"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 616 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жыл сайын 10 қаңтарға қарай Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жыл сайын 15 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат берсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 616 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 362 қаулысымен    
бекітілген       

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

1.

«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының оған іргелес аумақтардың халқына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбына зерттеу жүргізу

Зерттеулер бойынша ҰЭМ-ге есеп

ДСӘДМ

2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан

001 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының 103 «Әлеуметтік, талдамалық зерттеулерді жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету» кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджет
2014 ж. – 30,3 млн. теңге;
2015 ж. – 30,1 млн. теңге;
2016 ж. – 23,4 млн. теңге

2.

«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының оған іргелес аумақтардың халқына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбына жасалған зерттеулер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу

Сараптамалық санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, ДСӘДМ-ге, ЭМ-ге ақпарат

ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар,
2016 жылғы қаңтар,
2017 жылғы қаңтар

талап етілмейді

3.

Семей ядролық сынақ полигонының түрлі қоршаған орта объектілерінің (ауа, су, топырақ) және ауыл шаруашылық өнімдерінің ластану деңгейлерін бағалау жөнінде зерттеулер жүргізу қорытындылары бойынша Семей ядролық сынақ полигонының тексерілген аумақтары бойынша материалдар ұсыну

АШМ-ге, ДСӘДМ-ге, ҰЭМ-ге ақпарат

ЭМ

2017 жылғы наурыз

038 «Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Бұрынғы Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» іс-шарасы шеңберінде республикалық бюджет

4.

Семей ядролық сынақ полигоны аумақтарының сыныпталуын өзгертудің орындылығын айқындау мақсатында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумақтарын зерттеу материалдарына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы, ДСӘДМ-ге ақпарат

ЭМ

2017 жылғы сәуір

талап етілмейді

5.

Семей ядролық сынақ полигоны аумақтарының сыныпталуын өзгертудің орындылығы туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ДСӘДМ

2017 жылғы шілде

талап етілмейді

6.

Қарағанды және Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармалары, облыстық консультативтік-диагностикалық орталықтар мамандарының Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының, Павлодар облысы Баянауыл, Лебяжі және Май аудандарының тұрғындарына консультативтік-диагностикалық қызметтерді көрсетуі

ДСӘДМ-ге ақпарат

Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдіктері

2014 жылғы желтоқсан,
2015 жылғы желтоқсан,
2016 жылғы желтоқсан

жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде

7.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының халқын (оның ішінде балаларды) профилактикалық медициналық тексерудің 10 түрі бойынша скринингті тексеріп-қарауды жүргізу

ДСӘДМ-ге ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі

2014 жылғы желтоқсан,
2015 жылғы желтоқсан,
2016 жылғы желтоқсан

жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде

8.

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Республикалық кешенді дозиметрия орталығын құру туралы мәселені қарау

Енбекминіне ақпарат

ИЖТМ, ШҚО әкімдігі

2014 жылғы мамыр

талап етілмейді

9.

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Радиациялық медицина және экология ҒЗИ жанынан 120 төсек-орынға арналған оңалту орталығын құру туралы мәселені қарау

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ ШҚО әкімдігі

2014 жылғы мамыр

талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы;
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года № 362 "Об утверждении Плана мероприятий по совершенствованию мер социальной защиты граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 616

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года № 362 «Об утверждении Плана мероприятий по совершенствованию мер социальной защиты граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне» следующие изменения:
      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «2) ежегодно к 10 января представлять информацию о ходе реализации Плана мероприятий в Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.»;
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Министерству здравоохранения и социального развития Республики Казахстан ежегодно к 15 января представлять информацию об исполнении Плана мероприятий в Правительство Республики Казахстан.»;
      План мероприятий по совершенствованию мер социальной защиты граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне, утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 7 августа 2015 года № 616

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 17 апреля 2014 года № 362 

                           План мероприятий
         по совершенствованию мер социальной защиты граждан,
   пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском
                      испытательном ядерном полигоне 

№ п/п

Мероприятия

Форма завершения

Ответственные исполнители

Сроки исполнения

Источники финансирования

1

2

3

4

5

6

1.

Проведение исследования на тему: «Ретроспективный и проспективный анализ медицинских и радиоэкологических последствий бывшего Семипалатинского ядерного испытательного полигона для населения, прилегающих к нему территорий»

отчет по исследованиям в МНЭ

МЗСР

декабрь 2014 года
декабрь 2015 года
декабрь 2016 года

республиканский бюджет 2014 г. – 30,3 млн. тенге;
2015 г. – 30,1 млн. тенге;
2016 г. – 23,4 млн. тенге по бюджетной программе 001 «Формирование государственной политики в области здравоохранения»
подпрограмме 103 «Проведение социологических, аналитических исследований и оказание консалтинговых услуг»

2.

Проведение санитарно-эпидемиологической экспертизы по исследованию на тему: «Ретроспективный и проспективный анализ медицинских и радиоэкологических последствий бывшего Семипалатинского ядерного испытательного полигона для населения, прилегающих к нему территорий»

экспертное санитарно-эпидемиологическое заключение,
информация в МЗСР, МЭ

МНЭ

январь 2015 года январь 2016 года январь 2017 года

не требуются

3.

Представление материалов по обследованным территориям Семипалатинского испытательного ядерного полигона по итогам проведения исследований по оценке уровней загрязнения различных объектов (воздух, вода, почва) окружающей среды Семипалатинского испытательного ядерного полигона и сельскохозяйственной продукции

информация в МСХ, МЗСР, МНЭ

МЭ

март 2017 года

Республиканский бюджет в рамках мероприятия «Обеспечение безопасности бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона» бюджетной программы 038 «Обеспечение радиационной безопасности на территории Республики Казахстан»

4.

Проведение государственной экологической экспертизы материалов исследования территорий бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона, с целью определения целесообразности изменения классификации территорий Семипалатинского испытательного ядерного полигона

заключение государственной экологической экспертизы, информация в МЗСР

МЭ

апрель 2017 года

не требуются

5.

При положительном заключении государственной экологической экспертизы о целесообразности изменения классификации территорий Семипалатинского испытательного ядерного полигона разработать концепцию проекта Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года «О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне»

концепция проекта Закона Республики Казахстан

МЗСР

июль 2017 года

не требуются

6.

Предоставление консультативно-
диагностических услуг специалистами управлений здравоохранения Карагандинской и Павлодарской областей, областных консультативно-диагностических центров жителям Каркаралинского района Карагандинской области, Баянаульского, Лебяжинского и Майского районов Павлодарской области

информация в МЗСР

акиматы Карагандинской, Павлодарской областей

декабрь 2014 года
декабрь 2015 года
декабрь 2016 года

в пределах выделенных средств из местного бюджета

7.

Проведение скринингового осмотра по 10 видам профилактических медицинских осмотров населения (в том числе детей) Каркаралинского района Карагандинской области, пострадавшего вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне

информация в МЗСР

акимат Карагандинской области

декабрь 2014 года
декабрь 2015 года
декабрь 2016 года

в пределах выделенных средств из местного бюджета

8.

Рассмотрение вопроса о создании Республиканского центра комплексной дозиметрии в городе Курчатов Восточно-Казахстанской области

информация в МТСЗН

МИНТ, акимат ВКО

май 2014 года

не требуются

9.

Рассмотрение вопроса о создании реабилитационного центра на 120 коек при НИИ Радиационной медицины и экологии в городе Семей Восточно-Казахстанской области

информация в МТСЗН

МЗ, акимат ВКО

май 2014 года

не требуются

      Примечание: расшифровка аббревиатур:
      МСХ – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан;
      МЗСР – Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;
      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан;
      МТСЗН – Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;
      МИНТ – Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан;
      МНЭ – Министерство национальной экономики Республики Казахстан;
      ВКО – Восточно-Казахстанская область;
      МЭ – Министерство энергетики Республики Казахстан;
      НИИ – научно-исследовательский институт