Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жыл сайын 10 қаңтарға қарай Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жыл сайын 15 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат берсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 616 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 362 қаулысымен
бекітілген
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімдері |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының оған іргелес аумақтардың халқына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбына зерттеу жүргізу |
Зерттеулер бойынша ҰЭМ-ге есеп |
ДСӘДМ |
2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан |
001 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының 103 «Әлеуметтік, талдамалық зерттеулерді жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету» кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджет |
2. |
«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының оған іргелес аумақтардың халқына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбына жасалған зерттеулер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу |
Сараптамалық санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, ДСӘДМ-ге, ЭМ-ге ақпарат |
ҰЭМ |
2015 жылғы қаңтар, |
талап етілмейді |
3. |
Семей ядролық сынақ полигонының түрлі қоршаған орта объектілерінің (ауа, су, топырақ) және ауыл шаруашылық өнімдерінің ластану деңгейлерін бағалау жөнінде зерттеулер жүргізу қорытындылары бойынша Семей ядролық сынақ полигонының тексерілген аумақтары бойынша материалдар ұсыну |
АШМ-ге, ДСӘДМ-ге, ҰЭМ-ге ақпарат |
ЭМ |
2017 жылғы наурыз |
038 «Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Бұрынғы Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» іс-шарасы шеңберінде республикалық бюджет |
4. |
Семей ядролық сынақ полигоны аумақтарының сыныпталуын өзгертудің орындылығын айқындау мақсатында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумақтарын зерттеу материалдарына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу |
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы, ДСӘДМ-ге ақпарат |
ЭМ |
2017 жылғы сәуір |
талап етілмейді |
5. |
Семей ядролық сынақ полигоны аумақтарының сыныпталуын өзгертудің орындылығы туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы |
ДСӘДМ |
2017 жылғы шілде |
талап етілмейді |
6. |
Қарағанды және Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармалары, облыстық консультативтік-диагностикалық орталықтар мамандарының Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының, Павлодар облысы Баянауыл, Лебяжі және Май аудандарының тұрғындарына консультативтік-диагностикалық қызметтерді көрсетуі |
ДСӘДМ-ге ақпарат |
Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдіктері |
2014 жылғы желтоқсан, |
жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде |
7. |
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының халқын (оның ішінде балаларды) профилактикалық медициналық тексерудің 10 түрі бойынша скринингті тексеріп-қарауды жүргізу |
ДСӘДМ-ге ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі |
2014 жылғы желтоқсан, |
жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде |
8. |
Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Республикалық кешенді дозиметрия орталығын құру туралы мәселені қарау |
Енбекминіне ақпарат |
ИЖТМ, ШҚО әкімдігі |
2014 жылғы мамыр |
талап етілмейді |
9. |
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Радиациялық медицина және экология ҒЗИ жанынан 120 төсек-орынға арналған оңалту орталығын құру туралы мәселені қарау |
Еңбекминіне ақпарат |
ДСМ ШҚО әкімдігі |
2014 жылғы мамыр |
талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы;
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты