2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2016 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінен 0,45 пайыздан асырылмай бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К.Мәсімов