«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1065 қаулысы

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1065 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің       
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 149 қаулысына    
қосымша        

Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Жауапты мемлекеттік органдар

Сома, мың теңге

1

2

3

4

5.1.1-мақсат. Қауіпті мінез-құлық факторларын бақылау профилактикасы және оны күшейтуге кешендік ұстаным арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру

1

Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын салалық спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу

МСМ

57 196

2

Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын жасау

ИДМ

64 500

5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы

3

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу

ДСӘДМ

12 600

4

Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру

ДСӘДМ

49 917

5

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару

ИДМ

2 220

5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығы және одан болатын өлімді төмендету

6

Жол қауіпсіздігі проблемалары бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу

ІІМ

1 669

7

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер дайындау және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету

ІІМ

24 720

8

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада мамандандырылған бағдарлама әзірлеу

ІІМ

16 700

9

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару

ІІМ

6 650

5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету

10

Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 40 трассалық пункттің жұмыс істеуі

ІІМ

787 373

11

Санитариялық тікұшақтарды пайдалануды қамтамасыз ету үшін 2 ангар сатып алу

ІІМ

57 848

5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлім деңгейін төмендету

12

АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту

ДСӘДМ

1 425

13

Қамауда ұстау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын

ДСӘДМ

32 724


оның ішінде:

Ақмола облысы

2 709


енгізу. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту*

Ақтөбе облысы

1 921

Алматы облысы

2 544

Атырау облысы

506

Шығыс Қазақстан облысы

4 145

Жамбыл облысы

2 661

Батыс Қазақстан облысы

1 205

Қарағанды облысы

4 279

Қостанай облысы

2 581

Қызылорда облысы

907

Маңғыстау облысы

1 315

Павлодар облысы

1 500

Солтүстік Қазақстан облысы

2 160

Оңтүстік Қазақстан облысы

1 359

Алматы қаласы

894

Астана қаласы

2 038

Барлығы

1 115 542

      Ескертпе:
      * Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босап шыққан адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
      ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады