"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 483 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:
      15-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-1. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспаса, Аустралия Одағы, Мажарстан, Италия Республикасы, Монако Князьдігі, Бельгия Корольдігі, Испания Корольдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Швеция Корольдігі, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы және Жапония азаматтары 2015 жылғы 16 шілде - 2017 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасына визасыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 "Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 483

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п.4

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 29, ст. 388) следующее изменение:
      в Правилах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 15-1 изложить в следующей редакции:
      «15-1. Граждане Австралийского Союза, Венгрии, Итальянской Республики, Княжества Монако, Королевства Бельгия, Королевства Испания, Королевства Нидерландов, Королевства Норвегия, Королевства Швеция, Малайзии, Объединенных Арабских Эмиратов, Сингапура, Соединенного Королевства Великобритании и Северной Ирландии, Соединенных Штатов Америки, Федеративной Республики Германии, Финляндской Республики, Французской Республики, Швейцарской Конфедерации и Японии в период с 16 июля 2015 года по 31 декабря 2017 года въезжают в Республику Казахстан и выезжают из Республики Казахстан без виз, если период их пребывания в Республике Казахстан не превышает пятнадцати календарных дней с момента пересечения государственной границы Республики Казахстан.».
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан по дипломатическим каналам направить уведомление государствам, указанным в Правилах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148.
      3. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Службе внешней разведки Республики Казахстан «Сырбар» (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан и Министерству иностранных дел Республики Казахстан в месячный срок принять соответствующие меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление действует до 31 декабря 2017 года, вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. МАСИМОВ