"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 42 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1048 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 42 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 42 "О подписании Конвенции между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Словения об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и на капитал и Протокола к ней"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 1048

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 42 «О подписании Конвенции между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Словения об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и на капитал и Протокола к ней» следующее изменение:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Уполномочить Министра финансов Республики Казахстан Султанова Бахыта Турлыхановича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Конвенцию между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Словения об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и на капитал и Протокол к ней, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов