"Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1026 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстың бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 207 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарында:
      1-тармақтың 1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2015 жылға «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысында көзделген 10346043000 (он миллиард үш жүз қырық алты миллион қырық үш мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 (бес) жыл мерзімге беріледі;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады