Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялаудын кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1059 қаулысы.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін мемлекеттік орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 18.06.2018 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2020 № 701 қаулыларымен.

      2. "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 қаулысының 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 499-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О некоторых вопросах лицензирования деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1059.

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить:

      1) Министерство оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан лицензиаром по осуществлению лицензирования деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств;

      2) Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан государственным органом, согласующим выдачу лицензии на осуществление деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств, в части соответствия заявителя требованиям законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 18.06.2018 № 356 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 23.10.2020 № 701.

      2. Признать утратившим силу пункт 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2013 года № 489 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 33, ст. 499).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов