"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1077 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2015 жылғы     
№ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН   

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілері) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың қолданысы мынадай:
      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
      4) сот төрелігі;
      5) жедел-іздестіру қызметі;
      6) қылмыстық-атқару қызметі;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі бірінші басшыларының, олар болмаған жағдайда олардың міндетін атқаратын не олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешімі (бұдан әрі – бірлескен шешім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
      4. Бірлескен шешім:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тапсырмалары;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеу нәтижелері;
      3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтініші және уәкілетті органның оны өткізу туралы шешімі негізінде қабылданады.
      5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды бірлескен шешіммен құрылған жұмыс тобы 30 жұмыс күнінен аспайтын кезеңде жүргізеді.
      6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау;
      2) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес талдамалық анықтама жасау.
      7. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
      8. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
      9. Осы Қағидаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп:
      1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
      2) мүдделер қақтығысын реттеу;
      3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
      4) рұқсат беру функцияларын орындау;
      5) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;
      6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер түсініледі.
      10. Мыналар:
      1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер;
      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынатын оның бағыттары бойынша мәліметтер;
      3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бағыттарына сәйкес мемлекеттік және құқық қорғау органдары ақпараттық жүйелерінің мәліметтері;
      4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты бұдан бұрын мемлекеттік органдар жүргізген тексерулер нәтижелері;
      5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың бағыттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері;
      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
      7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдарын анықтау және оларды жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

3. Сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары

      11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мыналарды:
      1) анықталған сыбайлас жемқорлық тауекелдері туралы ақпаратты;
      2) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
      12. Талдамалық анықтаманы жұмыс тобының мүшелері келіседі және оған бірлескен шешімде айқындалған уәкілетті орган мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды тұлғалары қол қояды.
      13. Талдамалық анықтама уәкілетті органға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі үшін бір-бір данада әзірленеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде олардың бірінші басшыларына ұсынылады.
      14. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді.
      15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері анықтамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны жүргізу негіздемесіне байланысты:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына ұсынылады;
      2) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және оны жүргізуге негіз болған жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізіледі;
      3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің не уәкілетті органның қоғамдық кеңесінде қаралады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Правил проведения внешнего анализа коррупционных рисков"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 1077

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «Об утверждении Правил проведения внешнего анализа коррупционных рисков».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов

Об утверждении Правил проведения
внешнего анализа коррупционных рисков

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения внешнего анализа коррупционных рисков.
      2. Настоящий Указ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Президент
      Республики Казахстан                  Н.Назарбаев

УТВЕРЖДЕНЫ         
Указом Президента     
Республики Казахстан    
от 31 декабря 2015 года № 1077

Правила проведения внешнего анализа коррупционных рисков   1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения внешнего анализа коррупционных рисков (далее – Правила) в соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан «О противодействии коррупции» определяют порядок проведения внешнего анализа коррупционных рисков в деятельности государственных органов и организаций, субъектов квазигосударственного сектора, за исключением специальных государственных органов (далее – объекты внешнего анализа коррупционных рисков).
      2. Действие настоящих Правил не распространяется на отношения
в сферах:
      1) высшего надзора, осуществляемого прокуратурой;
      2) досудебного производства по уголовным делам;
      3) производства по делам об административных правонарушениях;
      4) правосудия;
      5) оперативно-розыскной деятельности;
      6) уголовно-исполнительной деятельности;
      7) контроля за соблюдением требований законодательства Республики Казахстан о государственных секретах. 

2. Проведение внешнего анализа коррупционных рисков

      3. Основанием для проведения внешнего анализа коррупционных рисков является совместное решение первых руководителей уполномоченного органа по противодействию коррупции (далее – уполномоченный орган) и объекта внешнего анализа коррупционных рисков (далее – совместное решение), в случае их отсутствия, лиц, исполняющих их обязанности либо замещающих их должности.
      4. Совместное решение принимается на основании:
      1) поручений Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, Администрации Президента Республики Казахстан, консультативно-совещательных органов при Президенте Республики Казахстан;
      2) результатов антикоррупционного мониторинга, в том числе изучения обращений физических и юридических лиц;
      3) инициативного обращения объекта внешнего анализа коррупционных рисков и решения уполномоченного органа о его проведении.
      5. Внешний анализ коррупционных рисков проводится рабочей группой, созданной совместным решением, в период, не превышающий 30 рабочих дней.
      6. Проведение внешнего анализа коррупционных рисков включает в себя следующие этапы:
      1) сбор, обобщение и анализ информации относительно объекта внешнего анализа коррупционных рисков в соответствии с направлениями, предусмотренными пунктом 8 настоящих Правил;
      2) составление аналитической справки в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил.
      7. К проведению внешнего анализа коррупционных рисков уполномоченный орган вправе привлекать специалистов и (или) экспертов иных субъектов противодействия коррупции.
      8. Внешний анализ коррупционных рисков осуществляется по следующим направлениям:
      1) выявление коррупционных рисков в нормативных правовых актах, затрагивающих деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков;
      2) выявление коррупционных рисков в организационно-управленческой деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков.
      9. Под организационно-управленческой деятельностью объекта внешнего анализа коррупционных рисков согласно настоящим Правилам понимаются вопросы:
      1) управления персоналом, в том числе сменяемость кадров;
      2) урегулирования конфликта интересов;
      3) оказания государственных услуг;
      4) выполнения разрешительных функций;
      5) реализации контрольно-надзорных функций;
      6) иные вопросы, вытекающие из организационно-управленческой деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков.
      10. Источниками информации для проведения внешнего анализа коррупционных рисков являются:
      1) нормативные правовые акты, затрагивающие деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков;
      2) сведения по направлениям внешнего анализа коррупционных рисков, предоставляемые его объектом;
      3) данные информационных систем государственных и правоохранительных органов, согласно направлениям внешнего анализа коррупционных рисков;
      4) результаты проверок, ранее проведенных государственными органами в отношении объекта внешнего анализа коррупционных рисков;
      5) результаты антикоррупционного мониторинга в соответствии с направлениями внешнего анализа коррупционных рисков;
      6) публикации в средствах массовой информации;
      7) обращения физических и юридических лиц в отношении объекта внешнего анализа коррупционных рисков;
      8) сведения о выявлении и привлечении к ответственности должностных лиц объекта внешнего анализа коррупционных рисков за совершение коррупционных правонарушений;
      9) иные сведения, предоставление которых не запрещено законодательством Республики Казахстан.

3. Итоги внешнего анализа коррупционных рисков

      11. По результатам внешнего анализа коррупционных рисков готовится аналитическая справка, содержащая:
      1) информацию о выявленных коррупционных рисках;
      2) рекомендации по устранению выявленных коррупционных рисков.
      12. Аналитическая справка согласовывается членами рабочей группы и подписывается должностными лицами уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков, определенными в совместном решении.
      13. Аналитическая справка составляется по одному экземпляру для уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков и представляется их первым руководителям в течение трех рабочих дней после завершения внешнего анализа коррупционных рисков.
      14. Уполномоченный орган в течение шести месяцев со дня подписания справки по результатам внешнего анализа коррупционных рисков проводит мониторинг исполнения объектами внешнего анализа коррупционных рисков рекомендаций по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, вынесенных по результатам внешнего анализа коррупционных рисков.
      15. Результаты внешнего анализа коррупционных рисков в течение десяти рабочих дней со дня подписания справки в зависимости от основания его проведения:
      1) представляются на рассмотрение Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, Администрации Президента Республики Казахстан, консультативно-совещательных органов при Президенте Республики Казахстан;
      2) размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа и доводятся до сведения физических и юридических лиц, на основании обращений которых он проведен;
      3) рассматриваются на общественном совете объекта внешнего анализа коррупционных рисков либо уполномоченного органа.