«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысында орналасқан Жоғарғы Қайрақты кен орнындағы вольфрам-молибден кендерін бірлескен барлау мен өндіруге келісімшарт жасассын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 526 қаулысына
қосымша
Жер қойнауы учаскесінің атауы |
Орналасқан жері |
1 |
2 |
Жоғарғы Қайрақты кен орны |
48041/ с.б. 73015/ ш.е. |