Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 793 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Жоба

1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      «Центральная» кен орнының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игеруге өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған Хаттаманың 4-бабының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ресей Федерациясының Үкіметі, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынға жалпы салық салу режимін қолдана отырып, 7 жыл мерзімге жер қойнауын геологиялық зерттеу кезеңімен 25 жыл мерзімге аукцион өткізбей жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін шегінде «Центральная» құрылымы орналасқан жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын береді.
      Жер қойнауын геологиялық зерттеу кезеңі аяқталғаннан кейін кәсіпорын жалпы салық салу режимін қолдана отырып, тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалануды жалғастыруға немесе осы Хаттаманың 6-бабының 3-тармағына сәйкес Ресей Федерациясының Үкіметімен өнімді бөлу туралы келісім жасасуға құқылы.
      Кәсіпорын шегінде «Центральная» құрылымы орналасқан жер қойнауы учаскесінде кен орнын игеруге арналған жобалау құжаттамасын белгіленген тәртіппен бекіткеннен кейін 3 ай ішінде бірлескен лицензия бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін аукцион өткізбей пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланғаны үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген біржолғы төлем төлейді.».

2-бап

      Осы Хаттама оған қол қойылған күнінен бастап 30 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша нысандағы соңғы хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      201__ жылғы «___» ________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы            Ресей Федерациясы
              үшін                            үшін

О внесении на рассмотрение Президента Республики Казахстан предложения о подписании Протокола о внесении изменения в Протокол к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2015 года № 793

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан предложение о подписании Протокола о внесении изменения в Протокол к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года.

      Премьер-Министр
       Республики Казахстан                      К. Масимов

Проект

Протокол
о внесении изменения в Протокол к Соглашению между Республикой
Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной
части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав
на недропользование от 6 июля 1998 года

      Республика Казахстан и Российская Федерация, именуемые
в дальнейшем Сторонами,
      исходя из взаимной заинтересованности в совместном освоении углеводородных ресурсов месторождения «Центральная»,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Пункт 6 статьи 4 Протокола к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года, подписанного 13 мая 2002 года, изложить в следующей редакции:
      «6. Правительство Российской Федерации предоставляет предприятию право пользования недрами на участке недр, в пределах которого расположена структура «Центральная», для геологического изучения, разведки и добычи полезных ископаемых без проведения аукциона на срок 25 лет с этапом геологического изучения недр на срок 7 лет с применением общего режима налогообложения, если иное не установлено настоящим пунктом.
      После завершения этапа геологического изучения недр предприятие вправе продолжить пользование недрами на соответствующем участке недр с применением общего режима налогообложения или заключить с Правительством Российской Федерации соглашение о разделе продукции
в соответствии с пунктом 3 статьи 6 настоящего Протокола.
      Предприятие уплачивает установленный законодательством Российской Федерации разовый платеж за пользование недрами для участка недр, который предоставляется в пользование без проведения аукциона для геологического изучения недр, разведки и добычи полезных ископаемых, осуществляемых по совмещенной лицензии, в течение 3 месяцев после утверждения в установленном порядке проектной документации на разработку месторождения на участке недр, в пределах которого расположена структура «Центральная».».

Статья 2

      Настоящий Протокол временно применяется по истечении 30 дней
с даты его подписания и вступает в силу с даты получения последнего уведомления в письменной форме по дипломатическим каналам о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Совершено в городе _______ «____» __________ 201__ года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

За Республику Казахстан

За Российскую Федерацию