"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2016 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1099 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2016 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінен 0,45 пайыздан асырылмай бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі                                  К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады