) 74 94-94, эл. адрес: statistika@stat.kz;
      для ОЭСР: Директорат по статистике ОЭСР, ул. Андрэ-Паскаля 2, 75116 Париж, Франция, эл. адрес: David.Brackfield@oecd.org.

5. Использование результатов проекта

      1. Результаты проекта в любой форме остаются исключительной собственностью ОЭСР.
      2. При соблюдении прав третьих сторон, а также правил и политик ОЭСР относительно классификации и исключения из классификации документов, если применимо, ОЭСР передает Правительству Республики Казахстан неисключительное, безотзывное право на использование, копирование и распространение бумажных копий заключительного отчета по проекту для любых государственных некоммерческих целей. Правительство Республики Казахстан также может размещать на своем веб-сайте и распространять полную редакцию публикаций.
      3. Правительство Республики Казахстан всегда должным образом признает авторское право ОЭСР, где это необходимо.
      4. ОЭСР оставляет за собой право первой публикации заключительного отчета, независимо от языка и формы публикации.
      5. Заключительный отчет будет включать в себя признание вклада Правительства Республики Казахстан в проект, и символ Правительства Республики Казахстан будет размещен на оборотной стороне обложки публикации или внутри публикации рядом с указанным выше признанием.
      6. Любые данные или информация, являющиеся собственностью Правительства Республики Казахстан, предоставленные ОЭСР в ходе проекта, остаются собственностью Правительства Республики Казахстан. ОЭСР имеет право использовать и/или включать указанные данные и информацию с целью подготовки своего отчета и для осуществления проекта.

6. Разрешение споров

      Любой спор, разногласие или претензия, возникающие из или в отношении толкования, применения или выполнения настоящего Соглашения, включая существование, действительность или расторжение, которые не могут быть разрешены путем переговоров, разрешаются окончательным арбитражным разбирательством, имеющим обязательную силу, в соответствии с факультативными правилами арбитражного суда для международных организаций и государств постоянной палаты третейского суда, действительных на дату заключения настоящего Соглашения. Количество судей – один. Судья выбирается путем договоренности между Сторонами. Если такая договоренность не достигнута в течение трех месяцев после требования арбитража, судья назначается в соответствии с указанными выше правилами по требованию одной из Сторон. Арбитражный суд проходит в Париже, Франция, все производство и подаваемые объяснения должны быть на английском языке.

7. Привилегии и иммунитеты

      Ничто в данном Соглашении не должно трактоваться как отказ от иммунитетов и привилегий ОЭСР в качестве международной организации.

8. Изменения и дополнения

      В настоящее Соглашение, по взаимному согласию Сторон, могут вноситься изменения и дополнения, которые оформляются отдельными протоколами и являются его неотъемлемыми частями.

9. Вступление в силу

      1. Настоящее Соглашение вступает в силу с даты подписания. Оно остается действительным до тех пор, пока обе Стороны не выполнят все обязательства, вытекающие из него.
      2. Совершено в двух подлинных экземплярах, на казахском, русском и английском языках. В случае расхождений между казахским, русским и английским текстом, вариант на английском языке является единственной подлинной версией.

От Правительства Республики Казахстан

От Организации экономического сотрудничества и развития

Ерболат Досаев
Министр национальной экономики Республики Казахстан

Подпись: _____________________

Дата: ________________________

Мартин Дуран
Главный статистик и директор Директората по статистике

Подпись: ______________________

Дата: _________________________


Энтони Дж. Роттьер
Исполнительный директор

Подпись: ______________________

Дата: _________________________

Приложение 1             
      к Соглашению между Правительством 
Республики Казахстан и Организацией
экономического сотрудничества и развития
о реализации проекта "Внедрение      
системы экономико-экологического      
учета 2012 (СЭЭС)"          

                   Расчет по использованию бюджета 

Предполагаемые расходы

EUR

Расходы на персонал

1,249

Возвратный платеж на человека

121

Консультанты

5,000

Затраты миссии (Штат ОЭСР и эксперты)

3,000

Разное (например, печать, фотокопии, публикации)

0

Административные затраты ОЭСР

630

Полная предполагаемая сумма

10,000

      Примечание: любой перерасход на одной строке бюджета может быть компенсирован недостачей на другой строке бюджета, оставаясь в рамках полного бюджета.

Приложение 2            
к Соглашению между Правительством 
Республики Казахстан и Организацией
экономического сотрудничества и развития
о реализации проекта "Внедрение      
системы экономико-экологического      
учета 2012 (СЭЭС)"          

Проект "Внедрение системы экономико-экологического
учета 2012 (СЭЭС)"

1. Текущая ситуация

      Многолетний процесс пересмотра в Системе экономико-экологического счета (далее - СЭЭС) был инициирован Статистической комиссией Организации Объединенных Наций и после глобальной консультации СЭЭС была принята Статистической комиссией Организации Объединенных Наций. Центральная структура СЭЭС была опубликована в феврале 2014 года.
      Недавнее знаковое решение Казахстана по переходу к модели устойчивого развития («Стратегия зеленой экономики») делает реализацию СЭЭС логичным шагом. Переход к зеленой экономике может быть долгосрочным двигателем для экономического роста, к примеру, через инвестиции в возобновляемые источники энергии и повышение эффективности использования энергии и материалов.
      Анализируя экономические и экологические политики вместе, рассматривая пути по стимулированию эко-инноваций и затрагивая другие ключевые вопросы, связанные с переходом к более устойчивой модели экономики, такие как рабочие места и навыки, инвестиции, налогообложение, торговля и развитие, ОЭСР может помочь совместить экономический рост с ресурсоэффективной, чистой, низкоуглеродной моделью развития. Казахстан видит разработку индикаторов «зеленого роста» (вместе с тем поддерживая постоянную работу СЭЭС), как ясный  путь продвижения вперед к прогрессу лучшего понимания перехода к зеленой экономике.

2. Описание потребностей

      Казахстан нуждается в помощи по внедрению новых стандартов СЭЭС в национальную статистическую структуру. Любая работа по СЭЭС также должна включать работу по индикаторам «зеленого роста» и обеспечивать осуществление этих связей.
      В частности, Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее – КС) требует полной и глубокой  статистической подготовки по всем аспектам структуры СЭЭС, ее внедрения и сбора. Необходимо, чтобы тренинг практически включал индикаторы «зеленого роста» и обеспечил полным и завершенным пониманием того, как ситуация в Казахстане может соответствовать международным требованиям.

3. Предложение

      ОЭСР предлагает организовать технический семинар в 2016 году в Казахстане, где различные перечисленные темы будут обсуждаться на тренинге для статистиков, непосредственно участвующих в повседневной работе составления счетов статистики окружающей среды. Все аспекты тренинга будут обсуждены и согласованы между ОЭСР и КС.

4. Ожидаемый результат 

      Ожидаемый результат заключается в том, что по перечисленным темам КС будет иметь полное понимание о текущей международной методологии и как эти новые международные стандарты могут быть реализованы на местном уровне. Это даст понимание того, что требуется  для экологических счетов, чтобы соответствовать международному уровню.
      По итогам проекта будет подготовлен доклад, который будет отражать текущее положение СЭЭС в Республике Казахстан и в котором будут определены наборы первичных данных для внедрения и формирования экологических счетов СЭЭС.