Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының Үкiметi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 42 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының Үкiметi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның және оған Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2015 № 1048 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 42 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының
Үкiметi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға
қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан
жалтаруға жол бермеу туралы конвенция

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының Үкiметi табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi:

1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар

      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар

      1. Осы Конвенция, Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің, орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға оларды алу әдiсiне қарамастан қолданылады.
      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсiмiне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жеке элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табыс пен капиталға салынатын салықтар болып есептеледi.
      3. Осы Конвенция қолданылып жүрген салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:
      а) Қазақстанда:
      (i) корпоративтік табыс салығы;
      (ii) жеке табыс салығы;
      (iii) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық
      (бұдан әрi «Қазақстан салығы» деп аталады);
      b) Словенияда:
      (i) заңды тұлғалардың табысына салынатын салық;
      (ii) жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
      (iii) мүлікке салынатын салық;
      (бұдан әрi «Словения салығы» деп аталады).
      4. Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға да осы Конвенция қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерінің салық заңнамаларындағы кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.

3-бап
Жалпы анықтамалар

      1. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
      а) «Қазақстан» терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада пайдаланған кезде ұлттық заңнамасына және ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзiнiң егемендiк құқықтары мен заңды құзырын жүзеге асыра алатын аймақтарын қамтиды;
      b) «Словения» терминi Словения Республикасын бiлдiредi және географиялық тұрғыдан пайдаланған кезде ұлттық заңнамаға және халықаралық құқыққа сәйкес Словения олардың үстінен егемендiк құқықтары мен заңды құзырын жүзеге асыра алатын теңiз кеңістігін қоса алғанда, Словения аумағын бiлдiредi;
      с) «Уағдаласушы Мемлекет» немесе «екiншi Уағдаласушы Мемлекет» терминдерi түпмәтiнге байланысты Қазақстанды немесе Словенияны бiлдiредi;
      d) «тұлға» терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн бiлдiредi;
      е) «компания» терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтік құрылым ретiнде қарастырылатын кез келген корпоративтік құрылымды немесе кез келген ұйымды бiлдiредi;
      f) «кәсiпорын» терминi кез келген кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қолданылады;
      g) «Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      h) «халықаралық тасымал» терминi теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегі пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, тиімді басқару орны Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан кәсiпорын пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен кез келген тасымалды бiлдiредi;
      i) «құзыреттi орган» терминi мыналарды:
      (i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
      (ii) Словенияда: Қаржы министрлігiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
      j) «ұлттық тұлға» терминi мыналарды:
      (i) Уағдаласушы Мемлекеттің ұлты немесе азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (ii) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңдарының негiзiнде осындай мәртебені алған кез келген заңды тұлғаны, серіктестікті немесе қауымдастықты бiлдiредi;
      k) «кәсiпкерлiк қызмет» терминi кәсiби қызметтердi және тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметтi орындауды қамтиды.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияны кез келген уақытта қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтiннен өзге мағына туындамаса, Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша сол кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленетiн болады, осы Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылатын салық заңнамасына сәйкес кез келген мағына осы Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа заңдары бойынша терминге берiлетiн мәннен жоғары басымдыққа ие болады.

4-бап
Резидент

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн «Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi» терминi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша оның тұрғылықты жерi, резиденттiгi, басқару орны, тіркелген жері немесе ұқсас сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуы тиiс кез келген тұлғаны бiлдiредi, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттi және кез келген әкімшілік-аумақтық бөлімшені, орталық немесе жергілікті билік органын қамтиды. Алайда, бұл термин осы Уағдаласушы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа қатысты ғана және онда орналасқан капиталға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:
      а) ол өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi, егер оның иелiгiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
      с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол ұлттық тұлғасы болып табылатын Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      d) егер оның мәртебесін жоғарыда айтылған тармақшаларға сәйкес айқындау мүмкін болмаса, онда Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы мәселені өзара келісім бойынша шешеді.
      3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, онда оның тиiмдi басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi.

5-бап
Тұрақты мекеме

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн «тұрақты мекеме» терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
      2. «Тұрақты мекеме» терминi, атап айтқанда мыналарды:
      а) басқару орнын;
      b) филиалды;
      с) кеңсенi;
      d) фабриканы;
      е) шеберхананы; және
      f) шахтаны, кенiштi, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьердi, қондырғыны, құрылысты (бұрғылау қондырғысын немесе теңіз кемесін қоса алғанда) немесе табиғи ресурстарды барлайтын немесе өндiретiн басқа да кез келген орынды, сондай-ақ оған байланысты қадағалау қызметтерiн қамтиды.
      3. Егер құрылыс алаңы немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiсi 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс iстеп тұрған болса ғана олар тұрақты мекемені құрайды.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, «тұрақты мекеме» терминi мыналарды:
      а) құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткiзiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзiп тұру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын басқа кәсiпорынның өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын тауарларды немесе бұйымдарды сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      f) осындай амал нәтижесiнде пайда болатын тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын а) - е) тармақшаларында тізбеленген қызмет түрлерiнiң кез келген амалын жүзеге асыру үшiн ұстауды қамтымайды.
      5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер оған 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және кәсiпорын атынан келiсiмшарттар жасасуға өкiлеттiктерi болса және оны әдетте Уағдаласушы Мемлекетте пайдаланса, егер оның қызметi 4-тармақта айтылған қызмет түрлерiмен ғана шектелмесе, егер оларды қызметтiң тұрақты орны арқылы жүзеге асырса да, бұл қызметтiң тұрақты орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмаса, онда бұл кәсiпорын осы тұлғаның кәсiпорын үшiн қолға алатын кез келген қызметiне қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      6. Кәсіпорын кәсiпкерлiк қызметін осы Уағдаласушы Мемлекетте брокер, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды. Алайда, мұндай агенттің қызметі осындай кәсіпорынның атынан толық немесе толық дерлік орындалған кезде және мұндай агент пен осындай кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық және қаржылық өзара қарым-қатынастарында тәуелсіз кәсіпорындар арасында орнатылуы мүмкін болатыннан өзгеше жағдайлар жасалса, онда ол осы тармақ шеңберінде тәуелсіздік мәртебесі бар агент болып саналмайды.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен) фактiсi осы компаниялардың бiрі екiншiсiнiң тұрақты мекемесі болып табылатындығын білдірмейді.

6-бап
Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табысына (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысты қоса алғанда) осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. «Жылжымайтын мүлiк» терминi қарастырылып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша айқындалады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық шикiзат кен орындарын, көздерiн және басқа да табиғи ресурстарды игеру немесе игеру құқығы үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе тiркелген төлемдерге құқықтарды қамтиды; теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа да қолданылады.

7-бап
Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмаса, кәсiпорынның пайдасына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда айтылғандай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда кәсiпорынның пайдасына екiншi Уағдаласушы Мемлекетте, бiрақ тек:
      а) осындай тұрақты мекемеге;
      b) осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарлар мен бұйымдарға ұқсас және онымен бірдей тауарлардың немесе бұйымдардың сатылымына; немесе
      с) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын, өз сипаттамасы бойынша осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметке ұқсас немесе онымен бірдей басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты бөлiгiне ғана салық салынуы мүмкiн.
      2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте, егер ол оқшау және дербес кәсiпорын болып, осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысып, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын анықтау кезiнде әкiмшiлiк шығыстар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығыстарды шегеруге жол берiледi.
      4. Кәсіпорынның жалпы пайдасының жиынтығын оның әртүрлі бөлімшелері арасында тепе-тең бөлу негізінде тұрақты мекемеге жататын пайданы анықтау Уағдаласушы Мемлекетте әдеттегі практика болып табылса, онда 2-тармақта ештеңе де осы Уағдаласушы Мемлекетке салық салынатын пайданы осындай, әдеттегі практика негізінде осындай бөлу арқылы анықтауға тыйым салмайды; алайда, тепе-тең бөлудің таңдалған әдісі осы бапта қамтылған қағидаттарға сәйкес нәтижелер беруге тиіс.
      5. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алуының негiзiнде ғана осы тұрақты мекемеге қандай да бір пайда есептелмейдi.
      6. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, жыл сайын біркелкі тәсілмен анықталады.
      7. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылатын табыстардың түрлерiн қамтыса, онда бұл баптардың ережелерi осы баптардың ережелерiн қозғамайды.

8-бап
Теңіз және әуе көлігі

      1. Теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға кәсіпорынды тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Егер тиімді басқару орны теңіз кемесінің бортында орналасқан болса, онда ол теңіз кемесі тіркелген порт тұрған Уағдаласушы Мемлекетте немесе мұндай порт болмаса - теңіз кемесін пайдаланушы тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан болып есептеледі.
      3. 1-тармақтың ережелерi пулға, көлік құралдарын пайдалану жөніндегі бiрлескен кәсiпорынға немесе халықаралық ұйымға қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.

9-бап
Қауымдасқан кәсіпорындар

      1. Егер:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) бiрдей тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе олардың капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
      және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсiпорындардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылуы және оған тиiсiнше, салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынған пайдасын осы Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосса әрi тиiсiнше, салық салса және осылайша қосылған пайда алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелетiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасындағы өзара қатынастар тәуелсiз кәсiпорындардың арасында болатын қатынастардай болса, егер осы екінші Уағдаласушы Мемлекет түзетулерді қабылданды деп қарастырса, онда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзету жасайды. Мұндай түзетудi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа да ережелерi ескерiлуге тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған кезде бiр-бiрiмен консультация жүргiзiп отыруға тиiс.

10-бап
Дивидендтер

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, резидентi дивиденд төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда алынатын салық:
      а) егер iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания капиталының кемiнде 25 пайызына тiкелей иелiк ететiн (әріптестіктен өзге) компания болса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 пайызынан;
      b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының 15 пайызынан аспауға тиiс.
      Осы тармақтың ережелерi компанияның дивидендтер төленетiн пайдасына салық салуды қозғамайды.
      3. «Дивидендтер» терминi осы бапта пайдаланған кезде акциялардан, құрылтайшылардың акцияларынан немесе пайдаға қатысуға берілетін борыштық талаптар болып табылмайтын басқа құқықтардан пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлушi компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс сияқты дәл сондай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер дивидендтердiң Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және төленiп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет мұндай дивидендтер осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен шын мәнiнде байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерден кез келген салық алынбайды, егер төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толығымен немесе iшiнара осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған табыстан құралса да, компанияның бөлiнбеген пайдасына бөлiнбеген пайда салығы салынбайды.
      6. Осы Конвенцияда Уағдаласушы Мемлекетке осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның пайдасына есептелетiн салыққа қосымша, осылайша есептелген кез келген қосымша салық мұның алдындағы салық салынатын жылдары осындай қосымша салық салуға ұшырамаған табыс сомасының 5 пайызынан аспайтын жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемеге жататын компанияның пайдасына арнайы салық салуға ешнәрсе кедергі бола алмайды деп пайымдалмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда одан тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте алынатын, осы тармақта аталған қосымша салықтан өзге барлық салықты шегерiп тастағаннан кейiн анықталады.

11-бап
Пайыздар

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн пайыздарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай пайыздарға олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер пайыздардың нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
      3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын пайыздар, егер:
      а) пайыздарды төлеуші осы Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі, әкімшілік-аумақтық бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы немесе орталық банкі болып табылса;
      b) пайыздар екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне, әкімшілік-аумақтық бөлімшесіне, орталық немесе жергілікті билік органына немесе орталық банкіне төленетін болса;
      с) осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі, осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлімшелері, орталық және жергілікті билік органдары немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің орталық банкі немесе толығымен Үкіметке тиесілі кез келген басқа институт кепілдендірген, сақтандырған немесе жанама қаржыландырған қарыздарға қатысты пайыздардың нақты иесі осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады.
      4. «Пайыздар» терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген және борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да бір борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, үкiметтiк немесе мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың iс жүзiндегi иесi пайыздар пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және өзiне қатысты пайыздар төленетiн борыштық талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге қатысты болса, 12 және 3-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге байланысты қарыз пайда болған жағдайда, сол қарыз бойынша есептелінген төленетін пайыздар және пайыздарды төлеу жөнiндегi мұндай шығыстарды осындай тұрақты мекеме көтеретiн болса, онда мұндай пайыздар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      7. Егер пайыздар төлеушi мен оның нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебiнен оның негiзiнде төленетiн борыштық талапқа қатысты пайыздардың сомасы пайыздар төлеушi мен олардың нақты иесi арасында осындай қатынастар болмаған кезде келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға тиiс.

12-бап
Роялти

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер роялтидiң нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осындай тәсiлмен алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиiс.
      3. «Роялти» терминi осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық қамтамасыз етудi, кинематографиялық фильмдердi қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым шығармаларына, кез келген патентке, сауда таңбасына дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшiн немесе осындай құқықты пайдалануға бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн сыйақы ретiнде алынған төлемдердiң кез келген түрiн, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төлемдерді бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң iс жүзiндегi иесi роялти туындаған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты роялти төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi болса және мұндай роялти осы тұрақты мекемеге байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      6. Егер роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары негізінде төленетiн пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн тиiстi түрде ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынады.

13-бап
Мүлік құнының өсімінен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта анықталған және екiншi Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан алатын табыстарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табысқа мұндай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) иелiктен шығарудан алынған табысты қоса алғанда, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе мұндай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алынған табыстарға кәсіпорынды тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен өз құнының 50 пайызынан астамын тiкелей немесе жанама түрде алатын компания капиталындағы қатысу үлесін немесе оған теңестірілген бағалы қағаздарды иелiктен шығарудан алған табыстарға осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      5. 123 және 4-тармақтарда көзделгендегіден өзге кез келген мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табыстарға мүлiктi иелiктен шығарушы тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

14-бап
Жалданып iстейтін жұмыстан алынатын табыс

      1. 1517 және 18-баптарының ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер жалданып жұмыс iстеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған сыйақыға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалданып жұмыс істеуіне байланысты алған сыйақыға салық, егер:
      а) алушы тиiстi салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы жиынтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болса; және
      b) сыйақыны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жұмыс беруші төлесе немесе жұмыс берушінің атынан төленсе; және
      с) сыйақы төлеу жөнiндегi шығындарды жұмыс берушінің екіншi Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесi көтермесе, тек алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекетте салынады.
      3. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында орындалатын жалданып iстейтiн жұмысқа қатысты алынған сыйақыға, кәсіпорынды тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

15-бап
Директорлардың қаламақылары

      Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе соған ұқсас компания органының мүшесi ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

16-бап
Әртістер мен спортшылар

      1. 7 және 14-баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе телевизия әртісі немесе сазгер сияқты өнер қызметкері ретінде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының осы өзiнiң сипатында жүзеге асыратын жеке қызметiнен алатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа 7 және 14-баптардың ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының осы Уағдаласушы Мемлекетке сапары толығымен немесе айтарлықтай дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де қоғамдық қорлары, әкімшілік-аумақтық бөлімшелері, орталық немесе жергілікті билік органдары қаржыландырса, 1 және 2-тармақтардың ережелері оның Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алатын табысына қолданылмайды. Мұндай жағдайда табысқа өнер қызметкері немесе спортшы резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

17-бап
Зейнетақылар

      18-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекет  резидентінің бұрын жалдану арқылы жүзеге асырған жұмысы үшiн төленетiн зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

18-бап
Мемлекеттік қызмет

      1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асырған қызметi үшiн төлейтiн қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      b) Алайда, мұндай қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға, егер қызмет осы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      (i) осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылса; немесе
      ii) осындай қызметтi жүзеге асыру мақсатында ғана осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болмаса, тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. а) 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы немесе өздері құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асырған қызметі үшін төлейтін зейнетақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      b) Алайда, мұндай зейнетақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға, егер жеке тұлға осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті және ұлттық тұлғасы болып табылса, тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. 141516 және 17-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлімше, орталық немесе жергiлiктi билiк органы жүзеге асырған кәсіпкерлік қызметпен байланысты қызметке қатысты қызметақыға, жалақыға, зейнетақыларға және басқа осыған ұқсас сыйақыға қолданылады.

19-бап
Студенттер

      1. Уағдаласушы Мемлекетке тiкелей келер алдында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болып табылған және алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекетке тек бiлiм алу, практикадан немесе тағылымдамадан өту мақсатында келген студент, практикант немесе тағылымдамадан өтуші өзiн ұстау, бiлiм алу, практикадан немесе тағылымдамадан өту мақсатында алатын төлемдер осы Уағдаласушы Мемлекеттен тысқары жердегі көздерден шыққан сомаларға осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.
      2. Гранттарға, стипендиялар мен басқа осыған ұқсас сыйақыға және 1-тармақта көрсетілмеген жалдамалы жұмыстан алатын сыйақыларға 1-тармақта айтылған студенттің, практиканттың немесе тағылымдамадан өтушінің осындай оқуы, практикадан немесе тағылымдамадан өтуі кезінде өзі болатын Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне берілетін салықтарға қатысты дәл сондай жеңілдіктерге, босатулар мен шегерімдерге құқығы бар.

20-бап
Басқа да табыстар

      1. Осы Конвенцияның алдыңғы баптарында айтылмаған Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң табыс түрлерiнiң пайда болу көзiне қарамастан, оларға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 6-баптың 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табыстарға, егер мұндай табыстарды алушы бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола тұра, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және соларға байланысты табыс төлеу жүргiзiлген құқық немесе мүлiк iс жүзiнде осындай тұрақты мекемеге байланысты болса, 1-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.

21-бап
Капитал

      1. 6-бапта айтылған, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесінің кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз және әуе кемесi мен осындай теңiз және әуе кемесiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға кәсіпорынды тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

22-бап
Қосарланған салық салуды жою

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталға ие болса, алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекет мыналарға:
      а) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте төленген табыс салығына тең соманы шегеруге;
      б) осы резиденттiң капиталына салынатын салықтан осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте төленген капитал салығына тең соманы шегеруге рұқсат береді.
      Алайда, мұндай шегерім кез келген жағдайда осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте табысқа немесе капиталға салық салынуы мүмкін болатын мән-жайға қарай табысқа немесе капиталға шегерім берілгенге дейін есептелген салықтың сомасынан аспауға тиіс.
      2. Егер Конвенцияның кез келген ережесiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған табыс немесе капитал осы Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылған болса, мұндай Уағдаласушы Мемлекет осындай резиденттің табысының немесе капиталының қалған бөлігіне салынатын салық сомасын есептеу кезінде салық салудан босатылған табыстың немесе капиталдың сомасын есепке алуы мүмкін.

23-бап
Кемсітпеу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кез келген салық салуға немесе дәл сондай жағдайларда, атап айтқанда, резиденттiкке қатысты осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан және оған байланысты мiндеттемелерден өзгеше немесе ауыртпалықты салық салу болып табылатын оған байланысты кез келген мiндеттемеге ұшырамайды. Осы ереже 1-баптың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ адамдар Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында да дәл осындай жағдайда, атап айтқанда, резиденттiкке қатысты тиісті Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан немесе оған байланысты міндеттемелерден өзгеше немесе ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе оған байланысты кез келген міндеттемеге ұшырамайды.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленетiн тұрақты мекемеге салық салу осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң осыған ұқсас қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте қолайсыздау болмауға тиiс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерiне салық салу мақсаттары үшiн азаматтық мәртебе немесе отбасылық жағдайы негiзiнде ол өзiнiң резиденттерiне беретiн кез келген жеке салықтық жеңiлдiктер, босатулар мен шегерiмдер беруге мiндеттейтiндей болып талқыланбайды.
      4. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының, 12-баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне жүргiзетiн пайыздар, роялтилер және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын анықтау мақсаттары үшiн алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiндей жағдайларда шегерiмге жатқызылуға тиiс. Осыған ұқсас Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез келген берешегi осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын анықтау мақсаты үшiн алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiндей жағдайларда шегерiмге жатқызылуға тиiс.
      5. Капиталы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей немесе жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салуға немесе алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа ұқсас кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салу мен онымен байланысты мiндеттемелерге қарағанда, онымен өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салу немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауға тиiс.
      6. Осы баптың ережелерi 2-баптың ережелерiне қарамастан, кез келген түрдегi және сипаттағы салықтарға қолданылады.

24-бап
Өзара келісу рәсімі

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соғып отыр немесе әкеп соғады деп есептесе, ол осы Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына немесе егер оның iсi 23-баптың 1-тармағының қолданысына түссе, онда өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына бере алады. Өтiнiш осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соқтыратын iс-әрекеттер туралы алғашқы хабарлама берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуге тиiс.
      2. Құзыреттi орган, егер ол өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, осы Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында iстi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге байланыссыз орындалатын болады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары Конвенцияны түсiндiру немесе қолдану кезiнде пайда болатын кез келген қиындықтарды немесе күмәндi өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Олар сол сияқты Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары алдыңғы тармақтарды түсiнуде келiсiмге қол жеткiзу мақсатында олардың өздерін қоса алғанда және олардың өкілдерінен тұратын бірлескен комиссиялар арқылы да бiр-бiрiмен тiкелей байланысқа түсе алады.

25-бап
Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң немесе олардың әкімшілік-аумақтық бөлiмшелерiнiң, орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтін шамада алынатын кез келген түрдегі және сипаттамадағы салықтарға қатысты ұлттық заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу 1 және 2-баптармен шектелмейді.
      2. 1-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және 1-тармақта айтылған салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе салықтарға қатысты шағымдарды қараумен және жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкiмшiлiк органдарды қоса алғанда) ғана хабарланады. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде ашуы мүмкiн.
      3. 1 және 2-тармақтардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекетке:
      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларды қолдану;
      b) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты беру;
      с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсіби құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (ordre public) қайшы келуi мүмкiн ақпаратты беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада түсiндiрiлмейдi.
      4. Егер ақпаратты Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұраса, мұндай ақпарат тіпті осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де, екінші Уағдаласушы Мемлекет сұралған ақпаратты жинақтау жөніндегі шараларды қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 3-тармақтың шектеулеріне жатады, мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
      5. 3-тармақтың ережелері ақпарат иегері банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл болып әрекет ететін тұлға болып табылатындығы себебінен немесе ақпарат меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болу себебінен Уағдаласушы Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде қарастырылмайтын болады.

26-бап
Салықтарды жинауға көмектесу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттер табыс талаптарын орындауда бiр-бiрiне көмек көрсетедi. Мұндай көмек 1 және 2-баптардың қолданылуымен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өзара келiсiм бойынша осы бапты қолдану рәсiмдерiн белгiлей алады.
      2. Осы бапта қолданылатын «табыс талабы» терминi салық салу пайыздарды, әкiмшiлiк айыппұлдарды және осындай сомаға қатысты қамтамасыз ету шараларын өндіріп алу не қолдану жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, осы Конвенцияға немесе тараптары Уағдаласушы Мемлекеттер болып табылатын кез келген басқа актіге қайшы келмейтiндей дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердiң немесе олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің, орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан алынатын кез келген түрдегi және сипаттағы салықтарға қатысты тиесiлi берешек сомасын бiлдiредi.
      3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мәжбүрлі орындауға жататын болса және ол бойынша борышкер сол кездің өзінде осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес оның орындалуының алдын ала алмайтын тұлға болып табылса, мұндай табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органының орындау мақсаттары үшін қабылданатын болады. Мұндай табыс талабын осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің өзінің заңнамасының, егер осы табыс талабы осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болғанда оның өз салықтарын мәжбүрлі өндіріп алуға қолданылатын ережелеріне сәйкес орындайтын болады.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң табыс талабы оған қатысты, оны орындау мақсатында осы Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету шараларын қолдана алатын талап болып табылса, мұндай табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органының орындау мақсаттары үшін қабылданатын болады. Бұл екінші Уағдаласушы Мемлекет, тіпті егер мұндай шараларды қолдану сәтінде осы табыс талабы бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте мәжбүрлі орындауға жатпайтын болса да немесе ол бойынша борышкер оның орындалуының алдын алуға құқығы бар тұлға болып табылса да, егер табыс талабы осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болғандағыдай, мұндай табыс талабына қатысты өзiнiң заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету шараларын қолданады.
      5. 3 және 4-тармақтардың ережелерiне қарамастан, 3 және 4-тармақтарға сәйкес Уағдаласушы Мемлекет қабылдаған табыс талабына осы Уағдаласушы Мемлекетте уақытша шектеулер қойылуға немесе талаптың сипаты себебi бойынша осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес табыс талаптарына қолданылатын оның кез келген басымдылығын айқындауға жатпайды. Осыған қосымша ретiнде, 3 немесе 4-тармақтардың мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекет қабылдаған табыс талабының осы Уағдаласушы Мемлекетте екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес осы табыс талабына қолданылатын басымдығы болмайды.
      6. Уағдаласушы Мемлекеттiң табыс талабының болуына, заңдылығына немесе оның сомасына қатысты сот талап-арыздары екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң сотында немесе басқа әкiмшiлiк органдарында қозғалмайды.
      7. Егер Уағдаласушы Мемлекет 3 немесе 4-тармақтарға сәйкес сұрау салу жібергеннен кейiн және екінші Уағдаласушы Мемлекет тиiстi табыс талабын орындағанға және алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекетке тиісті соманы аударғанға дейінгі кез келген уақытта тиісті табыс талабының:
      а) 3-тармаққа сәйкес сұрау салынған жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі орындауға жататын және ол бойынша борышкер осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес сол кездің өзінде оның орындалуын болдырмау мүмкіндігі жоқ тұлға болып табылатын алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы, немесе
      b) 4-тармаққа сәйкес сұрау салынған жағдайда, оған қатысты осы Уағдаласушы Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес оны орындау мақсатында қамтамасыз ету шараларын қолдана алатын алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болмайды,
      алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органдарын осы факті туралы дереу хабардар етеді және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің қалауы бойынша алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекет өзінің сұрау салуын не тоқтата тұрады немесе кері қайтарып алады.
      8. Осы баптың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге мынадай міндеттемелерді жүктеу:
      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына және әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларды қолдану;
      b) мемлекеттiк саясатқа (ordre public) қайшы келетiн шараларды қолдану;
      с) егер екiншi Уағдаласушы Мемлекет өз заңнамасына немесе әкiмшiлiк практикасына сәйкес қолжетімді қамтамасыз ету шараларын орындау немесе мән-жайға қарай қолдану бойынша барлық тиiстi шараларды қабылдамаған болса, көмек көрсету;
      d) осы Уағдаласушы Мемлекетке жүктелетiн әкiмшiлiк ауыртпалық екiншi Уағдаласушы Мемлекет табатын пайдаға мөлшерi жағынан сәйкес келмеген жағдайларда жәрдемдесу ретінде түсіндірілмейтін болады.

27-бап
Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің
қызметкерлері

      Осы Конвенциядағы ештеңе де дипломатиялық өкiлдiктер немесе консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретiн немесе арнайы шартардың ережелерiне сәйкес берiлетiн артықшылықтар сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.

28-бап
Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция ратификациялануға жатады. Уағдаласушы Мемлекеттер осы Конвенцияның күшіне енуі үшін қажетті ұлттық заңды рәсiмдердiң аяқталғаны туралы жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етеді. Осы Конвенция соңғы хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Конвенция:
      а) төлем көзінен, Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейін төленген табыстарынан ұсталатын салықтарға қатысты; және
      b) Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейін басталатын салық салынатын кезеңге немесе кез келген салық салынатын кезеңдеріне жататын табысқа салынатын салықтарға немесе капиталға салынатын салықтарға қатысты қолданылады.

29-бап
Өзгерістер және толықтырулар

      Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке Хаттамаларды ресімдеу жолымен өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

30-бап
Қолданылуын тоқтату

      1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның қолданылуын тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Кез келген Уағдаласушы Мемлекет Конвенция күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейiнгi кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуына кемiнде алты ай қалғанда, дипломатиялық арналар арқылы қолданылуын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жiбере отырып, Конвенцияның қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда Конвенция өзінің қолданылуын:
      а) төлем көзiнен, хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейін төленген табыстарынан ұсталатын салықтарға қатысты; және
      b) хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейiн басталатын салық салынатын кезеңге немесе кез келген салық салынатын кезеңдеріне жататын табысқа салынатын салықтарға немесе капиталға салынатын салықтарға қатысты тоқтатылады.

      Осыны куәландыру үшiн Үкіметтері тиiстi дәрежеде уәкiлеттiк берген төмендегi қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

      20__ жылғы ________ ________ қаласында ағылшын тiлiнде екі данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының              Словения Республикасының
            Үкiметi үшiн                           Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының
Үкiметi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға
қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан
жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға
хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қою сәтiнде соған тиісінше уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылатын мынадай ереже туралы келісті.

      7-бапқа қатысты:
      Егер қолжетімді немесе Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органындағы бар ақпарат тұрақты мекеменің пайдаларын анықтау үшін жеткіліксіз болып табылса, пайда, оның анықтамасы осы баптың қағидаттарына сәйкес болуы шартымен, осы Уағдаласушы Мемлекеттің салық заңнамаларына сәйкес есептелуі мүмкін.

      Осыны куәландыру үшiн Үкіметтері тиiстi дәрежеде уәкілеттік берiлген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.

      20__ жылғы ________ ________ қаласында ағылшын тiлiнде екі данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының              Словения Республикасының
            Үкiметi үшiн                            Үкiметi үшiн

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Конвенцияның және оған Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіндері берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады