Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 939 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 1090 қаулысы;

      2) "Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 69-құжат).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 939 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-121-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнің Ғылым комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-39-1-жол алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген 3-бөлімде:

      реттік нөмірі 22-жол алып тасталсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

О некоторых вопросах республиканской собственности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 939.

      В соответствии со статьей 178 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Ликвидировать некоммерческое акционерное общество "Тюркская академия".

      2. Комитету науки Министерства образования и науки Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить принятие мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2010 года № 1090 "О создании некоммерческого акционерного общества "Тюркская академия";

      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2010 года № 1369 "О некоторых вопросах некоммерческого акционерного общества "Тюркская академия" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 6, ст. 69).

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 ноября 2015 года № 939

Изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Астана":

      строку, порядковый номер 21-121, исключить.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      в разделе "Комитет науки Министерства образования и науки Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 222-39-1, исключить.

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2006 года № 700 "Некоторые вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 27, ст. 290):

      в перечне организаций, находящихся в ведении Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе 3 "Акционерные общества":

      строку, порядковый номер 22, исключить.

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 03.06.2022 № 361 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).