Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 212 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
2. "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 15-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |