Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының
Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді
ратификациялау туралы
2011 жылғы 6 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының
Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі заңсыз кеші-қонға қарсы іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға толық шешім қабылдай отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтардың көшіп-қонушыларды заңсыз тасымалдау жөніндегі іс-әрекетінің айтарлықтай өсуіне алаңдаушылық білдіре отырып, осы Келісімді жасасу арқылы өзара негізде Тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтау және олардың реадмиссиясы үшін жылдам және тиімді рәсімдерді жасауға, сондай-ақ ынтымақтастық рухында осындай адамдардың транзитіне ықпал етуге ниет білдіре отырып, тиісті жағдайларда Тараптар өз мемлекетінің аумағына заңсыз кірген үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды оларға азаматтық берген немесе тұрақты тұратын мемлекеттерге жіберу үшін барлық күш-жігерін салуға тиіс екенін назарға ала отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін тани отырып және осы Келісім халықаралық құқыққа, атап айтқанда, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесіне қатысты хаттамаға, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын ұстап беру мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны:
«Реадмиссия» - осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз келген, онда болған немесе тұрып жатқан адамдарды (Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды) Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органының қайтаруын және Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының қабылдауын;
«Үшінші мемлекеттің азаматы» - Тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан өзге азаматтығы бар адамды;
«Азаматтығы жоқ адам» - Қазақстан Республикасының немесе Литва Республикасының азаматтығы және өзге мемлекеттің азаматтығы жоқ адамды;
«Тұруға рұқсат» - адамға тиісті Тарап мемлекетінің аумағында тұруға құқық беретін Тараптардың құзыретті органдары берген жарамды рұқсатты;
«Виза» - әуежай транзиттік визасын қамтымайтын, Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіруге немесе оның аумағы арқылы транзитке құқық беретін рұқсатты немесе құжатты;
«Әуежай транзиттік визасы» - Литва Республикасының аумағындағы халықаралық әуежайдан транзитпен өтуге арналған визаны;
«Транзит» — үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салушы мемлекеттен межелі мемлекетке Сұрау салынатын мемлекеттің аумағы арқылы баруын;
«Сұрау салушы мемлекет» - осы Келісімге сәйкес реадмиссия туралы өтінішхатты немесе транзит туралы өтінішхатты жолдайтын Тараптардың бірінің мемлекетін;
«Сұрау салынатын мемлекет» — осы Келісімге сәйкес реадмиссия туралы өтінішхат немесе транзит туралы өтінішхат жіберілетін Тараптардың бірінің мемлекетін;
«Құзыретті органдар» - Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыру жүктелетін органдарын білдіреді.
І БӨЛІМ
РЕАДМИССИЯ БОЙЫНША ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ 2-бап
Өз азаматтарының реадмиссиясы
1. Егер осы Келісімге сәйкес бұл адам Сұрау салынатын мемлекеттің азаматы болып табылатыны анықталса, Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салушы мемлекеттің өтінішхаты бойынша осы Келісімнің шеңберінде Сұрау салушы мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру талаптарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын кез келген адамды осы Келісімнің шеңберінде өз аумағында қабылдайды. Аталған ереже Сұрау салушы мемлекеттің аумағына келгеннен кейін Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығынан айырылған немесе одан бас тартқан және Сұрау салушы мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдарға да қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың реадмиссиясымен бір мезгілде Сұрау салушы мемлекет мыналардың:
1) егер олардың Сұрау салушы мемлекеттің аумағында болуға немесе онда тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, олардың туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балаларының;
2) егер олардың Сұрау салынатын мемлекеттің аумағына келуге, онда болуға немесе тұруға құқығы болса және Сұрау салушы мемлекеттің аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, осы баптың 1-тармағында аталған адамдардан өзге басқа да азаматтығы бар жұбайының (зайыбының) реадмиссиясын жүзеге асырады.
3. Сұрау салынатын мемлекет реадмиссияға жататын адамның ерік білдіруіне қарамастан, қажет болған кезінде бұл адамды қайтару үшін қажетті жол жүру құжатын береді, оның қолданылу мерзімі кемінде 30 (отыз) күнді құрайды. Жол жүру құжатын Сұрау салынатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі тиісті өтінішті алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді. Егер берілген жол жүру құжатының қолданылу мерзімі ішінде реадмиссияға жататын адамды заңды немесе нақты себептер бойынша беру мүмкін болмаса, Сұрау салынатын мемлекет осы тармақта көзделген тәртіппен жаңа жол жүру құжатын береді, оның қолданылу мерзімі адамға бұрын берілген жол жүру құжатының мерзіміндей болады.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салушы мемлекеттің өтінішхаты бойынша, егер осы Келісімге сәйкес мұндай адамның:
1) Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз келгені, онда заңды негізде болғаны; немесе
2) келу кезінде Сұрау салынатын мемлекет берген тұруға арналған жарамды рұқсатының болғаны; немесе
3) келу кезінде Сұрау салынатын мемлекет берген жарамды визасының болғаны дәлелденсе, Сұрау салушы мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру талаптарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан үшінші мемлекеттің кез келген азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды осы Келісімнің шеңберінде өз аумағында қабылдайды.
2. Егер:
1) үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Сұрау салынатын мемлекеттің аумағындағы халықаралық әуежайдың тек транзиттік аймағында ғана болса немесе оның транзиттік визасы болса; немесе
2) Сұрау салушы мемлекет:
а) осы адамның Сұрау салынатын мемлекет берген визасы немесе тұруға рұқсаты болса және олардың неғұрлым ұзақ қолданылу мерзімі болса; немесе
b) Сұрау салынатын мемлекет берген виза немесе тұруға рұқсат жалған құжаттардың көмегімен алынған жағдайларды қоспағанда, үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға өз аумағына келгенге дейін немесе одан кейін виза немесе тұруға рұқсат берген болса, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссияға қатысты міндеттеме қолданылмайды.
3. Сұрау салушы мемлекет қажет болған кезде реадмиссия туралы өтінішхатқа оң жауап алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде реадмиссияға жататын адамға Сұрау салынатын мемлекет танитын жол жүру құжатын береді, оның қолданылу мерзімі кемінде 30 (отыз) күнді құрайды.
4-бап
Қате реадмиссия
Сұрау салушы мемлекет, егер оған осы адамды берген күннен кейін 3 (үш) ай ішінде осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көзделген талаптардың сақталмағаны немесе адамды беру кезінде осы Келісімде көзделген осындай адамның реадмиссиясы үшін жағдайлар болмағаны анықталса, Сұрау салынатын мемлекет қайтаратын адамды кері қабылдайды. Мұндай жағдайларда осы Келісімнің реадмиссия мен транзит рәсімдерін реттейтін ережелері қолданылады, ал Сұрау салынатын мемлекет қайтарылатын адаммен бірге Сұрау салушы мемлекетке беруге жататын адамның жеке басы мен азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты береді.
II БӨЛІМ
РЕАДМИССИЯ РӘСІМІ 5-бап
Реадмиссия туралы өтінішхат
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес адамның реадмиссиясын жүзеге асыру үшін Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органы реадмиссия туралы өтінішхатты пошта немесе курьер арқылы Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органына жібереді.
2. Егер реадмиссияға жататын адамда осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жарамды құжаттардың бірі болса, реадмиссия туралы өтінішхат, ал егер осы адам үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет берген жарамды виза немесе тұруға рұқсат талап етілмейді.
3. Реадмиссия туралы өтінішхат мынадай ақпаратты:
1) реадмиссияға жататын адам туралы барлық қолда бар мәліметтерді (аты, тегі, туған күні мен жері, жынысы, соңғы тұрғылықты жері), оның кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балалары және (немесе) жұбайы (зайыбы) туралы толық ақпаратты, реадмиссияға жататын адамның 40х60мм көлеміндегі түрлі-түсті фотосуретін;
2) мынадай:
а) Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілігі дәлелдемелерінің бар-жоғы туралы; немесе
b) үшінші мемлекет азаматының реадмиссиясы үшін шарттар туралы; немесе
с) азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы үшін шарттар туралы деректерді қамтуға тиіс.
4. Қажет болған жағдайларда, реадмиссия туралы өтінішхат мынадай ақпаратты:
1) осы адам осындай өтінішке келісім берген жағдайда, реадмиссияға жататын адам медициналық көмекке немесе арнайы күтімге мұқтаж екені туралы куәландыратын өтінішті;
2) беру жағдайында қажет болуы мүмкін қорғаныс немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кез келген басқа да шаралар туралы мәліметтерді де қамтуға тиіс.
5. Реадмиссия туралы өтінішхаттың нысаны осы Келісімге 6-қосымшада қамтылған.
6-бап
Азаматтыққа тиесілігінің дәлелдемелері
1. Адамның Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілігі:
1) тіпті егер мұндай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың ең болмаса бірінің негізінде расталуы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет адамның азаматтығын одан әрі тексерусіз таниды.
2) тіпті егер мұндай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген құжаттардың ең болмаса бірінің негізінде болжануы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет басқаша дәлелдей алмаса, адамның азаматтығы анықталды деп есептеледі.
2. Адамның азаматтығы жалған құжаттардың негізінде анықталуы мүмкін емес.
3. Сұрау салынатын мемлекет беретін азаматтың осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген реадмиссияға жататын адамдармен отбасылық байланысы және оның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағына келуге құқығы осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсыну арқылы расталуы мүмкін.
7-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ
адамдарға қатысты дәлелдемелер
1. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз келу фактісі:
1) осы Келісімге 4-қосымшаның А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет өз аумағынан Сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз келу фактісін таниды.
2) осы Келісімге 4-қосымшаның В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет тергеу жүргізеді және осындай құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзім ішінде жауап береді. Оң жауап алған немесе жауап болмаған жағдайда, осы мерзім өткен соң Сұрау салынатын мемлекет өз аумағынан Сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз келу фактісін таниды.
2. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сұрау салушы мемлекеттің аумағына заңсыз келуі тиісті адамның жол жүру құжаттарында қажетті визаның немесе Сұрау салушы мемлекеттің аумағында тұруға рұқсаттың болмауы бойынша анықталады. Сұрау салушы мемлекеттің тиісті адамда қажетті жол жүру құжаттарының, визаның немесе тұруға рұқсаттың болмауы туралы негізделген өтініші осы адамның заңсыз келуінің, онда болуының немесе тұруының дәлелі болып табылады.
3. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын мемлекеттің аумағында заңды түрде болуы, осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Сұрау салынатын мемлекеттің тұруға рұқсатының немесе визасының болуы:
1) осы Келісімге 5-қосымшаның А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет одан әрі тексеру жүргізбестен өз аумағында осындай адамдардың тұруын заңды деп таниды;
2) осы Келісімге 5-қосымшаның В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну арқылы расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет тергеу жүргізеді және осындай құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзім ішінде жауап береді. Оң жауап алған немесе жауап болмаған жағдайда, осы мерзім өткен соң Сұрау салынатын мемлекет өз аумағында осындай адамдардың болуын заңды деп таниды.
4. Жалған құжаттар үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар екендігіне дәлел бола алмайды.
8-бап
Әңгімелесу
1. Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органы осы Келісімге 1, 2, 4 және 5-қосымшаларда көзделген құжаттардың бірде-біреуін ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесу өткізеді.
2. Әңгімелесуді:
Қазақстан Тарапынан: Литва Республикасында аккредиттелген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің қызметкерлері;
Литва Тарапынан: Қазақстан Республикасында аккредиттелген Литва Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің қызметкерлері жүргізеді.
3. Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ әңгімелесуді ұйымдастыру туралы сұрау салуды қамтитын реадмиссия туралы өтінішхатты алған күннен бастап 10 (он) күннен кешіктірмей, Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органын әңгімелесу нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді.
4. Осы Келісімнің 9-бабының 3-тармағында көзделген реадмиссия туралы өтінішхатқа жауап мерзімдері Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органы әңгімелесудің нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірілмей есептеледі.
9-бап
Мерзімдер
1. Сұрау салынатын мемлекет азаматының реадмиссиясы туралы өтінішхат осындай азамат Сұрау салушы мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны туралы ақпаратты Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органы алғаннан кейін кез келген уақытта Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органына жіберілуі мүмкін.
2. Үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы туралы өтінішхат үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Сұрау салушы мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны туралы ақпаратты Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органы алған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органына жіберіледі. Егер, мұндай адамдардың реадмиссиясы туралы өтінішхат осы тармақта көрсетілген мерзім өткен соң жіберілген жағдайда, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясына қатысты міндеттеме туындамайды.
3. Реадмиссия туралы өтінішхатқа жазбаша жауапты Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органы осындай өтінішхатты алған күннен бастап 14 (он төрт) күннен аспайтын мерзімде жібереді. Көрсетілген мерзімді есептеу кезінде осы Келісімнің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тергеу жүргізу уақыты есепке алынбайды. Реадмиссия туралы өтінішхатқа уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде, Сұрау салынатын мемлекеттің Құзыретті органының негізделген сұрау салуы негізінде жауап беру мерзімі 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады. Егер реадмиссия туралы өтінішхатқа жауап осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде алынбаса, реадмиссия туралы өтінішхатқа оң жауап берілді деп есептеледі.
4. Реадмиссия туралы өтінішхаттан бас тартылған жағдайда Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органына өтінішхаттан бас тарту себептері хабарланады.
5. Реадмиссия туралы өтінішхатқа Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органы оң жауап алғаннан кейін не реадмиссия туралы өтінішхатқа жауап болмаған жағдайда, осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімдер өткеннен кейін реадмиссияға жататын адам осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен дереу беріледі.
10-бап
Беру шарттары және көлік түрлері
1. Құзыретті органдар реадмиссияға жататын адамды бергенге дейін беру күнін, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктін, ықтимал еріп жүру шарттарын және беруге қатысты басқа да ақпаратты алдын ала жазбаша нысанда келіседі.
2. Реадмиссияға жататын адамды беру үшін көбінесе әуе көлігі түрі пайдаланылады.
ІІІ БӨЛІМ
ТРАНЗИТ ТӘРТІБІ 11-бап
Транзит қағидаттары
1. Тараптар үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитін мұндай адамдардың тікелей межелі мемлекетке қайтарылуы мүмкін болмаған жағдайда шектейді.
2. Егер осындай адамдардың барлық транзит мемлекеттерінің аумағы арқылы межелі мемлекетке одан әрі жол жүру мүмкіндігіне және оларды осы мемлекеттің қабылдауына кепілдік берілсе, Сұрау салынатын мемлекет үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
3. Сұрау салынатын мемлекеттің талабы бойынша үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзиті еріп жүрумен жүзеге асырылады.
4. Сұрау салынатын мемлекет:
1) егер межелі мемлекетте немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның азаптауларға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасқа немесе жазаға, өлім жазасына немесе оның нәсілдік, діни, ұлттық тиесілігі белгісі бойынша, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі немесе саяси көзқарастары белгісі бойынша қудалауға ұшырау қаупі болса;
2) егер Сұрау салынатын мемлекетте, транзит мемлекетінде немесе межелі мемлекетте үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам қылмыстық қудалауға немесе жазалауға ұшырауы мүмкін болса;
3) халық денсаулығын сақтау, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету немесе Сұрау салынатын мемлекеттің өзге де ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында;
4) егер Сұрау салынатын мемлекеттің аумағы шегінде транзит үшін келу әуежайынан басқа әуежайға бару қажет болса;
5) егер Сұрау салушы мемлекет өтініш білдірген көмекті көрсету практикалық сипаттағы негізделген себептер бойынша мүмкін болмаса, транзиттен бас тартылуы мүмкін.
5. Сұрау салынатын мемлекет, егер соның салдарынан осы баптың 4-тармағында көзделген транзитке кедергі келтіретін мән-жайлар туындаса немесе анықталса не егер адамның транзитпен ықтимал транзит мемлекетінің аумағы арқылы межелі мемлекетке жол жүруіне немесе баратын мемлекеттің транзитпен жүріп келген адамды межелі мемлекеттің қабылдауына бұдан былай кепілдік берілмесе, кез келген транзитке берілген рұқсатты кері қайтарып ала алады. Мұндай жағдайда Сұрау салушы мемлекет үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды дереу кері қабылдайды.
12-бап
Транзит рәсімі
1. Транзит туралы өтінішхат Сұрау салынатын мемлекеттің тиісті Құзыретті органына жоспарланып отырған транзитті жүзеге асырғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, пошта немесе курьер арқылы берілуге және мынадай ақпаратты:
1) транзит көлігінің түрлерін, транзит бағытын егер осындайлар болса, транзит мемлекеттерін және соңғы межелі мемлекетін;
2) транзитпен жүретін адам туралы мәліметтерді (аты, тегі, бұрынғы тегі, адам қолданатын өзге де аттары, немесе олар танымал болған аттары, бүркеншек аттары, туған күні, жынысы, мүмкіндігінше туған жері, азаматтығы, тілі, жол жүру құжатының түрі мен нөмірі, реадмиссияға жататын адамның өлшемі 40x60 мм түрлі-түсті фотосуреті);
3) пайдаланылуы болжанып отырған шекараны кесіп өту пунктін, транзитпен жүретін адамды беру уақытын және ықтимал еріп жүруді;
4) Сұрау салушы мемлекет Құзыретті органының осы Келісімнің шарттары орындалғаны туралы өтінішті қамтуға тиіс.
2. Транзит туралы өтінішхаттың нысаны осы Келісімге 7-қосымшада қамтылған.
3. Сұрау салынатын мемлекет транзит туралы өтінішхатты алғаннан кейін 10 (он) күн ішінде немесе Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органының дәлелді өтініші бойынша жоспарланып отырған транзитті жүзеге асыруға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, транзитке келісетіні туралы Сұрау салушы мемлекеттің Құзыретті органдарын жазбаша нысанда хабардар етеді, мемлекеттік шекара арқылы өту пункті мен транзитпен жүрген адамды қабылдаудың болжамды уақытын растайды не оларға транзиттен бас тарту туралы хабарлайды және осындай бас тартудың себептерін көрсетеді.
4. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса, онда реадмиссияға жататын адам және оған еріп жүретін адамдар әуежайлық транзиттік визаларды алу қажеттілігінен босатылады.
ІV БӨЛІМ
ШЫҒЫСТАР 13-бап
Көлік және транзит шығыстары
Осы Келісімге сәйкес реадмиссиямен және соңғы межелі мемлекеттің мемлекеттік шекарасы арқылы өту пунктіне дейін транзитке байланысты барлық көлік шығыстарын, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бабына сәйкес адамдарды беруге байланысты Сұрау салынатын мемлекеттің көлік және басқа да шығыстарын Сұрау салушы мемлекет мұндай шығыстарды өтеткізуге Тараптардың Құзыретті органдарының құқығына нұқсан келтірмей, реадмиссияға жататын адамдардың немесе үшінші тараптардың есебінен шығыстар туралы құжаттарды ұсынған кезден бастап 60 күн ішінде евромен өтейді.
V БӨЛІМ
ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРМЕН АРАҚАТЫНАСЫ 14-бап
Деректерді қорғау
1. Дербес деректерді беру, егер ол Тараптардың Құзыретті органдарының осы Келісімді іске асыруы үшін қажет болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Әрбір нақты жағдайда дербес деректерді беру, пайдалану немесе өзге де өңдеу кезінде Тараптардың Құзыретті органдары өз мемлекеттерінің заңнамаларына және халықаралық міндеттемелеріне, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес және мынадай қағидаттарды сақтай отырып әрекет етеді:
1) дербес деректер әділ және заңды негізде өңделуге тиіс;
2) дербес деректерді жинау осы Келісімді іске асыруға байланысты анық, айқын көрінетін және заңды мақсатта жүзеге асырылуға тиіс, ал оларды жинауды жүргізетін, сол сияқты оны алатын Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының оларды кейіннен өңдеуі аталған мақсатқа сәйкес келмейтіндей болып жүзеге асырылмауға тиіс;
3) дербес деректер оларды жинау және (немесе) кейіннен өңдеу жүргізілетін мақсаттарға сәйкес болуға тиіс. Атап айтқанда, берілетін дербес деректер тек мыналарға ғана қатысты болуы мүмкін:
а) реадмиссияға жататын адам туралы мәліметтерге (аты, тегі, бұрынғы тегі, адам қолданатын өзге де аттары немесе ол танымал болған аттары, бүркеншек аттары, жынысы, отбасы жағдайы, туған күні мен жері, қазіргі және бұрынғы кез келген азаматтығы);
b) жеке басын куәландыратын құжаттарға, жүргізуші куәліктеріне немесе жүру құжаттарына (нөмірі, қолданылу мерзімі, берілген күні, берген орган, берген жері);
с) аялдау орындары мен қозғалыс бағыттарына;
d) реадмиссияға жататын адамды сәйкестендіру немесе осы Келісімге сәйкес реадмиссия немесе транзит үшін негіз болып табылатын жағдайлардың болуы туралы мәселені зерделеуге қажетті өзге де ақпаратқа қатысты болуға тиіс;
4) дербес деректер нақты және қажет болған кезде жаңартылып отыруға тиіс;
5) дербес деректер тиісті адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда және оларды жинау және кейіннен өңдеу үшін талап етілетін мерзімнен асырмастан сақталуға тиіс;
6) дербес деректерді беретін және алатын Тараптар мемлекеттерінің Құзыретті органдары, оларды өңдеу осы баптың ережелеріне сәйкес келмеген жағдайларда, атап айтқанда, бұл деректер оларды жинау және (немесе) кейіннен өңдеу мақсаттарына сәйкес болмаса, дербес деректерді түзету, жою немесе бұғаттау жөнінде барлық ақылға қонымды шараларды қолданады. Құзыретті органдар аталған деректерді кез келген түзетулер, жоюлар немесе бұғаттау туралы бір-бірін хабардар етеді;
7) дербес деректерді алатын Құзыретті орган сұрау салу бойынша дербес деректерді беретін Құзыретті органды берілген деректерді қолданғаны және олардың негізінде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
8) дербес деректер Құзыретті органдарға ғана берілуі мүмкін. Кейіннен оларды басқа органдарға беру дербес деректерді беретін Құзыретті органның алдын ала келісімін талап етеді;
9) дербес деректерді беретін Құзыретті орган және дербес деректерді алатын Құзыретті орган дербес деректерді беруді және алуды жазбаша нысанда тіркеуге міндетті.
2. Мүдделі адамның сұрау салуы бойынша оған өзі туралы қолда бар деректер, оларды пайдалану немесе пайдаланылуы болжанып отырған мақсаты туралы ақпарат ұсынылуға тиіс. Мүдделі адамның осындай сипаттағы ақпаратты алу құқығы осындай сұрау салу берілген аумақтағы мемлекеттің ұлттық заңнамасымен регламенттеледі. Егер мұндай бас тарту осы Келісімді іске асыру ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу және адамның немесе үшінші тараптардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсаттарында қажет болып табылса, осындай сипаттағы ақпаратты беру туралы сұрау салуды қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін. Егер дұрыс емес дербес деректердің немесе берілуге жатпайтын дербес деректердің берілгені анықталған жағдайда, бұл туралы дербес деректерді алған Құзыретті органға дереу хабарланады, ол дереу оларды түзетуге немесе жоюға тиіс.
3. Дербес деректерді беру кезінде осындай деректерді сақтаудың тиісті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген мерзімдері көрсетіледі, ол өткеннен кейін деректер жойылуға тиіс. Берілген дербес деректер сақтау мерзімдеріне қарамастан, берілген мақсаты үшін олардың қажет еместігі анықталғаннан кейін дереу жойылады. Деректерді берген Тарапқа оларды жою және осындай жоюдың себептері туралы хабарлануға тиіс. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтағаннан кейін Тараптар барлық алынған деректерді дереу жояды.
4. Құзыретті органдар, егер бұл ақпарат жария етуге жатпаса немесе оны берген Тараптың оны жария етуге ниеті болмаса, бір-бірінен алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бұл техникалық құралдарға, жабдықтар мен материалдарға да қолданылады. Пайдаланылуы шектеулі ақпаратты беру тәртібі жекелеген халықаралық шарттармен регламенттеледі.
15-бап
Өзге де халықаралық міндеттемелермен арақатынасы
Осы Келісімнің кіріспесінде тізбеленгендерді қоса алғанда, осы Келісім өздерінің мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын, сондай-ақ Литва Республикасының Еуропалық Одаққа мүшелігімен байланысты Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
VI БӨЛІМ
ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ 16-бап
Құзыретті органдар мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері
1. Осы Келісімді іске асыру үшін Құзыретті органдар:
Қазақстан Республикасы үшін:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Ықылас Дүкенұлы көшесі, 23/1
Телефон нөмірлері: +7 (7172) 20 55 54, 714 246
Факс нөмірі: +7 (7172) 20 55 73
Электрондық пошта: migration.kz@mail.ru
Литва Республикасы үшін:
Литва Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Көші-қон департаменті - реадмиссия туралы өтінішхаттарды қабылдау, беру және қарау үшін:
Мекенжайы: Сапегос көшесі, 1, LТ-10312 Вильнюс Телефон нөмірлері: +370 5 2717112, +370 5 2719490, +370 5 2717284
Факс нөмірі: +370 5 2718210
Электрондық пошта: mdinfo@vrm.lt
Литва Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік шекараны күзету қызметі - транзит туралы өтінішхаттарды қабылдау, беру және қарау үшін:
Мекенжайы: Саванорю даңғылы, 2, LТ-03116 Вильнюс Телефон нөмірлері: +370 5 271 9305, +370 5 233 1352
Факс нөмірі: +370 5 271 9306, +370 5 233 1365
Электрондық пошта: dvks@vsat.vrm.lt
2. Осы Келісімді іске асыру үшін мемлекеттік шекаралар арқылы мынадай өту пункттері пайдаланылуға тиіс:
Қазақстан Республикасы үшін:
- Астана қаласының халықаралық әуежайы,
- Алматы қаласының халықаралық әуежайы.
Литва Республикасы үшін
- Вильнюс қаласының халықаралық әуежайы,
- Каунас қаласының халықаралық әуежайы,
- Паланга қаласының халықаралық әуежайы.
3. Тараптардың Құзыретті органдарының өзара келісімі бойынша адамдарды беру немесе олардың транзиті мемлекеттік шекарадан өтудің басқа пункттері арқылы жүзеге асырылады.
4. Тараптар өздерінің Құзыретті органдарының не олардың атауларының немесе функцияларының өзгергені туралы, мемлекеттік шекара арқылы өту пункттері тізімінің өзгергені немесе толықтырылғаны туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы осындай деректер өзгерген кезден бастап 3 (үш) күннен кешіктірмей хабарлайды.
5. Тараптардың Құзыретті органдары арасындағы хат алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Құзыретті органдар қажет болған кезінде байланыстың барлық мүмкін болатын түрлерін пайдалана алады.
6. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптардың Құзыретті органдарының осы Келісімді іске асыруға ықпал ететін қызметінің нақты салаларында ынтымақтастық туралы хаттамалар жасалуы мүмкін.
VII БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 17-бап
Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Осы Келісімді іске асыру және (немесе) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарау мақсатында Тараптардың Құзыретті органдары өзара келісім бойынша сарапшылар топтарының бірлескен отырыстарын ұйымдастыра алады.
2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін, осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және олар осы Келісімнің 20-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
18-бап
Дауларды шешу
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді Тараптардың Құзыретті органдары келіссөздер мен өзара консультациялар арқылы шешеді.
19-бап
Қосымшалар
Осы Келісімге 1-7-қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
20-бап
Осы Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі,
қолданысын тоқтата тұру және тоқтату
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Құзыретті органдар қажет болған кезінде осы Келісімде көрсетілген құжаттардың үлгілерімен алмасады.
3. Тараптардың әрқайсысы 2-бапты қоспағанда, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халық денсаулығын сақтау немесе өз мемлекеттерінің өзге де ұлттық мүдделерін қорғау мақсаттарында екінші Тараптың дипломатиялық арнасы арқылы жазбаша хабарлама арқылы осы Келісімнің қолданысын уақытша толық немесе ішінара тоқтата алады. Осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алған күннен бастап 30 (отыз) күннен кейін тоқтатылады. Тараптар осы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды.
4. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа жазбаша хабарлау жолымен осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Осы Келісімнің қолданысы осындай хабарламаны алған күннен бастап 60 күн өткеннен соң тоқтатылады.
2011 жылғы 6 қазанда Астана қаласында қазақ, литва және орыс тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
ҚАЗАҚСТАН ЛИТВА
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҮКІМЕТІ ҮКІМЕТІ
ҮШІН ҮШІН
1-қосымша
Азаматтықты растайтын құжаттардың жалпы тізімі
1) Қазақстан Республикасы үшін:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
- жеке куәлік;
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
- Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
- теңізшінің паспорты (жеке куәлік);
- баланың туу туралы куәлігі (ата-анасының бірінің паспортында жазба болған кезде);
- қайтып оралуға арналған куәлік.
2) Литва Республикасы үшін:
- Литва Республикасы азаматының паспорты;
- Литва Республикасының паспорты;
- Литва Республикасының дербес сәйкестендіру карточкасы;
- Литва Республикасының дипломатиялық паспорты;
- Литва Республикасының қызметтік паспорты.
2-қосымша
Азаматтықты болжау үшін негіз болып табылатын
құжаттардың жалпы тізімі
- Келісімге 1-қосымшада аталған құжаттардың кез келгенінің көшірмелері;
- жүргізуші куәліктері немесе олардың көшірмелері;
- туу туралы куәліктер немесе олардың көшірмелері;
- қызметтік куәліктер немесе олардың көшірмелері;
- куәгерлердің өтініштері;
- тиісті адамның азаматтығын анықтауға көмектесетін кез келген басқа да құжаттар.
3-қосымша
Отбасылық байланысты растайтын құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 2-бабының 2-тармағы)
- баланың туу туралы куәлігі;
- неке қию туралы куәлік.
4-қосымша
Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
реадмиссиясы үшін шарттардың болуына дәлелдеме болып
табылатын құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 7-бабының 1-тармағы)
А БӨЛІГІ
- Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан тікелей Сұрау салушы мемлекеттің аумағына кірген кезде тиісті адамның мемлекеттік шекараны кесіп өту фактісін куәландыруға қабілетті шекара қызметтері уәкілетті қызметкерлерінің ресми мәлімдемелері;
- тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салушы мемлекеттің аумағына келуін немесе бағытын растайтын халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын әуе рейстеріне, пойыздарға, автобустарға немесе теңіз және өзен кемелеріне атаулы билеттер;
- тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салушы мемлекеттің аумағына келуін немесе бағытын растайтын халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын әуе рейстері, пойыздар, автобустар немесе теңіз және өзен кемелері жолаушыларының тізімдері.
В БӨЛІГІ
- атап айтқанда, тиісті адамның мемлекеттік шекараны кесіп өту фактісін растауға қабілетті Сұрау салушы мемлекеттің шекара қызметінің қызметкерлері немесе басқа да куәгерлер жасаған ресми мәлімдемелер;
- тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағында болғанын растайтын билеттер, сондай-ақ әртүрлі анықтамалар мен түбіртектер (мысалы, қонақ үй үшін есепшот, дәрігерлерге/стоматологтарға бару үшін талондар, мемлекеттік/жеке меншік мекемелерге арналған кіру рұқсат қағаздары, автомобильдерді жалдау келісімшарттары, кредит карточкалары арқылы төленген түбіртектер және т.б);
- тиісті адамның тасымалдаушының немесе көлік агенттігінің қызметтерін пайдаланғанын растайтын ақпарат;
- сот немесе әкімшілік рәсім кезінде тиісті адам жасаған ресми мәлімдеме.
5-қосымша
Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
реадмиссиясы үшін шарттардың болуына дәлелдеме болып
табылатын құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 7-бабының 3-тармағы)
А БӨЛІГІ
- Сұрау салынатын мемлекет берген виза және (немесе) тұруға рұқсат;
- тиісті адамның жол жүру құжатындағы келу (кету) туралы мөртабандар немесе келудің (кетудің) өзге де дәлелдемелері.
В БӨЛІГІ
- осы Қосымшаның А бөлігінде аталған құжаттардың кез келгенінің көшірмелері.
6-қосымша
[Елтаңба......]
_____________________________________________________________________
(Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органының атауы (орны мен күні)
Кімге _______________________________________________________________
(Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің
арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің 5-бабына сәйкес
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТ
А. Дербес деректер |
|
4. Тұрғылықты мекенжайы немесе тұрақты тұратын жері _________________
_____________________________________________________________________
5. Азаматтығы және тілі _____________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Отбасы жағдайы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
үйленген тұрмыста бойдақ ажырасқан тұл ер адам, (жесір) әйел
7. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және т.б.) ________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, адам пайдаланатын өзге де аттары немесе бүркеншек аттары)
_____________________________________________________________________
Жұбайының аты (егер үйленген, тұрмыста болса)
_____________________________________________________________________
Балаларының аттары және жасы (егер болса)
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салушы мемлекеттегі соңғы мекенжайы
_____________________________________________________________________
В. ЖҰБАЙЫНЫҢ (ЗАЙЫБЫНЫҢ) ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІ (ЕГЕР БОЛСА)
1. Толық аты (тегінің астын сызыңыз)
_____________________________________________________________________
2. Бұрынғы тектері __________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Туған күні және жері ____________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және т.б.) ________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, адам пайдаланылатын өзге де аттары, белгілі бүркеншек аттары) ________________________________
_____________________________________________________________________
6. Азаматтығы және тілі:_____________________________________________
_____________________________________________________________________
С. БАЛАЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІ (ЕГЕР БОЛСА)
1. Толық аты (тегінің астын сызыңыз) ________________________________
_____________________________________________________________________
2. Туған күні және жері _____________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және т.б.) ________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Азаматтығы және тілі _____________________________________________
_____________________________________________________________________
D. Қоса берілетін дәлелдемелер
1. _________________________
(құжаттың атауы, №)
_________________________
(берілген күні мен орны)
_________________________
(берген орган)
(қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
Е. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (мысалы, ерекше медициналық күтім қажеттілігін ықтимал көрсету, аурудың латынша атауы): ____________________________
_____________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (мысалы, құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті, агрессивті мінез-құлыққа бейімділігі): _______
_____________________________________________________________________
3. Адамды беру тәсілі мен мемлекеттік шекара арқылы ету пункті ______
_____________________________________________________________________
F. Ескертулер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Cұрау салушы мемлекеттің құзыретті
органы өкілінің қолы
Лауазымы, аты мен тегі
_________________________
қолы
М.О.
7-қосымша
[ЕЛТАҢБА......]
_____________________________________________________________________
(Сұрау салушы мемлекеттің (орны мен күні) құзыретті органының атауы)
Кімге _______________________________________________________________
(Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің
арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің 12-бабына сәйкес
ТРАНЗИТ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТ
А. Дербес деректер |
|
4. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және т.б.) ________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, адам пайдаланылатын өзге де аттары, белгілі бүркеншек аттары) ________________________________
_____________________________________________________________________ 6. Азаматтығы және тілі:_____________________________________________
_____________________________________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Транзит түрі:
әуе су жерүсті
2. Соңғы баратын мемлекет: __________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Басқа транзит мемлекеттер: _______________________________________
_____________________________________________________________________
4. Мемлекеттік шекара арқылы етуге ұсынылған пункт, күні, уақыты және ықтимал еріп жүру: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Транзиттің кез келген басқа мемлекеті және соңғы баратын мемлекет қабылдауға кепілдік берген (Келісімнің 11-бабының 2-тармағы)
иә жоқ
6. Транзиттен бас тарту себептері туралы мәліметтер (Келісімнің 11-бабының 4-тармағы)
бар жоқ
С. Ескертулер
Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті
органы өкілінің қолы
_________________________________
М.О.
Лауазымы, аты және тегі
_______________
қолы