Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2016 № 868 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 868 қаулысымен.

       БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.

     ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы  26 қаңтардағы № 114 бұйрығын қараңыз.

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1059 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 489 қаулысымен   
бекітілген      

Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы,
арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта
өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


2.

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


3.

жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) құқығында немесе өзге де заңды негізде қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай

жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) құқығында немесе өзге де заңды негізде қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықтарды;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға арналған тартқышы бар контурлы жай найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


4.

пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


5.

қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттары

қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


6.

ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


7.

кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал

кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


8.

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлға

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлғаның болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


9.

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


2.

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


3.

жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай

жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықтарды;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


4.

пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


5.

қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттары

қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


6.

ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


7.

босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал

босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


8.

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлға

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлғаның болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


9.

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


Босатылатын оқ-дәрiлерді,  
қару-жарақтарды, әскери   
техниканы, арнайы құралдарды 
жою (құрту, кәдеге жарату, көму)
және қайта өңдеу бойынша    
қызметті жүзеге асыру үшін   
ұсынылып отырған бiлiктiлiк  
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
қосымша            

Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы,
арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта
өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылып отырған
бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттарға мәліметтер
нысаны

      1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму)
және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуы:
      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның
ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ
лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары
техникалық білімі:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл
жұмыс өтілі бар білікті мамандар:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;
      3) жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) құқығында
немесе өзге де заңды негізде қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы
нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден
қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт,
санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және
мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
      мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе)
контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;
      босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға
арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен
жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;
      босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген
материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған
жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;
      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      егер өзге заңды негізде болған жағдайда келісімшарттың нөмірі
мен қол қойылған күні ______________________________________________;
      шарт жасалған ұйымның атауы __________________________________;
      жабдықтау, көтеру механизмі, қоршау, оқшалау, контейнерлік
типтегі ұтқыр модульдің бар-жоғы және өндірістік объектілерінен
қашықтығы туралы ақпарат, метрде ___________________________________;
      4) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем
бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету
туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары:
      өлшеу құралдарының болуы туралы ақпарат ______________________;
      өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні
____________________________________________________________________;
      5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды
құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының
рұқсаттары:
      рұқсаттың нөмірі мен берілген күні ___________________________;
      6) ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын
оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге
жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі
туралы нұсқаулықтар:
      ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын
оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге
жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі
туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      7) кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын,
жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша
журнал:
      кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын,
жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша
журналдың болуы туралы ақпарат _____________________________________;
      8) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап
беретін лауазымды тұлға:
      жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы
____________________________________________________________________;
      жауапкершілікті жүктеу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні
____________________________________________________________________;
      9) өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып,
күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен
шарт:
      атыс қаруын пайдалану туралы ақпарат _________________________;
      өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың нөмірі
мен күні ___________________________________________________________;
      шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған
ұйымның атауы ______________________________________________________.
      2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы
құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша
кіші қызмет түрі үшін:
      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның
ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ
лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары
техникалық білімі:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы
____________________________________________________________________;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл
жұмыс өтілі бар білікті мамандар:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      дипломды берген оқу орнының атауы
____________________________________________________________________;
      3) жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған қолданыстағы
нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден
қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт,
санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және
мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
      мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш
механизм, жабдықтар;
      босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды
сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
      босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы
құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға,
кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар
үй-жай немесе арнайы алаң;
      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік
үй-жай:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      жабдықтардың, көтеру механизмінің, қоршалуының, оқшалауларының
болуы және өндірістік объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде
____________________________________________________________________;
      4) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем
бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін
өлшеу құралдары:
      өлшеу құралдарының болуы туралы ақпарат ______________________;
      өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні
____________________________________________________________________;
      5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды
құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының
рұқсаттары:
      рұқсаттың нөмірі мен берілген күні ___________________________;
      6) ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын
оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы,
арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар:
      ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын
оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы,
арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      7) босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы
құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке
алу және сақтау бойынша журнал:
      кәдеге жаратылған босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың,
арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын
есепке алу және сақтау бойынша журналдың бар-жоғы туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      8) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап
беретін лауазымдық тұлға:
      жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________________________________;
      жауапкершілікті жүктеу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні
____________________________________________________________________;
      9) өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып,
күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен
шарт:
      атыс қаруын пайдалану туралы ақпарат _________________________;
      өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың нөмірі
мен күні ___________________________________________________________;
      шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған
ұйымның атауы ______________________________________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 489 қаулысына   
1-қосымша      

Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы,
арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта
өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруді өтініш
берушінің Қазақстан  Республикасы заңнамасының талаптарына
сәйкестігі бөлiгiнде келісетін мемлекеттік органдар

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1059 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 489 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдердің тізбесі

      1. «Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 42-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 212-құжат).
      3. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 1072 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 769-құжат).
      4. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 719 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, 734-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады