РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағын, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын, осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 2) тармақшасын, 2-бөлімінің 7-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 1) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілерге арналған тиісті санаттардағы лауазымдарға тағайындалады.";
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторийлік-курорттық қызмет көрсетілуіне;";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:";
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін:
әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақты, сыныптық шенді алу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнайы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа жеткен;
әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркіне не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты қызметтен босатылған;
жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен босатылған не арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа жеткен адамдардың алуға құқығы бар;";
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен біржолғы жәрдемақы тағайындау үшін есепке алынатын ақшалай қаражатты айқындау кезінде:";
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есепке алынатын ақшалай қаражат мемлекеттік әкімшілік не азаматтық қызметтен босатылған күнгі соңғы қызмет атқарған орны бойынша тіркелген ақшалай қаражатты не лауазымдық жалақыны көрсете отырып, соңғы қызмет орны бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
10. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.
11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаторийлік-курорттық емделу құқығы сақталады.";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қатарынан қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының еңбек сіңірген жылдары үшін үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне – оның қайтыс болған күніне қарай төленген асыраушысының еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемінің мөлшерінде біржолғы жәрдемақылар төленеді.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.
Құқық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған, әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақтаған адамдарды тіркеу туралы
АНЫҚТАМА
____________________________________________________________ берді
(мемлекеттік органның, бөлімшенің атауы)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________
2. Жойылған кездегі арнаулы атағы (сыныптық шені) ___________
3. Жойылған кездегі құқық қорғау органы, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерінің атқарған лауазымы ______________
4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ
нысанды киім киіп жүру құқығының жойылуына байланысты мемлекеттік
немесе азаматтық лауазымға ауыстыру туралы 2012 жылғы "___" _______ №
______ бұйрық.
Мөр орны Органның кадр қызметінің басшысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.