"Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 1090 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 939 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 939 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғылыми, мұражайлық және кітапханалық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ түркітану саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің ілгерілеуіне жәрдемдесу болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарғылық капиталды қалыптастыру үшін және ғылыми зерттеулер жүргізуге 228277000 (екі жүз жиырма сегіз миллион екі жүз жетпіс жеті мың) теңге сомасында қаражат көздесін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның жарғысын бекітуді;
      2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратынан қоғамды орналастыру үшін үй-жай берсін.
      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес бөлінетін қаражат есебінен 70650000 (жетпіс миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның Директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 21 қазандағы 
№ 1090 қаулысымен   
      бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405  қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-121-жолмен толықтырылсын:
      «21-121. «Түркі академиясы» КЕАҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-6-жолмен толықтырылсын:
      «222-33-6 «Түркі академиясы» КЕАҚ».
      3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
      «9. «Түркі академиясы».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады