Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы «Қазақстан Республикасы үшін Хаттама Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылатын болады» деген ескертпемен мақұлдансын.
2. 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 865 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі – Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Терминдер мен ұғымдар» деген 1-бөлiмде:
«тауардың шығу тегі туралы декларация» деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«тауардың шығу тегі туралы декларация» – тауарға қатысы бар және кедендік ресімдеу мақсаттары үшін мәлімделгенге қатысты тауарға бір мәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін шот-фактурада немесе өзге коммерциялық құжатта тауардың шығарылған елі туралы экспорттаушы жасаған мәлімдеме. Декларацияның мәтіні осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын 5-қосымшада жазылған;».
2. Ереженің 5.3-тармағындағы «5.3-тармағында» деген сөздер «5.2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.*
3. Ереженің 6.7-тармағы алып тасталсын.
4. Ереже мынадай редакциядағы жаңа бөліммен толықтырылсын:
«9-1-бөлім. Тауардың шығарылған елі туралы мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізу
Тауардың шығу тегі туралы құжаттың төлнұсқалығына немесе онда қамтылған мәліметтердің анықтығына, сондай-ақ тауарлардың шығарылған елін осы Ережеге сәйкес айқындау өлшемшартының орындалуына қатысты күмән туындаған жағдайда тауарды әкелуші мемлекеттің кеден органы әкетуші елдің уәкілетті немесе тексеруші (верификациялаушы) органына қарапайым іріктеп тексеруге байланысты сұрау салуды қоса алғанда, қосымша не нақтылаушы мәліметтерді хабарлау туралы дәлелді өтінішпен сұрау салу жолдай алады, оған жауап осындай сұрау салу кеден органында тіркелген күнінен бастап 3 ай ішінде берілуге тиіс.
Кеден органы сұрау салған ақпарат тауардың шығу тегі туралы тексерілетін құжаттың төлнұсқалығын белгілеуге, онда қамтылған мәліметтерді тексеруге немесе нақтылауға немесе тауардың шығарылған елін айқындау өлшемшартының орындалуын тексеруге тікелей қатысты болуға тиіс.
Жіберілген сұрау салу тауарлардың шығарылған елін айқындауға ықпал етпейтін ақпаратты қоспағанда, сұрау салуға жауап әкелуші елдің кеден органы сұрау салған барлық қажетті ақпаратты қамтуға тиіс.
Жіберілуі осы тармақтың бірінші абзацында көзделген сұрау салуға 3 ай бойы жауап болмаған жағдайда немесе егер сұрау салуға алынған жауап тауардың шығу тегі туралы құжаттың түпнұсқалығын және/немесе тауардың шығарылған елін айқындау өлшемшартының орындалуын белгілеуге мүмкіндік бермесе, әкелуші елдің кеден органы уәкілетті немесе тексеруші (верификациялаушы) органға қайта сұрау салу жіберуге тиіс.
Қайта сұрау салуға жауап кеден органы осындай сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 ай ішінде берілуге тиіс.».
5. Ережеге 1-қосымшада, Тауар орын алған елден шығарылған деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесінде:
«25-топ» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
25-топтан |
Олар үшін қолданылатын ереже бұдан әрі жазылатын 2501 00, 2504, 2515 12 000, 2516, 2518, 2519, 2522, 2523, 2524, 2525-позициялардағы өнімдерден басқа, тұз, күкірт, топырақ және тас, сылау материалдары |
Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында кез келген позициялар материалдарынан дайындау; көмірмен байыту, тазалау, қатты кристалдарды ұсату, кесу, кальцийлендіру |
»;
мынадай мазмұндағы «2501 00-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:
«
2501 00-ден |
Ас тұзы |
Өндіру процесін қамтитын өндіріс технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында кез келген позициялар материалдарынан дайындау |
»;
мынадай мазмұндағы «2522» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:
«
2522 |
2825-тауар позициясында көрсетілген оксидтен және кальций гидрооксидінен басқа сөндірілмеген, сөндірілген және гидравликалық әк |
Өндіру процесін қамтитын өндіріс технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында кез келген позициялар материалдарынан дайындау |
»;
мынадай мазмұндағы «3920 49 100-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:
«
3920 49 100-ден |
Түсірілген суреті немесе мәтіні бар винилхлорид полимерлерінен жасалған термошөгінді затбелгілер |
Кез келген позициялар материалдарынан дайындау. |
»;
мынадай мазмұндағы «3920 62 190-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:
«
3920 62 190-нан |
Түсірілген суреті немесе мәтіні бар полиэтилентерефталаттан жасалған термошөгінді затбелгілер |
Кез келген позициялар материалдарынан дайындау. Алайда, дайын өнім сияқты позицияда пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
».
_______________
* 2014 жылғы 21 қарашадағы 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген жағдайда.
6. Ереже мынадай мазмұндағы 5-қосымшамен толықтырылсын:
«Тауарлардың шығарылған елін
айқындау ережесіне
5-қосымша
Тауардың шығу тегі туралы декларация
Экспорттаушы ___________ 4 осы құжатта көрсетілген тауарлардың 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың (өзге де шығарылған елі көрсетілген тауарларды қоспағанда) шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімде қабылданған ережеде белгіленген талаптарға сәйкес __________ 5 толығымен өндірілгенін немесе жеткілікті түрде өңдеуден/қайта өңдеуден өткенін мәлімдейді.
_______________ 6
(қолы, Т.А.Ә., күні)».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейіннен орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2015 жылғы «____» _______ ________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Әзербайжан Ресей Федерациясының
Республикасының Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Армения Тәжікстан
Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Түрікменстан
Республикасының Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Қазақстан Өзбекстан
Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Украина
Республикасының Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Молдова
Республикасының
Үкіметі үшін
________________
4 - тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес тауарларды экспорттаушының атауы көрсетіледі
5 - тауарлардың шығарылған елінің (елдерінің) атауы көрсетіледі
6 - экспорттаушы уәкілетті тұлғаның қолы, аты, тегі, әкесінің аты, күні қойылады
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға
Қазақстан Республикасының ескертпесі
Қазақстан Республикасы үшін Хаттама Казақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылатын болады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов