Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1331 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.»;
2) 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 30 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасында (Іс-шаралар жоспары):
реттік нөмірлері 1, 2, 29, 30, 31, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 45, 47, 48, 49, 50, 55, 57, 58, 59, 60-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
Жобаларды қаржыландырудың бастапқы кезеңдерінде формальды емес венчурлік инвесторлардың инвестицияларын тарту |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, даму институттары |
жыл сайын, наурыз |
2 |
Технологиялар трансферті орталықтарын немесе технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты базасында екі жақты орталықтар немесе әлемдік инновациялар орталықтарындағы бір жақты өкілдік форматында технологиялық ынтымақтастық орталықтарын құру мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ |
жыл сайын, желтоқсан |
»;
«
29 |
Технологиялық болжау нәтижелері бойынша, оның ішінде пилоттық нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру арқылы айқындалған Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан |
30 |
Халықаралық инновациялық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысу мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, БҒМ |
2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан |
31 |
Инновациялық конгресс және Астана экономикалық форумы шеңберінде шетелдік технологиялар көрмесін ұйымдастыру мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ |
2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан |
32 |
Бірлескен ғылыми зерттеулерді қоса қаржыландыруға жеке және халықаралық қорларды тарту |
ПӘ-ге ақпарат |
БҒМ, ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2014 – 2020 жылдар |
»;
«
34 |
Тәуекелмен қаржыландыруды (инвестициялауды) дамытуға бағытталған инновациялық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ПӘ-ге ұсыныс |
ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2015 жылғы маусым |
35 |
Инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша тәуекелдерді басқару тетігін әзірлеу |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2015 жылғы |
36 |
Кемінде 10 түйінді инновациялық жобаны іске асыру бойынша жол карталарын әзірлеу |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2015 жылғы |
37 |
Ғылыми-инновациялық жобаларға кредит беруге кепілдік беру (мемлекеттік емес кепілдік) мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, БҒМ |
2015 жылғы |
38 |
Инновацияларды ынталандыруға бағытталған стандарттау және техникалық реттеу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ПӘ-ге ұсыныс |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2015 – 2017 жылдардағы желтоқсан |
39 |
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының үздік өнертапқыштары мен жаңашылдарына арналған жеңілдікті тұрғын үй құрылысы бойынша ұсыныстар енгізу |
ПӘ-ге ақпарат |
ҰЭМ, ИДМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері |
2016 – 2017 жылдардағы желтоқсан |
40 |
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында, сондай-ақ болашақта «ИТП» инновациялық кластеріне кіретін объектілерде «жасыл» технологиялар саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер зертханаларын құру мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ақпарат |
ЭМ, ИДМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімдігі |
2016 – 2017 жылдардағы желтоқсан |
41 |
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына кемінде 250 - 350 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, «ИТП» ДКФ» АҚ (келісім бойынша) |
2017 жылғы желтоқсан |
»;
«
45 |
Бәсекеге қабілеттілік рейтингінің (Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі) көрсеткіші «инновациялық әлеует» факторы бойынша 2015 жылға қарай 80-нен төмен емес және 2020 жылға қарай 50-ден төмен емес орынға қол жеткізуді қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
»;
«
47 |
Ішкі жалпы өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 1 % және 2020 жылға қарай кемінде 2,5 % жалпы ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
48 |
Мемлекеттік сатып алу көлеміндегі инновациялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер үлесін 2015 жылға қарай кемінде 5 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 15 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
49 |
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы жоғары технологиялы шетел компанияларының санын 2015 жылға қарай кемінде 5-ке және 2020 жылға қарай кемінде 10-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
50 |
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін 2015 жылға қарай кемінде 20 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 50 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
»;
«
55 |
Өнеркәсіп шығыстарында жаңа технологияларды (патенттерді, лицензияларды) сатып алуға кеткен шығындар үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 30 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
»;
«
57 |
Шығарылатын өнім көлеміндегі бесінші (алтыншы) технологиялық деңгей өнімдерінің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 20 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
58 |
Энергия өндірісі құрылымындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 1 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 3 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, ЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
59 |
Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын көрсетілетін қызметтердің жалпы санындағы электрондық форматқа ауыстырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 50 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 100 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
60 |
Негізгі капиталға инвестициялар көлеміне қарағанда технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындардың қатынасын 2015 жылға қарай кемінде 7 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 15 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету |
ПӘ-ге ақпарат |
ИДМ, ЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары |
2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын |
»;
ескертпе: аббревиатуралардың жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі»;
«ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі»;
«ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов