Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 612 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазпошта» акционерлік қоғамына Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 1А-үй мекенжайы бойынша орналасқан стратегиялық объектіні (ауданы 0,2409 гектар жер учаскесі үлесімен тұрғын емес үй-жайдың 1-қабатының жалпы ауданы 325,8 шаршы метр бір бөлігін) иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады