Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шартын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2195 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Москва қаласында қол қойылған "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шарты бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалдау туралы
ШАРТ

      (1995 жылғы 25 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2011 ж., № 6, 75-құжат)

      Бұдан әрі Жалға беруші және Жалға алушы немесе Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1994 жылғы 28 наурыздағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келісімге сүйене отырып, "Байқоңыр" кешенін сақтауға, ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-мәдени потенциалы мен инфрақұрылымдарын тиімді пайдалану мен дамытуға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мүдделі екендігін ескере келе, екі елдің одақтастық мүдделерінің стратегиялық контекстегі "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істеуін есептей келе, ғарыш айлағы мен Ленинск қаласының сынау, технологиялық объектілері мен қамтамасыз етуші инфрақұрылымы, олардың қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктері біртұтас ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік "Байқоңыр" кешенін құрайтындығын тани отыра, Тараптардың мүдделерінің есебімен "Байқоңыр" кешенін жалдау мен пайдалануда Жалға беруші мен Жалға алушының құқы мен міндетін реттеу шартының қажеттілігін ескере отырып, төмендегілер туралы осы шартты жасады:

      1-бап Қолданыстағы түсініктер мен терминдер

      1.1 "Байқоңыр" кешені - "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Ленинск қаласының, олардың қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктері, сынау, технологиялық, ғылыми, өндірістік-техникалық, әлеуметтік және қамтамасыз ету объектілері.

      1.2 "Байқоңыр" ғарыш айлағы - оған технологиялық, техникалық, қамтамасыз етуші және әкімшілік-қызмет объектілері орналасқан "Байқоңыр" кешеніне кіретін және ғарыш бағдарламаларын орындауға арналған аумақ.

      1.3 Ленинск қаласы - оның аумағында жалдау жағдайында жұмыс істеу үшін "Байқоңыр" кешенінің объектілері, "Байқоңыр" ғарыш айлағы қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен қаланың басқа тұрғындары үшін қажетті коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени жағдайлар жасайтын, сондай-ақ, басқа да объектілер орналасқан Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі.

      1.4 "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілері техникалық, ұшырғыш, қондырғыш және өлшегіш кешендері, іздеп-құтқару қызметінің объектілері*, сақтау қоймалары, құятын-бейтараптандыратын станциялар, құрылыстар, пәтерлі үйлер, әкімшілік ғимараттары мен қызмет жайлары, әлеуметтік орта объектілері, бұл кешендер мен қызметтердің басқа да элементтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан мүліктерге, жер учаскелері мен қажетті санитарлық-қорғаушылық зоналарға, ракета ұшырғыштың ажыратқыш бөлшектерінің құлайтын аудандарына бөлінген жер учаскелерін қоса алғанда сай келетін басқа да объектілер.

      1.5 "Байқоңыр" кешенін қамтамасыз ету объектілері - байланыс жүйелерінің, телевизиялық және радио хабарларын тарату, жылумен, сумен, энергиямен, газбен жабдықтау және канализациялық, тас және темір жолдар, инженерлік жүйелер, автокөлік, жылжымалы темір жол составының, әуе айлағы, авиациялық және әуе айлағының техникалық объектілері, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағының жұмыс істеуі мен Ленинск қаласына лайықты мүліктер, жер учаскелері мен қажетті санитарлық-қорғаушылық зоналар үшін қажетті жағдайлар жасайтын басқа да объектілер.

      1.6 Ғарыш айлағының қызметшілері - Ресей Федерациясының әскер құрамасындағы әскери қызметкерлер, ғарыш айлағы объектілерінде және "Байқоңыр" кешеніндегі объектілерді қамтамасыз ететін тұрақты және уақытша негізде жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік өкімет органдары мен басқармаларының, кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының осы объектілерге іссапарға жіберілген азаматтары, сондай-ақ Ленинск қаласында, Төре-Там мен Ақай поселкелерінде тұратын ғарыш айлағының зейнеткерлері.

      1.7 Ғарыш айлағы қызметшілерінің отбасы мүшелері - ғарыш айлағы қызметшілерінің зайыптары, балалары, туысқандары, сондай-ақ олармен бірге тұратын және олардың асырауындағы адамдар.

      1.8 Ленинск қаласының әкімшілігі - Ленинск қаласындағы әкімшіліктің әкіміне бағынышты өкіметтің орындаушылық органдары.

      1.9 Ресей Федерациясының әскер құрамасы - осы Шарт шеңберіндегі ракеталы-ғарыштық бағдарламаларды орындауға байланысты "Байқоңыр" кешеніндегі объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Ресей Федерациясының әскери бөлімдері, әскери өкілдігі, мекемелері мен басқа да әскери бөлімшелері.

      ___________________
*Іздеп құтқару қызметінің объектілерін жалдау шарты мен қолдану тәртібі бөлек келісіммен анықталады.

      2-бап Шарттың тақырыбы

      Жалға беруші тапсырады, Жалға алушы "Байқоңыр" кешенін жалға қабылдап алады. "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен оның жер учаскелері орналасқан координаттары осы Шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын, N 1 және 2 қосымшаларда келтірілген.

      3-бап Жалдау мақсаттары

      3.1 Жалға алушы "Байқоңыр" кешенін:

      - Ресей Федерациясының азаматтық және қорғаныстық ракеталы-ғарыштық бағдарламаларын;

      - Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының және басқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің бірлескен ғарыштық жобаларын;

      - халықаралық ғарыштық бағдарламалары мен коммерциялық ғарыштық жобаларын жүзеге асыру үшін пайдаланады.

      3.2 Ғарыштық зерттеулер мен аралас бағдарламаларды жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін Жалға алушы "Байқоңыр" кешенінің материалдық-техникалық, технологиялық және ғылыми-зерттеу базасын қолдайды және дамытады, сондай-ақ Жалға берушінің қатысумен инфрақұрылымдарды қамтамасыз ететін материалдық-техникалық және технологиялық базаларды қолдау мен дамытуды жүзеге асырады.

      3.3 "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін Жалға алушы Жалға берушінің қатысуымен Ленинск қаласының әлеуметтік-тұрмыстық ортасы мен инфрақұрылымын және "Байқоңыр" кешенін жабдықтайтын объектілерді қолдайды және дамытады.

4-бап Жалға беру мерзімі

      "Байқоңыр" кешені 2050 жылға дейін жалға беріледі.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 24.06.2021 № 54-VII Заңымен.

      5-бап Жалдау ақысы және есеп айырысу тәртібі

      5.1 Жалға алушыға берілетін "Байқоңыр" кешені объектілерінің жалдау ақысы жылына 115 (жүз он бес) миллион АҚШ долларынан тұрады. Жалдау ақысының бөлігі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы уағдаластық бойынша өтемдік негізде өтелуі мүмкін. Жалға алушы су қорларын пайдалану құқығын қоса алғанда, "Байқоңыр" кешенін пайдалануға байланысты Жалға берушіге басқа төлемдерді, салымдарды және алымдарды төлемейді.

      5.2 1994 жылға жалдау ақысының сомасы осы Шарттың қол қойылған датасына қарамастан 115 миллион АҚШ доллары көлемінде белгіленеді. Сонымен, 1994 жылдың бірінші жарты жылдығына есеп айырысу осы Шарт күшіне енгеннен кейін кем дегенде 30 күннен кешіктірілмей, жылдық жалдау ақысының жартысы мөлшерінде жүргізіледі. Қалған сомалар осы Шарт күшіне енгеннен кейін 90 күн ішінде өтеледі.

      5.3 Жалдауға есеп айырысуды, 1995 жылдан бастап, келесі тоқсанның бірінші айындағы 15 күнге дейін жылдық соманың төрттен бір бөлігі көлемінде тең үлеспен тоқсан сайын Жалға алушы жүргізеді.

      Жалдау ақысы бойынша өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі Тараптардың бөлек келісімімен анықталады.

      6-бап Жалдау шарттары

      6.1 1991 жылдың 31 тамызына дейінгі жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен мүліктері оның меншігі болып табылады. 1991 жылдың 31 тамызынан кейін жасалған, сатып алынған және жеткізілген қозғалмайтын және қозғалмалы мүлікке меншік құқығы оны жасауды, сатып алуды және жеткізуді қаржыландыруды жүзеге асырған Тарапқа беріледі. Үлестік қаржыландыру жағдайындағы меншік құқығы жекелеген келісімдермен айқындалады.

      6.2 Жалға алушы өз есебінен жалданған объектілерге ағымдағы, күрделі жөндеу мен қайта құру жүргізеді.

      Жалдау мерзімі бітуіне байланысты Жалға алушы объектілер мен мүліктерді қайтаруда олар Жалға берушіге аммортизациялық (пайдаланушылық) нормаларда қалыптасқан, шын мәніндегі тозу дәрежесін есептей отырып, пайдалануға жағдайы жарамды күйде қайтарады.

      Егер, осы Шарттық қолданыстағы уақытында кейбір жалданған объектілер мен мүліктердің амортизациялық (пайдалану) мерзімі өткен жағдайларда, сондай-ақ оларды істеп шығарған немесе Жалға алушының кінәсіздігінен жойылған жағдайларда, соңғысы Жалға берушіге алдын ала хабарлап, бірлескен акті жасап, көрсетілген объектілер мен мүліктерді, жалданған объектілер мен мүліктердің құрамынан шығарып тастауға қақылы. Жалданған ғимараттардың, құрылыстардың және мүліктердің амортизациялық мерзімі олардың техникалық және пайдалану құжаттарынан анықталады.

      6.3 Жалға алушы жалданған мүліктердің бөлінетіндерін жақсартуға, ал, Жалға берушінің жазбаша келісімімен және бөлінбейтіндеріне жақсарту енгізуге қақылы. Жалға алушы жалданған объектілер мен мүліктер (қайта құру, күрделі құрылыс, техникалық қайта жабдықтау; құрал-саймандарды ауыстыру үшін зиян келтірмей бөлінетін немесе бөлінбейтіндерге меншік қаражатының есебінен жақсарту жүргізген жағдайда, ол жалдау Шартының мерзімі біткен соң оларға тиісінше меншік қақысын немесе осы жақсартудың қалдық құнын қайтарып алуға қақылы.

      6.4 Егер, Жалға алушы жалданған мүліктер үшін зиян келтірмей бөлінбейтінге жақсарту, сондай-ақ Жалға берушінің келісімінсіз объектілерге құрылыс жүргізгенде, онда осы Шарттың әрекеті тоқтатылғаннан кейін жалданған мүліктердің бөлінбейтіндеріне жақсарту жүргізілгендері, сондай-ақ жаңадан салынған объектілер Жалға алушыға оның күні өтеусіз күйінде Жалға берушінің меншігіне өтеді.

      6.5 "Байқоңыр" кешенін осы Шарттың мақсатына пайдалану нәтижесінде Жалға алушының алған өнімі мен табысы оның меншігі болып табылады.

      6.6 Жалға беруші немесе Жалға алушы қайта ұйымдастырылғанымен осы Шарттың жағдайын өзгертуге немесе әрекетін тоқтатуға негіз бола алмайды.

      6.7 Жалға берушінің ғарыш жобаларын, бірінші кезекте, спутникпен байланыстар саласын және Қазақстанның табиғат қорларын зерттеулерді, бірлескен құрылымдар жасауда, оның ішінде ғылыми-зерттеушілік, жобалық, тәжірибе құрастырушылық пен технологиялық мекемелер мен ұйымдарды, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері мен ғарыштық техникалары бойынша мамандар дайындауды жүзеге асыруына Жалға алушы шарттық негізде көмек көрсетеді.

      6.8 Тараптар насихаттық және жарнамалық мақсаттарда "Байқоңыр" кешенінің символын пайдалануға бірдей құқықтары бар.

      6.9 Ленинск қаласы әкімшілігінің әкімін - Ресей Тарапының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті бірлесіп тағайындайды.

      Осы Шарттың қолданыстағы кезінде Ленинск қалалық Әкімшілігі әкімінің ұсынысы бойынша Жалға алушы Ленинск қалалық әкімшілігін құрады.

      6.10 Ленинск қаласының тіршілік әрекетін қаржыландыру мен оның инфрақұрылымын ұстау Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы, оның заңдарында қарастырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Ленинск қаласын қаржыландыруға қатысады.

      Қаржыландыру көлемін Тараптар жыл сайын анықтап отырады. Қаражатты жұмсауды Ленинск қаласының Әкімшілігі "Байқоңыр" кешені жөніндегі Ресей - Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының қатысуымен және бақылауымен жүзеге асырады.

      6.11 Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Ресей Федерациясының Президенті "Байқоңыр" ғарыш айлағының командирін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады.

      6.12 "Байқоңыр" кешенінің аумағында Ресей Федерациясының әскери қызметшілеріне, жай қызметші адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты Ресей Федерациясының заңдары қолданылады және оның құзыретті органдары әрекет етеді.

      "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін Ресей Федерациясы кешен қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің ішінен Ресей Федерациясының азаматтарына, сондай-ақ көрсетілген адамдардың отбасы мүшелері болып табылатын Ресей Федерациясының басқа да азаматтарына қатысты, олар Ресей Федерациясы мен оның азаматтарына қарсы құқыққа қарсы әрекет жасаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы "Байқоңыр" кешенінен тыс жерде әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты жасалған әскери қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жағдайында Ресей Федерациясының заң құзырлығы жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының заң құзырлығы жүзеге асырылады.

      "Байқоңыр" кешенінің аумағында олардың заңнамасын қолдану кезінде Тараптар мемлекеттерінде құқық қорғау органдарының заң құзырлығы мен өзара іс-қимыл мәселелері бөлек келісіммен айқындалады.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық құқықтарын Ленинск қаласына орналасқан оның құзыретті органдары (сот, прокуратура) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.

      6.13 "Байқоңыр" кешенінде құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті, ерекше режим мен күзетті Жалға алушы орнатады және қамтамасыз етеді.

      6.14 "Байқоңыр" кешеніндегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы ұйымдарының, кәсіпорындары мен әскери бөлімдерінің әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін, осы Шартты орындауда құрамында "Байқоңыр" ғарыш айлағының командирі (төраға), Ленинск қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі, Ресей ғарыш агенттігінің өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің өкілі, Ресей Федерациясы Әскери-ғарыш күштерінің өкілі бар "Байқоңыр" кешенінің Үйлестіру кеңесі құрылады. Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы мен ол туралы ережені "Байқоңыр" кешені жөніндегі Ресей - Қазақстан Үкіметаралық комиссиясы бекітеді.

      6.15 "Байқоңыр" кешенінің аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыс бастылығын кәсіптік даярлығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері, Қазақстан Республикасы Тарапынан ғарыш айлағы объектілерінің сақталуы мен пайдалану жағдайларын, "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы экология мен табиғатты пайдалануды бақылау, "Байқоңыр" кешеніндегі объектілерде олар орындайтын арнаулы жұмыстарға Қазақстан Республикасының азаматтарын іздеп-құтқару қызметіндегі объектілерді пайдаланудың жағдайы мен тәртібі, басқа да шаруашылық пен әлеуметтік мәселелер Тараптармен келісілген жеке келісімдер, хаттамалар және регламенттер арқылы реттеледі.

      6.16 Осы Шарттың мақсаттарын жүзеге асыруға байланысты, өзара жеткізіліп тұратын өнімдер мен жұмыстарға (қызметтерге), сондай-ақ ғарыштық қызметтерге Тараптардың заңды ұйымдары арасындағы есеп айырысулар Тараптардың өз тұтынушыларына белгіленген баға мен тариф бойынша келісімдік негізде жүзеге асырылады.

      6.17 Жалдаудың қосымша шарттары, осы Шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын N 3 Қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2011 № 447-IV Заңымен.

      7-бап Кешенді қабылдап алу-тапсыру тәртібі

      7.1 "Байқоңыр" кешенін қабылдап алу-тапсыру "Байқоңыр" кешені жөніндегі Ресей - Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының басшылығымен арнайы құрылған комиссия арқылы жүзеге асырылады.

      7.2 "Байқоңыр" кешенінің объектілері оның техникалық және пайдалану құжаттамасы мен олардың іс жүзіндегі жай-күйіне сәйкес қабылдап алынады және тапсырылады. Қабылдап алу-тапсыру нәтижесінде екі данада (Тараптардың әрқайсысына бір данадан) акті жасалынады. Объектілерді қабылдап алу-тапсыру актісін "Байқоңыр" кешені жөніндегі Ресей - Қазақстан Үкіметаралық комиссия бекітеді.

      8-бап. Құқықтар мен міндеттер

      8.1 Жалға берушінің:

      а) "Байқоңыр" кешеніндегі объектілердің сақталуы мен пайдалану жағдайын бақылауды жүзеге асыруына;

      б) бірлескен ғарыштық жобалар мен аралас бағдарламаларды, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенін пайдаланып халықаралық ғарыш бағдарламалары мен коммерциялық ғарыш жобаларын орындауда артықшылықпен қатысуына құқығы бар.

      8.2 Жалға беруші:

      а) осы Шарттың 7-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес осы Шартқа қол қойған күннен бастап екі ай ішінде "Байқоңыр" кешенін Жалға алушыға беруге;

      б) "Байқоңыр" кешенінің объектілерін белгілі мақсат бойынша Жалға алушының тікелей немесе қосалқы пайдалануына кедергі келтірмеуге;

      в) "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуі үшін қажетті электроэнергия, жанар-жағар және құрылыс материалдарын, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын, медициналық және басқа мүліктер мен материалдық құралдарды жеткізуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында қолданыстағы келісім негізіндегі баға бойынша көлік және басқа қызметтер көрсетуге;

      г) "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жабдықтарды, отын мен басқа да материалдарды сату мен басқа мақсаттарға қолдану құқысыз, баж салығын, салықтарды және басқа алымдарды алусыз Ресей Федерациясынан әкелуге және Ресей Федерациясына шығаруға рұқсат етуге міндеттенеді.

      8.3 Жалға алушының:

      а) жалданған объектілер мен мүліктердің бөлінетіндеріне жақсарту, ал Жалға берушінің жазбаша келісімімен және бөлінбейтіндеріне жалдаған объектілер мен мүліктер үшін зиян келтірмей жақсарту енгізуге, жалдау мақсаттарына сай жалданған жер учаскелеріне жаңа объектілердің құрылысын жүзеге асыруына;

      б) Жалға берушінің келісімі бойынша жүргізілген жақсартулардың, сондай-ақ қайта салынған объектілердің, егер бұл жақсартулар мен объектілер Жалға берушінің меншігіне берілгенде осы Шарттың әрекет мерзімі біткеннен кейін қалдық құнының орнын толтыруына;

      в) Жалға берушінің келісімі бойынша "Байқоңыр" кешенінің объектілерін үшінші жаққа қосалқы жалға беруге. Жалға алушы келісу үшін қосалқы жалдаушы болатындығын, жалданған объектілерге қосалқы жалға алушының кәсіптік қызметі, сондай-ақ қосалқы жалға алушының шартының жобасы жөнінде Жалға берушіге ақпараттармен таныстыруы керек;

      г) жалға берушінің келісімі бойынша "Байқоңыр" кешенінің объектілерін күрделі жөндеулерге және қайта құруға қатыстыру үшін шетел инвесторларын тартуға;

      д) Жалға берушінің келісімі бойынша олардың қолданбайтын объектілерін, мүліктер мен жер учаскелерін жалдаудан бас тартуға;

      е) жалдау мерзімі кезінде немесе ол біткеннен кейін "Байқоңыр" кешенінің объектілерін өзінің меншігіне толық немесе жекелеп төлеп алу туралы ұсыныс енгізуге құқы бар.

      8.4 Жалға алушы:

      а) осы Шарттың мақсаттарына сәйкес "Байқоңыр" кешеніндегі жалданған объектілер мен жер учаскелерін пайдалануға;

      б) осы Шартта қарастырылған мөлшері мен мерзімінде жалдау ақысын төлеуге;

      в) жалдаған объектілерін экологиялық қауіпсіздік, табиғатты пайдалану ережесі, қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескеріп пайдалану мен ұстауға, ракета-ұшырғыштан бөлінетін бөлшектердің құлайтын аудандарын тазалау жөнінде шаралар жүргізуге;

      г) ресейлік ғарыштық бағдарламаларды орындау жолында "Байқоңыр" ғарыш айлағының қызметіне байланысты зиян келтірілген жағдайда, Ресей 1972 жылғы 29 наурыздағы ғарыштық объектілермен келтірген зиян үшін халықаралық жауапкершілік туралы Конвенцияға сәйкес ұшырушы мемлекет ретінде жауапты болады. Сонымен Қазақстан Республикасы бірлесіп ұшыру мүшесі немесе ұшырушы мемлекет ретінде есептелінбейді;

      Ресей Қазақстан Республикасымен бірлесіп ғарыш объектісін ұшыруды жүзеге асырған жағдайда, зиян үшін жауапкершілік көрсетілген Конвенцияның V бабымен айқындалады.

      Ресей басқа елдермен бірлесіп ғарыш объектісін ұшыруды жүзеге асырған жағдайда, бұл елдер қалай да келтірілген зиян үшін аталған Конвенцияға сәйкес ортақ жауапкершілікте болады. Сонымен Қазақстан Республикасы бірлесіп ұшыру мүшесі немесе ұшырушы мемлекет ретінде есептелінбейді.

      д) жалдаған жер учаскесінен геологиялық, палеонтологиялық, археологиялық және тарихи маңыздылығы бар бағалы заттарды тапқандығы туралы Жалға берушіге тез арада хабар білдіреді және сақтау мен табылған заттарды Жалға берушінің меншігіне өткізуге шара қолданады. Осы пункттің ережесін бұзған және Жалға берушінің рұқсатынсыз табылған бағалы заттарды пайдаланған жағдайларда Жалға алушы ол бағалы заттарды және алынған табысты Жалға берушіге қайтарады;

      е) жыл сайын 30 желтоқсаннан кешіктірмей ғарыш аппараттарын ұшырудың жылдық жоспары мен келесі жылға ракеталық-ғарыштық техниканы сынау жоспарын Жалға берушіге беріп тұруға және оларды келісілген көлемде жүргізудің фактілері бойынша кезекті ақпараттар жеткізуде 5 сөтке ішінде әрбір алдағы ұшырулар (жіберулер) туралы Жалға берушіге алдын ала хабарлауға міндеттенеді. Ракеталарды сынауға жіберудің жоспарлары Жалға берушінің келісіміне жатады.

      8.5 Халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жолында үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен, олардың заңды және жеке адамдары ғарыш айлағында жүргізілетін жұмыстарға тартылуы мүмкін. Ғарыш айлағына үшінші елдің азаматы кіруіне және жүктерін тасуына, үшінші елге жататын немесе олардың заңды тұлғалары мен олардың қайтуларына қатысты сондай мүліктерін тасуларына байланысты істің орындалуын жеңілдету шараларының толық мүмкіндігінің ұлттық заңдылықтар мен ережелер шеңберінде рұқсат етерде Тараптар келісіп әрекет етуге кіріседі.

      9-бап Шарттағы ережелерді талқылаудың тәртібі мен дауларды шешу

      9.1 Тараптардың әрқайсысы Шарттың қолданыстағы барлық мерзімінде өзге Тараптың мүдделерін сыйлау принципіне сүйенеді және 1994 жылғы 28 наурыздағы Келісім мен осы Шарттың әріптері мен рухына келетін біржақты әрекет қолданбайтындығына міндеттенеді.

      9.2 Осы Шарттың ережелерін түсіну мен қолдануға қатысты даулар Тараптардың келіссөздер жолымен шешуіне жатады.

      9.3 Осы Шарт бойынша шыққан дауларды және басқа да таластарды, "Байқоңыр" кешені жөніндегі Ресей - Қазақстан үкіметаралық комиссия шешеді.

      10-бап Қазақстан Республикасының "Байқоңыр" кешенінің юрисдикциялық мәселелері

      10.1 "Байқоңыр" кешенінде тұратын Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары сақталады.

      10.2 Қазақстан Республикасының "Байқоңыр" кешеніндегі оның жалдану жағдайындағы юрисдикциясы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі жүзеге асырады.

      11-бап Қорытынды ережелер

      11.1 Осы Шартта аты аталған қосымшалардың барлығы да оның ажырағысыз бөлігі болып табылады. Осы Шарт талаптарының өзгерілуі Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      11.2 Шарттың қолданыс мерзімі 4-бапта белгіленген жалдау мерзімдерімен айқындалады.

      11.3 Осы Шарт бойынша үйлестіру жұмыстарын мыналар жүзеге асырады:

      Жалға алушы жағынан - Ресей ғарыш агенттігі мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери-ғарыш күштері,

      Жалға беруші жағынан - Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттігі.

      11.4 Осы Шарт Тараптардың қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаны туралы соңғы хабарлаған күннен бастап күшіне енеді.

      Мәскеу қаласында 1994 жылдың 10 желтоқсанында екі дана етіп, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ екі тексттің де күші бірдей.

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы "Байқоңыр"
кешенін жалдау Шартына
N 1 Қосымша

"Байқоңыр" кешенінің жалға берілетін объектілері

      95-ші алаңша: ондағы әкімшілік-шаруашылық, казармалық, тұрғын үй, тұрмыстық, қоймалық және басқа үй-жайлар және ғимараттар, қонақүйлер, жылумен, сумен, энергиямен жабдықтау жүйелері, ішкі алаңдағы автомобиль және темір жолдары, байланыс жүйелері, құрылысшылар қалашығы, сондай-ақ 81, 84, 201, 202, 200, 90, 91, 94, 91А, 92, 92А, 94А, 96, 82, 83, 131, 175/1 алаңшалары: олардың аумақтарында орналасқан "Протон", "Циклон-М", "Рокот" ракета-ұшырғыштардың ұшыру кешендері, ракеталық сынау бөліктерінің объектілері, 90-5, 92-1, 92-2, 92-2В, 92-223, 92А-223, 92А-50 монтаждау-сынау корпустары, 91-алаңша және ІІГІ4І май құю-бейтараптандыру станциялары; 96, 90-4, 90-275, 92А-75/А-Г/, 75-ХГ алаңшаларындағы қоймалар, 92-3, 92-3А, 92-5, 57, 65Г жүйелерін қамтамасыз ететін ғимараттар, ондағы технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, олар орналасқан жер учаскелерімен бірге басқа да технологиялық объектілер.

      2-ші алаңша: ондағы әкімшілік-шаруашылық, тұрғын үй-тұрмыстық, казармалық, қоймалық және басқа үй-жайлар мен ғимараттар, қонақүйлер, жылумен, сумен, энергиямен жабдықтау жүйелері, ішкі алаңғы автомобиль және темір жолдар, байланыс жүйелері, сондай-ақ "Союз" ракета-ұшырғыш ұшыру кешені, I, ІА, 2Б-І монтаждау-сынау корпустары, компрессорлық, ресиверлік, зарядтау-аккумулятор станциясы, физикалық-химиялық лаборатория, мұздатқыш орталығы, дизель, оларда салынған технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды қоса алғанда, станциясымен бірге.

      Аумақтарында орналасқан ракета-ұшырғыш "Союз" ұшыру кешенімен, N 40, 14 монтажды-сынау корпустарымен, N 124 қызметтік-лабораториялық корпусымен, ІІГІ2 май құю станциясымен, олардағы құрастырылып салынған технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдықтарын қоса алғанда, компрессор станциясымен, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, тұрғын үй-тұрмыстық, казармалық, қоймалық және басқа да үй-жайлар мен ғимараттар, жылумен, сумен, энергиямен жабдықтау жүйелерімен, ішкі алаңдағы автомобиль және темір жолдармен, байланыс жүйелерімен бірге 31, 32-ші алаңшалар.

      Аумағында орналасқан ІІП72 "Боран" орбиталық кораблінің, оның аэродромдық, радиолокациялық, жарық техникалық құрал-жабдықтары құрастырылып салынған отырғызу кешенімен, ұшу-отырғызу жолақтарымен, басқа да техникалық объектілерімен, сондай-ақ қазандық, әкімшілік-шаруашылық тұрғын үй-тұрмыстық, қоймалық және басқа үй-жайлар және ғимараттармен, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелерімен, кірме автомобиль және темір жолдарымен, байланыс жолдарымен, байланыс жүйелерімен бірге 251-ші алаңша.

      Аумақтарында орналасқан І7П3І стенд-старт әмбебап кешені, онда салынған технологиялық, арнаулы-техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдықпен, басқа да технологиялық объектілерімен, өнеркәсіптік база, қазандық, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, тұрғын үй-тұрмыстық, қоймалар және басқа үй-жайлар және ғимараттармен, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелерімен, кірме автомобиль және темір жолдарымен, байланыс жүйелерімен бірге 250 және 250А алаңшалары.

      Аумағында орналасқан әкімшілік-шаруашылық, тұрғын үй-тұрмыстық, қоймалық және басқа үйлер және ғимараттармен, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелері, кірме автомобиль және темір жолдары, байланыс жүйелерімен бірге ІІ3-ші алаңша.

      Аумағында орналасқан ІІП825 ұшыру кешені, ондағы салынған технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдықпен, басқа технологиялық объектілерімен, сондай-ақ тұрмыстық, қоймалық және басқа үй-жайлар және ғимараттармен, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелерімен, кірме автомобиль және темір жолдарымен, байланыс жүйелерімен бірге ІІО-шы алаңша.

      Аумақтарында орналасқан ІІП591 "Энергия" ракета-ұшырғышының техникалық позициясымен, жалғыз компрессор станциясымен, жарылғыш заттар позициясымен, динамикалық сынақтардың стендімен, ІІП593 монтаждау-май құю кешенімен, ІІГІ3І май құю-бейтараптандыру станциясымен, олардағы құрастырылып салынған технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдықпен, басқа технологиялық объектілерімен, жылу желілерімен бірге ІІ4Б жылу құбырлары, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, тұрғын үй-тұрмыстық, қоймашылық және басқа үй-жайлар және ғимараттармен, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелерімен, кірме автомобиль жолдарымен, байланыс жүйелерімен бірге 112 және 112А алаңшалары.

      Аумағында орналасқан ТП ІІП592 орбиталық корабльдің техникалық позициясымен, оттық кешендік сынақтар алаңымен, олардағы құрастырылып салынған технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдықпен, басқа технологиялық объектілермен, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, тұрғын үй-тұрмыстық, қоймалық және басқа үй-жайлар және ғимараттармен, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелерімен, кірме автомобиль және темір жолдармен, байланыс жүйелерімен бірге 254-ші алаңша.

      Аумақтарында орналасқан "Зенит" ракеталық-ғарыштық кешенінің объектілермен, технологиялық объектілерімен, тұрғын үй-тұрмыстық, қоймалық және басқа үй-жайлар және ғимараттармен, қазандық, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелерімен, кірме автомобиль және темір жолдарымен, қозғалмалы темір жол құрамымен, байланыстар жүйелерімен бірге 42, 43, 45-ші алаңшалар.

      Ракеталық-сынақ бөліктерінің 10, 2, 42 (ракеталарды түсіру алаңшасы) 504-3К, 175/2, 132, 75, 71, 104, 106-109, 111, 111/1, 111/2, 140-алаңшаларындағы объектілері, 103-ші алаңшаның энергоблогы; технологиялық объектілер, тұрғын үй-тұрмыстық, қоймалық және басқа үй-жайлар және ғимараттар, қазандықтар, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелері орналасқан, кірме автомобиль және темір жолдарымен, қозғалмалы темір жол құрамымен, байланыс жүйелерімен бірге 37-ші алаңша.

      Ғарыш айлағының N 1 (18-ал), N 2 (43-ал), N 3 (97-ал), N 4 (21-ал), N 5 (23-ал) ұшыру алдындағы өлшеу пункттерімен және N 7 (Жезқазған ауданы) N 9 (Сарань қаласының ауданы Қарағанды облысы) трассалық өлшеу пункттері, олар орналасқан жер учаскелерімен бірге өлшеу кешені, (10-ал) есептеу және ақпарат-есептеу орталықтары, кешен объектілеріндегі технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдық, ақпарат беру жүйелері және олардың алаң арасындағы байланыс жүйелері.

      Жезқазған, Ақмола, Өскемен облыстарында орналасқан және 2 Қосымшаның 2 бөліміне сәйкес нөмірлерімен құлау алаңдарына қызмет көрсететін жекелеген сынақ станциялармен бірге ұшырғыш-ракеталардың базалары мен бөлінетін бөліктерінің құлау алаңдары.

      Ғарыш айлағының 10, 32, 43, 95, 255-алаңдарындағы байланыс тораптарымен, хабар беретін радио орталығымен, фелдъегерлік және почта байланысы станцияларымен, коммуникациялармен және антенналар алаңдарымен, байланыс құралдарының шеберханаларымен, гирокомпастарды эталондау базасымен бірге байланыс жүйелерінің объектілері.

      Төмендететін трансформаторлық кіші станциялардың құрамындағы 220 кВт, 110 кВт, 35 кВт, ГПП-1, ГПП-2, ПС-101, 103, 105, 106, 107, 110, 111, 115, 1А, 3, 4, 5А, 6, 7, 10, 13, 14, 17, 19, 20, 21, 24 электр беретін желілер, Ленинск қаласының Жылу электр орталығы, "Южная" газ турбинасы электр станциясымен бірге сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінің объектілері.

      Ғарыш айлағының тылындағы мына құрамдағы объектілер: тылдағы базалар, 10-ші алаңшадағы әскери бөлімшелердің, монша-кір жуу комбинатының, өрт сөндіру депосының, зат қоймасы бөлімшесінің, госпитальдің, емдеу-диагностикалық орталықтың, N 54 поликлиниканың көкөніс сақтау қоймалары, 10, 9, 95, 424-ші алаңдардағы санитарлық-эпидемиологиялық, мал дәрігерлік, обаға қарсы отрядтардың, нан зауытының, 9-алаңдағы әскери қалашықтың үйлері, әскери сауданы басқару объектілері.

      3-алаңшадағы өнеркәсіптік-қойма аймағының объектілері: оттегі-азот зауыты, Күрделі құрылыс басқармасының базасы, радиациялық заттар базасы, арнаулы отын базасы, улайтын заттар қоймасы, әскери қалашық, 7-бақылау өткізу пункті: жылумен, сумен, энергиямен жабдықтау жүйелері, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар және технологиялық, арнаулы техникалық, жалпы өнеркәсіптік құрал-жабдық орнатылған ғимараттар және кірме автомобильдік және темір жолдар, байланыс жүйелері.

      Локомотив шаруашылығымен, ғарыш айлағының алаңшалары мен Ленинск қаласын байланыстырушы темір жолдарымен, үй-жайлар және ғимараттар кешенімен бірге темір жол шаруашылығы, қозғалмалы құраммен бірге алғандағы 17 мжг-алаңшасы.

      Ғарыш айлағының алаңшалары мен Ленинск қаласың байланыстырушы автомобиль жолдары, 10-алаңшадағы және басқа жалға алынатын объектілердегі автопарк, автомобильге май құю станциялары, жөндеу шеберханалары, қоймалары.

      Ұшыру-қондыру жолағы, ұшу мен қону жүйелерін қамтамасыз ететін аэродромдық ғимараттарымен бірге "Крайний" аэродромы, сондай-ақ тұрғын үй және әкімшілік-шаруашылық үй-жайларымен, авиацияның жазғы және инженерлік-техникалық құрамның асханасымен, қазандығымен, байланыс жүйелерімен, автомобильдік кірме жолдарымен бірге 20-алаңша, метеостанция орналасқан 6-алаңша.

      "Дальний" және "Левобережный" су тазартқыш кешені: оның сәйкесті технологиялық объектілері, тұрғын үй-тұрмыстық және басқа үйлер мен ғимараттары, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйелері, автомобильдік кірме жолдары, байланыс жүйелері.

      Қостанай және Қарағанды қалаларындағы авиақалашықтарымен, аэродромның аумағында орналасқан объектілерімен бірге іздестіру-құтқару кешені.*

      Инженерлік жұмыстардың 130-басқармасының өнеркәсіптік-қоймалық, әкімшілік, казармалық-тұрмыстық үйлері мен ғимараттары және соларға орнатылған технологиялық, арнаулы техникалық және жалпы өнеркәсіптік жабдықпен бірге алынады, кірме автомобиль және темір жолдары, байланыс жүйелері.

      Аумағында орналасқан 353-МЯ монтаждау-сынақ корпусымен, құрылыс-қойма аймағымен, кірме автожолдарымен бірге 280-алаңша.

      Дермен төбе поселкесіндегі басқарудың алып шығу пункті.

      Аумағында орналасқан үй-жайларымен, ғимараттарымен және инфрақұрылымның объектілерімен бірге Ленинск қаласы.

      Кірме жолдарымен бірге N 1145-ші ғимарат. Жылу-, су,- энергиямен жабдықтау мен байланыс жүйелерімен бірге Ресей Федерациясының экспедициялар кәсіпорындары мен өнеркәсіп ұйымдарының объектілері.

      _________________
* Іздестіру-құтқару қызметінің объектілерін пайдалану тәртібі мен жалдау шарттары бөлек келісіммен анықталады.

  1994 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей Федерациясы
Үкіметінің арасындағы
"Байқоңыр" кешенін жалға
беру шартына
№ 2 ҚОСЫМША

"Байқоңыр" кешені объектілері алып жатқан жер учаскелерінің
КООРДИНАТТАРЫ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2019 № 282-VI Заңымен.

1. Технологиялық және техникалық объектілер

Тірек нүктесінің нөмірі

Шектейтін сызықтың түрі

Географиялық координаттар

солтүстік ендік (град., мин., сек.)

шығыс бойлық (град., мин., сек.)

№ 1 учаске

1

тура,

45 42 10

63 01 05

2

қосатын

45 54 40

63 01 05

3

тірек

45 58 15

62 44 40

4

нүктелері

46 12 45

62 45 30

5


46 12 45

63 19 45

6


46 13 45

63 21 00

7


46 14 40

63 19 30

8


46 18 10

63 22 10

9


46 18 10

63 29 00

10


46 13 30

63 53 00

11


46 14 45

63 53 00

12


46 14 45

63 54 30

13


46 13 10

63 54 30

14


46 09 00

64 17 30

15


45 47 15

64 19 00

16


45 46 10

63 44 10

17

Сырдария өзенінің

45 44 05

63 43 45

18

оң жағалауы

45 40 00

63 25 00

19

бойынша 17 және 18

45 38 30

63 26 15

20

нүктелер арасы

45 37 20

63 24 40

21


45 31 00

63 24 40

22


45 31 00

63 18 45

23


45 27 45

63 18 45

24


45 27 45

63 22 00

25


45 26 35

63 22 00

26


45 26 35

63 14 30

27


45 27 45

63 14 30

28


45 27 45

63 18 30

29


45 31 00

63 18 30

30


45 31 00

63 09 10

31

Сырдария өзенінің оң жағалауы бойынша 31 және 1 нүктелер арасы

45 36 00

63 13 10

№ 2 учаске ("Дальный" су тартқышы)

1

тура,

47 51 35

63 43 30

2

қосатын

44 23 10

63 44 30

3

тірек

44 28 15

63 50 50

4

нүктелері

44 25 05

63 51 15

5


44 23 30

63 50 10

№ 3 учаске (ТЗ ББ құлау базасы, Жезқазған қ.)

1

тура,

44 51 35

67 36 40

2

қосатын

47 51 18

67 37 10

3

тірек

47 50 28

67 36 00

4

нүктелері

47 51 00

67 35 30

№ 5 учаске (СА-9, Саран қ.)

1

тура,

49 51 32

72 46 50

2

қосатын

49 51 32

72 48 00

3

тірек

49 50 45

72 48 00

4

нүктелері

49 50 45

72 46 50

№ 6 учаске (ТЗ ББ құлау базасы, Өскемен қ.)

1

тура,

50 00 12

82 40 00

2

қосатын

50 00 18

82 40 22

3

тірек

50 00 12

82 40 30

4

нүктелері

50 00 05

82 40 10

№ 7 учаске (іздестіру-құтқару кешені, Қостанай қ.)

1

тура,

53 15 20

63 30 50

2

қосатын

53 12 35

63 35 30

3

тірек

53 10 00

63 34 00

4

нүктелері

53 09 10

63 29 00

№ 7 а учаске (іздестіру-құтқару кешені, Қостанай қ.)

1

тура,

53 10 50

63 35 00

2

қосатын

53 10 35

63 35 30

3

тірек

53 10 10

63 35 30

4

нүктелері

53 10 10

63 34 50

Ескертулер:

1. Жалданған учаскелер құрамына "Дальный" су тартқышынан бастап Байқоңыр қаласына дейінгі су тарту жерлері кіреді.
2. № 1 учаске мына координаттармен (град, мин, сек):
45 39 25 с.е., 63 18 00 ш.б.;
45 39 25 с.е., 63 19 30 ш.б.;
45 38 50 с.е., 63 18 30 ш.б.;
45 38 40 с.е., 63 18 10 ш.б. (Төретам к);
45 36 30 с.е., 63 15 25 ш.б.;
45 36 30 с.е., 63 16 20 ш.б.;
45 35 50 с.е., 63 16 20 ш.б.;
45 35 50 с.е., 63 15 25 ш.б. (Ақай к) тура, қосатын тірек нүктелерімен шектелген аумақтарды, Жаңақазалы-Жосалы автомобиль және темір жолдарды; координаттармен (град., мин., сек) тура, қосатын тірек нүктелерімен шектелген мына
№ 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 учаскелерді қамтымайды:


Тірек нүктесінің нөмірі

Шектейтін сызықтың түрі

Географиялық координаттар

солтүстік ендік (град., мин., сек.)

шығыс бойлық (град., мин., сек.)

№ 1-1 учаске

1

тура,

45 44 14,16

63 01 05,00

2

қосатын

45 41 16,51

63 13 48,98

3

тірек

45 39 37,90

63 13 51,02

4

нүктелері

45 42 43,24

63 01 05,00

№ 1-2 учаске

1

тура,

45 41 34,71

63 21 29,13

2

қосатын

45 41 36,73

63 22 29,58

3

тірек

45 42 45,61

63 25 06,52

4

нүктелері

45 46 42,32

63 41 53,88

5


45 46 25,54

63 44 17,04

6


45 46 11,37

63 44 51,15

7


45 46 10,00

63 44 10,00

8


45 45 44,07

63 44 04,81

9


45 45 54,28

63 42 30,53

10


45 45 53,98

63 42 06,05

11


45 45 49,21

63 41 38,46

12


45 45 42,56

63 41 13,17

13


45 45 07,63

63 39 28,71

14


45 44 51,95

63 38 44,48

15


45 44 23,64

63 36 39,52

16


45 43 58,33

63 34 47,58

17


45 43 38,19

63 33 20,27

18


45 43 24,76

63 32 19,61

19


45 42 21,51

63 27 44,52

20


45 41 42,95

63 24 45,76

21


45 41 03,04

63 21 42,12

№ 1-3 учаске

1

тура,

45 34 46,67

63 16 29,24

2

қосатын

45 34 46,10

63 17 04,11

3

тірек

45 34 45,48

63 17 41,00

4

нүктелері

45 34 45,16

63 17 59,69

5


45 33 06,84

63 17 59,37

6


45 33 08,00

63 15 19,32

7


45 34 15,84

63 15 20,23

8


45 34 12,17

63 15 56,25

9


45 34 08,95

63 16 27,31

№ 1-4 учаске

1

тура,

45 33 11,01

63 18 50,47

2

қосатын

45 34 44,35

63 18 48,70

3

тірек

45 34 43,83

63 19 20,21

4

нүктелері

45 34 43,21

63 19 58,95

5


45 34 42,36

63 20 50,60

6


45 34 41,49

63 21 01,48

7


45 33 04,45

63 21 00,49

2. Тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандары

Р/с

Аудан нөмірі

Аймақ нөмірі

Учаске нысаны

Орталық координаттары

Эллипс осьтерінің көлемі (шақырым)

Эллипстің үлкен осінің азимуты (град.)

Учаскенің алаңы (млн.га)

Әкімшілік тиесілігі (облыс)

солтүстік ендік (град., мин., сек.)

шығыс бойлық (град., мин., сек.)

1.

191

Ю-1

Эллипстердің айналуы

48 37 30

64 37 30

30*16

26,5

0,0713

Қарағанды
Қостанай

2.

192

48 36 00

64 42 00

30*16

26,5

3.

148

Ю-2

Эллипс

48 22 00

65 26 30

50*30

40

0,11775

Қарағанды

4.

27

Ю-3

Эллипстердің айналуы

48 51 00

65 37 00

+20*22
-22

29

0,17584

Қарағанды
Қостанай

5.

30

48 56 00

65 48 00

+20*22
-22

28

6.

31

48 58 00

65 50 00

+30*30
-27

28

7.

45

48 55 00

65 41 00

+20*22
-22

29

8.

46

49 00 00

65 52 00

+20*22
-22

28

9.

71

48 55 00

66 03 00

50*20

38

10.

26

48 34 00

66 14 00

+20*22
-22

39

11.

32

48 36 00

66 14 00

+30*30
-27

39

12.

34

48 36 00

66 23 00

+20*22
-22

39

13.

35

48 33 00

66 18 00

+30*30
-27

39

14.

42


Эллипстердің айналуы

48 28 00

66 27 00

+30*30
-27

42

0,3257

Қарағанды

15.

43

Ю-4

48 39 00

66 18 00

+20*22
-22

39



16.

44

48 36 00

66 22 00

+20*22
-22

39

17.

56

48 32 00

66 11 00

+20*22
-22

39

18.

77

Ю-5

Эллипс

49 26 30

66 43 30

50*20

39

0,0785

Қарағанды
Қостанай

19.

75

Ю-6

Эллипстердің айналуы

49 08 00

6703 00

50*20

43

0,172

Қарағанды

20.

53

48 59 00

66 39 00

50*25

37,5

21.

215

Ю-7

Эллипстердің айналуы

50 45 00

67 23 00

60*40

31

0,23864

Қостанай

22.

216

50 39 00

67 14 00

60*40

31

23.

116

Ю-8

Эллипстердің айналуы

49 53 00

67 55 00

60*40

40

0,8315

Қарағанды
Ақмола
Қостанай

24.

117

49 56 00

67 51 00

60*40

40

25.

150

50 03 00

67 34 00

50*30

40

26.

224

50 16 00

68 21 00

60*40

40

27.

225

50 14 00

68 24 00

60*40

40

28.

119

49 41 00

68 08 00

60*40

43

29.

227

50 31 00

68 37 00

100*56

37,5

30.

210

Ю-9

Эллипс

52 21 00

71 35 00

40*20

45

0,0628

Ақмола

31.

218

Ю-10

Эллипс

53 18 00

71 14 00

30*20

43

0,0471

Ақмола

32.

202

Ю-11

Эллипс

53 15 00

72 10 00

38*20

43

0,0596

Ақмола

33.

207

Ю-12

Эллипс

53 10 00

72 55 00

+36*20
-16

44

0,08164

Ақмола

34.

208

Ю-13

Эллипс

52 40 00

72 48 00

60*20

45

0,0942

Ақмола

35.

213

Ю-14

Эллипс

54 09 40

75 47 00

56*22

50

0,0443

Павлодар

36.

15

Ю-24

Эллипстердің айналуы

47 20 00

66 46 30

27*18

65

0,16

Қарағанды

37.

25

47 14 00

66 23 00

60*30

65

38.

16

Ю-25

Эллипстердің айналуы

47 18 00

67 14 00

50*30

64

0,2251

Қарағанды

39.

49

47 22 00

67 28 00

50*30

64

40.

67

47 23 00

67 28 00

+20*22
-22

65

41.

70

47 27 00

67 42 00

+20*22
-22

65

42.

1

47 22 30

68 13 30

40*20

68

43.

4

Ю-26

Эллипс

47 58 00

68 48 00

43*30

66

0,0942

Қарағанды

44.

69

Ю-27

Эллипс

48 02 00

69 37 00

60*40

67

0,1884

Қарағанды

45.

2

Ю-28

Эллипс

48 19 00

71 40 00

60*30

68

0,141

Қарағанды

46.

226

Ю-29

Эллипс

48 45 00

74 36 00

50*30

73

0,1177

Қарағанды

47.

306

Ю-30

Эллипстердің айналуы

50 52 00

83 00 00

60*20

78

0,1812

Шығыс Қазақстан

48.

307

50 54 00

83 16 00

60*20

78

49.

309

50 56 00

83 35 00

80*40

79

50.

310



50 55 30

83 37 40

80*40

81



51.

6

Ю-23

Эллипс

46 40 00

64 51 00

160*50

69

0,628

Қарағанды
Қызылорда



Барлығы:






4,13647


      Ескерту. Ғарыш аппараттарын ұшыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының шаруашылық қызметінің мүдделері үшін тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандарында жерді пайдалану тәртібі 1996 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясына жалға берілген "Байқоңыр" кешенінің жер телімдерін пайдалану тәртібі туралы келісіммен айқындалады.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы "Байқоңыр"
кешенін жалдау Шартына
N 3 Қосымша

Жалдаудың қосымша шарттары

      1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары Ресей Федерациясы мен бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік органдары бекіткен, ракета-ғарыш техникасымен жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ қамтамасыз етуші инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібін нормативтік-техникалық және басқа жетекші құжаттарды, сондай-ақ олардың ғарыш айлағының персоналына берген біліктілік жөніндегі құжаттарын күші бар құжаттар деп таниды.

      2. Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешеніндегі заңды ұйымдарының қызметін қаржыландыру, кешен қызметкерлеріне жалақы және әскери қызметшілерге ақша төлеу, "Байқоңыр" кешеніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы есеп айырысу операциялары, "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы заңды ұйымдардың теңге мен ресейлік рубльді сатып алуы мен сатуы.

      3. Осы Шартта көзделмеген, "Байқоңыр" кешеніндегі заңды ұйымдар мен жеке адамдардың қызметімен байланысты салықтарды, алымдарды және басқа төлемдерді алу тәртібі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қаржы министрліктері арасындағы қосымша келісіммен белгіленеді.

      4. Ғарыш айлағы персоналының, сондай-ақ Ресей Федерациясының ұйымдарының, мекемелерінің және кәсіпорындарының ғарыш айлағындағы жұмыстарды орындау үшін іссапарға жіберілген мамандарының және ғарыш айлағы персоналының отбасы мүшелерінің Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумағы мен әуе кеңістігінде жүруі үшін визасыз режим сақталады.

      5. Ғарыш айлағының персоналы және ғарыш айлағы персоналының отбасы мүшелері жеке бастарын және ғарыш айлағының персоналына қатысты екенідігін куәландыратын құжаттарды көрсеткен соң Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекараны кесіп өтеді.

      Тараптар бұл адамдарға жеке заттарын жасалған келісімдерге сәйкес шектеусіз және баж салықтарын, салықтар мен алымдарды төлемей Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекара арқылы алып өту құқығын береді.

      6. Ғарыш айлағының персоналын және "Байқоңыр" кешенінің жүктерін осы Шарттың мақсаттары үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумағы және әуе кеңістігі арқылы тасымалдау ақысы Тараптардың ұйымдары үшін белгіленген мөлшер мен тәртіпте төленеді.

      Кедендік рәсімдеу Тараптардың әрқайсысының аумағында бір рет жүзеге асырылады.

      7. Жалға беруші ғарыш айлағы персоналының құрамына енетін адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы өздеріне тиесілі мүлікке меншік құқығын сақтайды.

      Жалға беруші ғарыш айлағының персоналы мен олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты түрде тұруға көшетін отбасы мүшелеріне өздеріне тиесілі мүлікті еркін сату, алып кету, сондай-ақ өздеріне тиесілі салымдар мен активтерді Ресей Федерациясының банк мекемелеріне аудару мүмкіндігін береді.

      Жалға беруші ғарыш айлағының персоналы мен олардың отбасы мүшелерінің осы Шартқа қол қойылған күні өздері алған тұрғын алаңда тұру құқығын сақтайды.

      8. Осы Шартты жүзеге асырумен байланысты кейбір келісімдерді, хаттамаларды және регламенттерді әзірлеу мен оларға қол қоюдың мерзімі мен тәртібін "Байқоңыр" ғарыш айлағы жөніндегі Ресей - Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары бекіткен жоспар-график белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады