Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазпошта» акционерлік қоғамына Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 1А-үй мекенжайы бойынша орналасқан стратегиялық объектіні (ауданы 0,2409 гектар жер учаскесі үлесімен тұрғын емес үй-жайдың 1-қабатының жалпы ауданы 325,8 шаршы метр бір бөлігін) иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов