Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 990 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 212 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 212 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.

      2. "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 15-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 990. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2021 года № 212.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.04.2021 № 212 (вводится в действие с 01.01.2022).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить местные исполнительные органы областей, города республиканского значения и столицы лицензиаром по осуществлению лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1506 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 1, ст. 15).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов