Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының қырық тоғызыншы абзацы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "125) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;" деген редакцияда қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының елуінші, елу бірінші абзацтарын қоспағанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 528 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "129-1) халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қараудың болуын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;".

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      12-2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "53-1) кәсіптік стандартқа сәйкес әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бағдарламасын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 97-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "97-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қараудың болуын бағалау өлшемшарттарын айқындау;";

      262) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "262) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;".

      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, шетелде еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және оның қызметін тексеруді жүзеге асыру;

      3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде әдістемелік ұсынымдарды, есептік, статистикалық және есептік құжаттама нысандарын, ведомстволық статистикалық байқаулар нысандарын, сондай-ақ оларды еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру салаcында ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметтің функционалдық талдауын дербес жүргізу;

      4-2) цифрлық трансформацияны жүргізу;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және жетекшілік ететін қызмет салаларында оның дамуын қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) тиісті жылға демалыс күндерін ауыстыруды бекіту;

      17-2) кәсіптік мерекелерді белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      17-3) кәсіптік мерекелердің тізбесін бекіту;

      17-4) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "47-1) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілеу";

      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "67) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "67-1) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-1) мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, мүгедектіктің себептеріне, құрылымы мен жай-күйіне мониторинг жүргізу";

      77) тармақша алып тасталсын;

      79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "79) ақпараттық жүйелердің және дерекқорлардың жұмысы, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "80-1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "82-1) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарын айқындау;

      85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "85) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "93) көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;";

      98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "98) еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысын және мансап орталығының үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;";

      106) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "106) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақылар төлеудің үлгілік қағидалары мен шарттарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 119-1) және 119-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "119-1) Қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      119-2) авторлық мектептерді ашу жөніндегі әдістемелік нұсқауды әзірлеу және бекіту;";

      125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "125) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "126) орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ алушылар мен зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 130-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "130-1) жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 131-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "131-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      143-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 143-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "143-2) төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;";

      148) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "148) Қордың қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 158-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "158-1) білім беру, азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау саласындағы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарын айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 162-1) және 162-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "162-1) кәсіптік стандартқа сәйкес әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      162-2) әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 167-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "167-2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 177-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "177-1) тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін мемлекеттік сатып алу, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 181-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "181-1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру;";

      мынадай мазмұндағы 185-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "185-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 188-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "188-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін келісу;";

      209), 210) және 211) тармақшалар алып тасталсын;

      Министрлік ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласы.";

      бүкіл мәтін бойынша:

      "қор", "қордан", "қордың" деген сөздер "Қор", "Қордан", "Қордың" деген сөздермен ауыстырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 528 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 82 қаулысы.

      2. "Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 7 шілдедегі № 644 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы № 1088 қаулысы.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 904 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      7."Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1384 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1098 қаулысы.

      9. "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысы.

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2184 қаулысы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 461 қаулысы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 166 қаулысы.

      13. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 875 қаулысы.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 214 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      15. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 614 қаулысы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне енгізілетін өзгерістердің 12-тармағы.

      17. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы.

      18. "Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысы.

      19. "Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысы.

      20. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысы.

      21. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысы.

      22. "2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1058 қаулысы.

      23. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы.

      24. "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысы.

      25. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 215 қаулысы.

      26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4, 5, 6, 7-тармақтары.

      27. "Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысы.

      28. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 23-тармағы.

      29. "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысы.

      30. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 21-тармағы.

      31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 1140 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3, 4, 7-тармақтары.

      32. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3-тармақтары.

      33. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 және "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 255 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      34. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 476 қаулысы.

      35. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 846 қаулысы.

      36. "1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған, мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 928 қаулысы.

      37. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2, 3, 5, 7, 8-тармақтары.

      38. "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысы.

      39. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 1, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-тармақтары.

      40. "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 861 қаулысы.

      41. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 862 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістердің 2, 3-тармақтары.

      42. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      43. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 603 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 3, 5, 6-тармақтары.

      44. "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 91 қаулысы.

      45. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 239 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 3-тармақтары.

      46. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4, 5, 7-тармақтары.

      47. "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 866 қаулысы.

      48. "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысы.

      49. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысы.

      50. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 263 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 3, 4-тармақтары.

      51. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 102 қаулысы.

      52. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 195 қаулысы.

      53. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 196 қаулысы.

      54. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 332 қаулысы.

      55. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 485 қаулысы.

      56. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысы.

      57. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 195 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 637 қаулысы.

      58. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 745 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2, 3, 4-тармақтары.

      59. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 856 қаулысының 1-тармағы.

      60. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 169 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      61. "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 855 қаулысы.

      62. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 921 қаулысы.

      63. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      64. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 5, 10, 18, 20, 21, 25, 30-тармақтары.

      65. "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 897 қаулысы.

      66. "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 897 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1140 қаулысы.

      67. "Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1141 қаулысы.

      68. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 157 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      69. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      70. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады