«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Челябі электр-металлургия комбинаты» ашық акционерлік қоғамының арасындағы мәміле бойынша жалпы 2500000 (екі миллион бес жүз мың) метрлік тоннадан аспайтын көлемге шарт жасалған күнінен бастап бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасы, Дөң теміржол станциясы FCA шарттарымен хром тотығының базалық құрамы отыз екі пайыз, ірілік класы нөлден бастап он миллиметрге дейін құрғақ бір метрлік тонна хром кенінің бағасы 90 (тоқсан) АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін.
2. Жеткізілетін хром кеніндегі хром тотығының құрамы базалық құрамнан ауытқыған жағдайда, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген хром кенінің құрғақ бір метрлік тоннасының бағасы, хром тотығы құрамының базалық құрамнан бір пайызға көбейгені/азайғаны үшін 2,8125 (екі бүтін он мыңнан сегіз мың бір жүз жиырма бес) АҚШ доллары есебінен пропорционалды түрде тиісінше көбейеді/азаяды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов