"Қазаэросервис" акционерлік қоғамын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 537 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазаэросервис» акционерлік қоғамының мүлкін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 758 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 321-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 537 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-105-жол алып тасталсын.
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 20-8-жол алып тасталсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 736 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 624-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық құралдарды және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуды метеорологиялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпаратты ұсынуға байланысты кешенді қызмет көрсетуді көздейтін аэронавигациялық қызмет көрсету болып табылады.».
      5. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «4. «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы» деген реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

О ликвидации акционерного общества "Казаэросервис"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2015 года № 537

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ликвидировать акционерное общество «Казаэросервис».
      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке передать имущество акционерного общества «Казаэросервис» Министерства энергетики Республики Казахстан, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, на баланс Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казаэронавигация» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      3. Министерству энергетики Республики Казахстан, Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из пунктов 1 и 2 настоящего постановления.
      4. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      5. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2006 года № 758 «О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казавиамет» Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 30, ст. 321).
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 16 июля 2015 года № 537

Изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 «О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях» (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):
      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и государственные доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе «г. Алматы» строку, порядковый номер 123-105, исключить.
      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 «О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности»:
      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:
      в разделе «Министерству энергетики Республики Казахстан» строку, порядковый номер 20-8, исключить.
      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.
      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2013 года № 736 «О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 42, ст. 624):
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Основным предметом деятельности предприятия является аэронавигационное обслуживание, предусматривающее комплексное обслуживание, связанное с обслуживанием воздушного движения, эксплуатацией радиотехнического оборудования и средств связи, метеорологическим и поисково-спасательным обеспечением полетов, предоставлением аэронавигационной информации.».
      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 55-56, ст. 544):
      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан:
      строку, порядковый номер 4, «4. Акционерное общество «Казаэросервис» исключить.