2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1065 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 149 қаулысына
қосымша
Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу
Р/с |
Іс-шаралардың атауы |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Сома, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5.1.1-мақсат. Қауіпті мінез-құлық факторларын бақылау профилактикасы және оны күшейтуге кешендік ұстаным арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру |
|||
1 |
Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын салалық спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу |
МСМ |
57 196 |
2 |
Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын жасау |
ИДМ |
64 500 |
5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы |
|||
3 |
Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу |
ДСӘДМ |
12 600 |
4 |
Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру |
ДСӘДМ |
49 917 |
5 |
Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару |
ИДМ |
2 220 |
5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығы және одан болатын өлімді төмендету |
|||
6 |
Жол қауіпсіздігі проблемалары бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу |
ІІМ |
1 669 |
7 |
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер дайындау және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету |
ІІМ |
24 720 |
8 |
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада мамандандырылған бағдарлама әзірлеу |
ІІМ |
16 700 |
9 |
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару |
ІІМ |
6 650 |
5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету |
|||
10 |
Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 40 трассалық пункттің жұмыс істеуі |
ІІМ |
787 373 |
11 |
Санитариялық тікұшақтарды пайдалануды қамтамасыз ету үшін 2 ангар сатып алу |
ІІМ |
57 848 |
5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлім деңгейін төмендету |
|||
12 |
АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту |
ДСӘДМ |
1 425 |
13 |
Қамауда ұстау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын |
ДСӘДМ |
32 724 |
оның ішінде: |
|||
Ақмола облысы |
2 709 |
||
енгізу. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту* |
Ақтөбе облысы |
1 921 |
|
Алматы облысы |
2 544 |
||
Атырау облысы |
506 |
||
Шығыс Қазақстан облысы |
4 145 |
||
Жамбыл облысы |
2 661 |
||
Батыс Қазақстан облысы |
1 205 |
||
Қарағанды облысы |
4 279 |
||
Қостанай облысы |
2 581 |
||
Қызылорда облысы |
907 |
||
Маңғыстау облысы |
1 315 |
||
Павлодар облысы |
1 500 |
||
Солтүстік Қазақстан облысы |
2 160 |
||
Оңтүстік Қазақстан облысы |
1 359 |
||
Алматы қаласы |
894 |
||
Астана қаласы |
2 038 |
||
Барлығы |
1 115 542 |
Ескертпе:
* Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босап шыққан адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар