Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 758 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 537 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 537 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазаэросервис" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
      шарт негiзiнде азаматтық авиацияның және басқа да ведомстволардың әуе кемелерiнiң ұшуын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      әуе кемелерi ұшуының қауiпсiздiгiне, тұрақтылығына және тиiмдiлiгiне жәрдемдесу;
      метеорологиялық жабдықтардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысына жоғары сенiмдiлiктi қамтамасыз ету.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне берсiн.

      5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 11 тамыздағы 
N 758 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-105-жолмен толықтырылсын:
      "123-105. "Қазаэросервис" АҚ".

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 300-жолмен толықтырылсын:
      "300. "Қазаэросервис" АҚ".

      4.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.08. N 1201Қаулысымен).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады