Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 422 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1784 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 171-құжат).
2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 146 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 286-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 12-тармағы.