Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 407 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы
хаттама (2016 жылғы 27 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 3, 41-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      2005 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағында экология және табиғатты пайдалану жөніндегі келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабын назарға ала отырып,

      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалдау шартының (бұдан әрі - Жалдау шарты) ережелерін негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Жалпы ережелер

      "Байқоңыр" кешеніндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың (ведомстволық тиесілігіне қарамастан) әрекеттері төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зілзаланың туындауына әкеп соқтырған жағдайларды қоспағанда, "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің,басқа да заңды тұлғалардың (ведомстволық тиесілігіне қарамастан) табиғи ресурстарды пайдаланумен және қоршаған ортаға әсер етумен байланысты шаруашылық және өзге де қызметі осы Хаттаманы және "Байқоңыр" кешені бойынша басқа да екіжақты келісімдерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) нормаларына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті регламенттейтін және осы Хаттаманы жасау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Осы әрекеттерге қатысты оларды анықтау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы қолданылады.

2-бап. Тараптардың уәкілетті органдары

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Тараптардың уәкілетті органдары:

      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      Ресей тарапынан - Федералдық ғарыш агенттігі және Байқоңыр қаласының әкімшілігі болып табылады.

3-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама

      Тараптардың уәкілетті органдары "Байқоңыр" ғарыш айлағында пайдалануға жоспарланып отырған ресейлік зымыран-ғарыш техникасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітеді.

      Ресей Федерациясының мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері "Байқоңыр" ғарыш айлағында пайдалануға Ресей тарапы жоспарлап отырған зымырандар мен тасымалдағыш зымырандардың перспективалық үлгілеріне жобалық материалдар болып табылады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері Жалдау шартына 2 қосымшаға енгізілмеген, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөлшектерінің құлау аудандарының қоршаған ортаға әсер етуін бағалау материалдары, қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың бірге жүретін материалдары бар "Байқоңыр" кешені объектілерінің жоспарланып отырған шаруашылық қызметінің жобалары, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер етуді бағалау материалдарымен бірге жүретін құрылыс, реконструкциялау, дамыту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу және жою жобалары, "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеп тұрған объектілері үшін қоршаған ортаға ластаушы заттардың эмиссиялары нормативтерінің (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) жобалары болып табылады.

      "Байқоңыр" кешенінің объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындылары қолданылатын табиғат пайдалану технологиялары мен шарттары өзгергенге дейін қолданыста болады.

4-бап. Табиғат пайдалану

      "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілері үшін Тараптардың уәкілетті органдары келіскен нысан бойынша табиғат қорғау іс- шараларының бірыңғай жоспары әзірленеді, ол орындау үшін міндетті болып табылады.

5-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) үшін төлемақы

      "Байқоңыр" ғарыш айлағының жалға алынған объектілері көздері болып табылатын, "Байқоңыр" кешенінің объектілеріне қатысты қолданылатын қоршаған ортаға эмиссияның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы келіскен нормативтері (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) шегінде қоршаған ортаға эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) үшін төлемақы алынбайды.

      "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілері көздері болып табылатын қоршаған ортаға эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру), келісілген нормативтерінен тыс эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) үшін төлемақы "Байқоңыр" кешені объектілерін пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар, әскери бөлімдер, басқа да заңды тұлғалар (бұдан әрі - табиғат пайдаланушылар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Төлемақы мөлшерлемелері төлемдерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында қолданылатын мөлшерлемелерге ұқсас айқындалады. "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілері көздері болып табылатын қоршаған ортаға эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру), келісілген нормативтерінен тыс эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) үшін төлемақы Байқоңыр. қаласының бюджетіне түседі, түсетін қаражат кейіннен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталады.

      Байқоңыр қаласының аумағында шығарылатын қоршаған ортаға эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) үшін төлемақы Байқоңыр қаласының әкімшілігі басшысының қаулысына сәйкес жүзеге асырылып, Байқоңыр қаласының бюджетіне төленеді, түсетін қаражат кейіннен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталады.

      1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге сәйкес Байқоңыр қаласының әкімшілігінде тіркелмеген және "Байқоңыр" ғарыш айлағының аумағында жұмыс істейтін казақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар көздері болып табылатын қоршаған ортаға эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Төлемақы мөлшерлемері төлемдерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында қолданылатын мөлшерлемелерге ұқсас айқындалады. Эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының бюджетіне түседі.

      Зымырандар мен тасымалдағыш зымырандарды ұшыру кезінде атмосфераға келісілген эмиссия нормативтері (шығарындылары) Ресей Федерациясының мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы бар қоршаған ортаға әсер етуді бағалау материалдарында көрсетілген ластаушы заттардың көлемдері мен құрамы болып табылады. Көрсетілген нормативтер "Байқоңыр" кешенін Ресей тарапының жалға алуы аяқталғанға дейін қолданылады.

      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандар мен тасымалдағыш зымырандарды ұшыру кезінде озон қабатына әсер етудің жол берілетін нормативтері қолданылмайды.

6-бап. Экологиялық мониторинг

      "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы экологиялық мониторинг мемлекеттік және өндірістік экологиялық мониторинг түрінде жүзеге асырылады.

      "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы мемлекеттік экологиялық мониторингті (қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингін) Қазақстан Республикасының арнайы уәкілетті мемлекеттік органдары Кодекске сәйкес жүзеге асырады.

      Мемлекеттік экологиялық мониторингті жүзеге асыратын тұлғалардың "Байқоңыр" кешенінің объектілеріне кіруі 2009 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің объектілеріне бару тәртібі туралы келісімде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Өндірістік экологиялық мониторинг өндірістік экологиялық бақылау элементі болып табылады және оны табиғат пайдаланушылар белгіленген мерзімділікпен объективті деректер алу үшін жүзеге асырады.

      Экологиялық мониторингті жүзеге асыру кезінде Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес аттестатталған ластанушылардың болуына қоршаған орта объектілерін талдау әдістемелері ғана пайдаланылуы мүмкін.

7-бап. Экологиялық паспорттау

      Ресей тираны "Байқоңыр" ғарыш айлағын экологиялық паспорттауды қамтамасыз етеді.

      Экологиялық паспорттауды жүргізу тәртібін, "Байқоныр" ғарыш айлағының объектілеріне арналған экологиялық паспорттар нысандарын, сондай-ақ статистикалық есептілік нысандарын Тараптардың уәкілетті органдары белгілейді.

8-бап. Экологиялық бақылау

      "Байкоңыр" кешенінің аумағындағы экологиялық бақылау мемлекеттік және өндірістік экологиялық бақылау түрінде жүзеге асырылады.

      "Байкоңыр" кешенінің аумағындағы мемлекеттік экологиялық бақылау Келісімді ескере отырып, Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

      Өндірістік экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушылар әзірлейтін және Қазақстан тарапының уәкілетті органдарымен келісілген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негізінде табиғат пайдаланушылар жүргізеді.

9-бап. Экологиялық аудит

      "Байқоңыр" кешенінің аумағында міндетті экологиялық аудит қолданылмайды. Бастамашылық экологиялық аудит Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

10-бап. Экологиялық ақпарат

      Осы баптың мақсаттары үшін экологиялық ақпарат деп "Байқоңыр" кешенінің аумағында экологиялық мониторингті жүзеге асыру кезінде алынған немесе экологиялық бағыттағы бірлескен бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде алынған ақпарат түсініледі.

      Экологиялық ақпаратқа кез келген үшінші тұлғалардың қол жеткізуі көрсетілген ақпаратты қамтитын материалдарды Келісімнің 6-бабына сәйкес құрылған ғылыми-техникалық кеңес мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      Уәкілетті органдар мен табиғат пайдаланушыларды қоса алғанда, мемлекеттік билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар арасында экологиялық ақпарат алмасу кезінде берілетін ақпаратпен жұмыс істеуде қосымша шектеулер жазбаша келісілуі мүмкін.

      Уәкілетті органдар мен табиғат пайдаланушыларды қоса алғанда, қазақстандық мемлекеттік билік органдарының, кәсіпорындардың және ұйымдардың иелігіндегі экологиялық ақпаратпен жұмыс істеу тәртібі оны алу кезінде келісілген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Уәкілетті органдар мен табиғат пайдаланушыларды қоса алғанда, ресейлік мемлекеттік билік органдарының, кәсіпорындардың және ұйымдардың иелігіндегі экологиялық ақпаратпен жұмыс істеу тәртібі оны алу кезінде келісілген шектеулерді ескере отырып, Ресей Федерациясы заңнамасына сәйкес айқындалады.

11-бап. Дауларды шешу

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) орындауға байланысты Тараптар арасында даулар туындаған жағдайларда, Тараптар немесе уәкілетті органдар оларды реттеуге қол жеткізу үшін консультациялар немесе келіссөздер жүргізеді.

12-бап. Қорытынды ережелер

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Хаттаманың күшіне енуіне қатысты белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша нысандағы соңғы хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап, бірақ Келісім күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қолданыста болады.

      2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.

Қазақстан Республикасының

Ресей Федерациясының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін


Об утверждении Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке деятельности предприятий и организаций, воинских частей, других юридических лиц на территории комплекса "Байконур" в части, касающейся вопросов охраны окружающей среды

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июня 2015 года № 407.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Протокол между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке деятельности предприятий и организаций, воинских частей, других юридических лиц на территории комплекса "Байконур" в части, касающейся вопросов охраны окружающей среды, совершенный в Москве 23 декабря 2014 года.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


Протокол
между Правительством Республики Казахстан и Правительством
Российской Федерации о порядке деятельности предприятий и
организаций, воинских частей, других юридических лиц на
территории комплекса "Байконур" в части, касающейся вопросов
охраны окружающей среды Вступил в силу 27 февраля 2016 года - Бюллетень международных договоров РК 2016 г., № 3, ст. 41

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, далее именуемые Сторонами,

      принимая во внимание статью 2 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации по экологии и природопользованию на территории комплекса "Байконур" в условиях его аренды Российской Федерацией от 2 июня 2005 года (далее — Соглашение),

      основываясь на положениях Договора аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года (далее - Договор аренды),

      согласились о нижеследующем:

Статья 1. Общие положения

      Хозяйственная и иная деятельность предприятий и организаций, воинских частей, других юридических лиц (независимо от ведомственной принадлежности), связанная с использованием природных ресурсов и воздействием на окружающую среду на территории комплекса "Байконур", осуществляется в соответствии с нормами Экологического кодекса Республики Казахстан (далее - Кодекс) и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан, регламентирующими деятельность в области охраны окружающей среды и действующими на момент заключения настоящего Протокола, с учетом настоящего Протокола и других двусторонних соглашений по комплексу "Байконур", за исключением случаев, когда действия предприятий и организаций, воинских частей, других юридических лиц (независимо от ведомственной принадлежности) на комплексе "Байконур" повлекли наступление чрезвычайной экологической ситуации или экологического бедствия. В отношении данных действий применяется экологическое законодательство Республики Казахстан, действующее на момент их выявления.

Статья 2. Уполномоченные органы Сторон

      Для целей настоящего Протокола уполномоченными органами Сторон являются:

      от Казахстанской Стороны - Министерство энергетики Республики Казахстан;

      от Российской Стороны - Федеральное космическое агентство и администрация города Байконыр.

Статья 3. Государственная экологическая экспертиза

      Уполномоченные органы Сторон утверждают Порядок взаимодействия уполномоченных государственных органов Республики Казахстан и Российской Федерации при проведении государственной экологической экспертизы российской ракетно-космической техники, планируемой к использованию на космодроме "Байконур".

      Объектами государственной экологической экспертизы Российской Федерации являются проектные материалы на перспективные образцы ракет и ракет-носителей, планируемых Российской Стороной к использованию на космодроме "Байконур".

      Объектами государственной экологической экспертизы Республики Казахстан являются материалы оценки воздействия на окружающую среду районов падения отделяющихся частей ракет-носителей, запускаемых с космодрома "Байконур", не включенных в приложение 2 к Договору аренды, проекты планируемой хозяйственной деятельности объектов комплекса "Байконур" с сопровождающими их материалами оценки воздействия на окружающую среду, а также проекты строительства, реконструкции, развития, технического перевооружения, перепрофилирования и ликвидации, сопровождаемые материалами оценки воздействия на окружающую среду, проекты нормативов эмиссий (выбросов, сбросов, размещения отходов) загрязняющих веществ в окружающую среду для существующих объектов комплекса "Байконур".

      Положительные заключения государственной экологической экспертизы Республики Казахстан в отношении объектов комплекса "Байконур" действуют до изменения применяемых технологий и условий природопользования.

Статья 4. Природопользование

      Для объектов космодрома "Байконур" разрабатывается единый план природоохранных мероприятий по форме, согласованной с уполномоченными органами Сторон, который является обязательным для исполнения.

Статья 5. Плата за эмиссии (выбросы, сбросы, размещение отходов) в окружающую среду

      Плата за эмиссии (выбросы, сбросы, размещение отходов) в окружающую среду, источниками которых являются арендованные объекты космодрома "Байконур", в пределах согласованных уполномоченным органом Республики Казахстан нормативов эмиссии (выбросов, сбросов, размещения отходов) в окружающую среду, действующих в отношении объектов комплекса "Байконур", не взимается.

      Плата за эмиссии (выбросы, сбросы, размещение отходов) в окружающую среду, источниками которых являются объекты космодрома "Байконур", сверх согласованных нормативов эмиссий (выбросов, сбросов, размещения отходов) осуществляется предприятиями и организациями, воинскими частями, другими юридическими лицами, эксплуатирующими объекты комплекса "Байконур" (далее - природопользователи) в порядке, установленном Налоговым кодексом Республики Казахстан. Ставки платы определяются по аналогии со ставками, действующими в Кызылординской области Республики Казахстан на момент осуществления платежей. Плата за эмиссии (выбросы, сбросы, размещение отходов) в окружающую среду, источниками которых являются объекты космодрома "Байконур", сверх согласованных нормативов эмиссий (выбросов, сбросов, размещения отходов) поступает в бюджет города Байконыр с последующим направлением поступающих средств на финансирование программ по охране окружающей среды.

      Плата за эмиссии (выбросы, сбросы, размещение отходов) в окружающую среду, которые производятся на территории города Байконыр, осуществляется в соответствии с постановлением главы администрации города Байконыр в бюджет города Байконыр с последующим направлением поступающих средств на финансирование программ по охране окружающей среды.

      Плата за эмиссии (выбросы, сбросы, размещение отходов) в окружающую среду, источниками которых являются казахстанские предприятия и организации, не зарегистрированные в администрации города Байконыр в соответствии с Соглашением между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года и действующие на территории космодрома "Байконур", осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. Ставки платы определяются по аналогии со ставками, действующими в Кызылординской области Республики Казахстан на момент осуществления платежей. Плата за эмиссии (выбросы, сбросы, размещение отходов) поступает в бюджет Кызылординской области Республики Казахстан.

      Согласованными нормативами эмиссий (выбросов) в атмосферу при пусках ракет и ракет-носителей являются объемы и состав загрязняющих веществ, указанные в материалах оценки воздействия на окружающую среду, в отношении которых имеется положительное заключение государственной экологической экспертизы Российской Федерации. Указанные нормативы действуют до окончания аренды Российской Стороной комплекса "Байконур".

      Нормативы допустимого воздействия на озоновый слой при пусках ракет и ракет-носителей с космодрома "Байконур" не применяются.

Статья 6. Экологический мониторинг

      Экологический мониторинг осуществляется на территории комплекса "Байконур" в виде государственного и производственного экологического мониторинга.

      Государственный экологический мониторинг (мониторинг окружающей среды и природных ресурсов) осуществляется на территории комплекса "Байконур" специально уполномоченными государственными органами Республики Казахстан в соответствии с Кодексом.

      Допуск лиц, осуществляющих государственный экологический мониторинг, на объекты комплекса "Байконур" производится в порядке, установленном Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке посещения объектов комплекса "Байконур" от 21 мая 2009 года.

      Производственный экологический мониторинг является элементом производственного экологического контроля и осуществляется природопользователями для получения объективных данных с установленной периодичностью.

      При осуществлении экологического мониторинга могут использоваться только методики анализов объектов окружающей среды на наличие загрязнений, аттестованные в соответствии с законодательствами государств Сторон.

Статья 7. Экологическая паспортизация

      Российская Сторона обеспечивает экологическую паспортизацию космодрома "Байконур".

      Порядок проведения экологической паспортизации, формы экологических паспортов, а также формы статистической отчетности в отношении объектов космодрома "Байконур" устанавливаются уполномоченными органами Сторон.

Статья 8. Экологический контроль

      Экологический контроль на территории комплекса "Байконур" осуществляется в виде государственного и производственного экологического контроля.

      Государственный экологический контроль на территории комплекса "Байконур" осуществляется в соответствии с Кодексом с учетом Соглашения.

      Производственный экологический контроль проводится природопользователями на основе программы производственного экологического контроля, разрабатываемой природопользователями и согласованной с уполномоченными органами Казахстанской Стороны.

Статья 9. Экологический аудит

      Обязательный экологический аудит на территории комплекса "Байконур" не применяется. Инициативный экологический аудит проводится в порядке, установленном Кодексом.

Статья 10. Экологическая информация

      Для целей настоящей статьи под экологической информацией понимается информация, полученная при осуществлении экологического мониторинга на территории комплекса "Байконур" или полученная в результате реализации совместных программ экологической направленности.

      Доступ к экологической информации любых третьих лиц может осуществляться только после одобрения научно-техническим советом, созданным в соответствии со статьей 6 Соглашения, материалов, содержащих указанную информацию.

      При обмене экологической информацией между органами государственной власти, предприятиями, организациями, включая уполномоченные органы и природопользователей, могут письменно оговариваться дополнительные ограничения в обращении с передаваемой информацией.

      Порядок обращения с экологической информацией, находящейся в распоряжении казахстанских органов государственной власти, предприятий и организаций, включая уполномоченные органы и природопользователей, определяется в соответствии с законодательством Республики Казахстан с учетом ограничений, оговоренных при ее получении.

      Порядок обращения с экологической информацией, находящейся в распоряжении российских органов государственной власти, предприятий и организаций, включая уполномоченные органы и природопользователей, определяется в соответствии с законодательством Российской Федерации с учетом ограничений, оговоренных при ее получении.

Статья 11. Разрешение споров

      В случае возникновения между Сторонами споров, связанных с толкованием и (или) исполнением положений настоящего Протокола, Стороны или уполномоченные органы проводят консультации или переговоры для достижения урегулирования.

Статья 12. Заключительные положения

      По взаимному согласию Сторон в настоящий Протокол могут быть внесены изменения и дополнения, которые вступают в силу в порядке, установленном в отношении настоящего Протокола.

      Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу, но не ранее даты вступления в силу Соглашения.

      Настоящий Протокол действует в течение срока действия Соглашения.

      Совершено в городе Москве 23 декабря 2014 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.

За Правительство

За Правительство

Республики Казахстан

Российской Федерации