"Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының хром кенін сатуы бойынша мәміле бағасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 856 қаулысы

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Челябі электр-металлургия комбинаты» ашық акционерлік қоғамының арасындағы мәміле бойынша жалпы 2500000 (екі миллион бес жүз мың) метрлік тоннадан аспайтын көлемге шарт жасалған күнінен бастап бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасы, Дөң теміржол станциясы FCA шарттарымен хром тотығының базалық құрамы отыз екі пайыз, ірілік класы нөлден бастап он миллиметрге дейін құрғақ бір метрлік тонна хром кенінің бағасы 90 (тоқсан) АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін.
      2. Жеткізілетін хром кеніндегі хром тотығының құрамы базалық құрамнан ауытқыған жағдайда, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген хром кенінің құрғақ бір метрлік тоннасының бағасы, хром тотығы құрамының базалық құрамнан бір пайызға көбейгені/азайғаны үшін 2,8125 (екі бүтін он мыңнан сегіз мың бір жүз жиырма бес) АҚШ доллары есебінен пропорционалды түрде тиісінше көбейеді/азаяды.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Об установлении цены сделки по реализации хромовой руды акционерным обществом "Транснациональная компания "Казхром"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2015 года № 856

      В соответствии с подпунктом 3) части первой пункта 10 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года «О трансфертном ценообразовании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить цену хромовой руды по сделке между акционерным обществом «Транснациональная компания «Казхром»» и открытым акционерным обществом «Челябинский электрометаллургический комбинат» в размере 90 (девяносто) долларов США за одну сухую метрическую тонну класса крупности от нуля до десяти миллиметров с базовым содержанием оксида хрома тридцать два процента на условиях FCA железнодорожная станция Дон, Республика Казахстан, на общий объем не более 2500000 (два миллиона пятьсот тысяч) метрических тонн сроком на пять лет с даты заключения договора.
      2. При отклонении содержания оксида хрома в поставляемой хромовой руде от базового цена хромовой руды за одну сухую метрическую тонну, указанная в пункте 1 настоящего постановления, соответственно увеличивается/уменьшается пропорционально из расчета 2,8125 (две целых и восемь тысяч сто двадцать пять десятитысячных) долларов США за один процент увеличения/уменьшения содержания оксида хрома от базового.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов