Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласында жасалған 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 447 қаулысымен бекітілген |
2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас"
шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының
қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттама
(2015 жылғы 7 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 6, 97-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (бұдан әрі – Орталық) қызметiн реттеу туралы келiсімнің (бұдан әрі – Келісім) 45-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Орталықтың қазақстандық бөлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.";
2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталықтың жалпы ауданы 5,60 ш. км құрайды, оның ішінде қазақстандық бөліктің ауданы 2,17 ш. км, қытай бөлігінің ауданы – 3,43 ш. км.";
3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап
Тауарларды (жүктердi) Орталыққа/Орталықтан өткізу кезiнде ұлттық заңнамалар және халықаралық шарттардың тиiстi ережелерi сақталуға тиiс. Орталыққа/Орталықтан өткiзiлетiн тауарларға (жүктерге) қатысты кедендiк рәсiмдердi жүргізу аптасына жеті күн қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Адамдар, шағын литражды және жеңiл автомобильдер (сыйымдылығы 8 адамға дейiн) үшiн кедендiк рәсiмдердi жүргiзу уақыты қажет болған жағдайда ұзартылады.
Орталық аумағының шегiнде адамдар, тауарлар (жүктер) және көлiк құралдары еркiн өтедi.
Орталықтың жұмыс режимі:
1 мамырдан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда | 8.30-дан 18.00-ге дейін (Астана уақыты); 10.30-дан 20.00-ге дейін (Пекин уақыты); |
1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алғанда | 9.00-ден 17.00-ге дейін (Астана уақыты); 11.00-ден 19.00-ге дейін (Пекин уақыты)."; |
4) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің бірге жүруімен).";
5) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап
Орталыққа/Орталықтан өткен кезде көлік құралында Тараптардың бірінің мемлекетінің таным белгісі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі болуға тиіс. Жүк тасымалдарын осьтерінің саны 6-дан (қоса алғанда) аспайтын жүк автомобильдері жүзеге асырады. Орталық аумағында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде аумағында тасымалдау жүзеге асырылатын Тарап мемлекетінің заңнамасы сақталуға тиіс.";
6) Келісімге 1-қосымша осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
3-бап
Осы Хаттама Келісім қолданылатын мерзімге қолданылады.
2014 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласында қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының | Қытай Халық Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
2005 жылғы 4 шілдедегі