"Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 898 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 642 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 642 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 "Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года № 898. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2023 года № 642

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.08.2023 № 642.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 "Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 41, ст. 399) следующее изменение:

      в Правилах выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Условия, объем и целевое назначение выпуска ценных бумаг местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы определяются центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета. При этом совокупный объем государственного заимствования местных исполнительных органов не должен превышать установленный лимит долга соответствующего местного исполнительного органа.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов