Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші
жойылды деп тану туралы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық қызметінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 699 Жарлығы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев