Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстың бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 207 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарында:
1-тармақтың 1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2015 жылға «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысында көзделген 10346043000 (он миллиард үш жүз қырық алты миллион қырық үш мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 (бес) жыл мерзімге беріледі;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов