"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1154 қаулысы

      2016 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жұмыс беруші – қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын заңды тұлға;
      5) инженерлік-техникалық қызметкерлер – өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер;»;
      4-тармақтың 3)4)5)6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 (екі) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – ғылыми-педагог қызметкерлер санаты);
      4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын, өндірісте кемінде 2 (екі) жыл жалпы, соңғы 12 айды қоса алғанда, жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты);»;
      5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медицина қызметкерлері болып табылатын кемінде 3 (үш) жыл жалпы, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі – тағылымдамаға үміткерлер санаты);
      6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты);
      7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мыналар конкурсқа қатысу шарты болып табылады:
      1) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін:
      Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар – бүкіл оқу кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнында белгіленген бағалар жүйесіне сәйкес кемінде «жақсы» деген бағаға сәйкес болуы;
      магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) GPA балға немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;
      2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) GPA балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына және осы диплом бойынша мамандықтың Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдап алған мамандыққа сәйкес болуы;
      3) мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) GPA балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес болуы.»;
      10-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, оның ішінде конкурсқа философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімін (бұдан әрі – өтінім);»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хат;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін (тағылымдамаға үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;»;
      14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;
      15) бар болған жағдайда, Жұмыс орган бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;»;
      16) тармақшадағы «анықтаманы қосымша ұсынады.» деген сөздер «анықтаманы қосымша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынады.»;
      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.»;
      13-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі;».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573 "Об утверждении Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак" и определении направлений расходования международной стипендии "Болашак"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1154

      Вводится в действие с 10 января 2016 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573 «Об утверждении Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии «Болашак» и определении направлений расходования международной стипендии «Болашак» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 30, ст. 297) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах отбора претендентов для присуждения международной стипендии «Болашак», утвержденных указанным постановлением:
      подпункты 4) и 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «4) работодатель – юридическое лицо, с которым работник состоит в трудовых отношениях по осуществлению деятельности на территории Республики Казахстан;
      5) инженерно-технические работники – работники, осуществляющие организацию и руководство производственным процессом, а также непосредственно производственную деятельность в организации и имеющие высшее инженерно-техническое образование;»;
       подпункты 3)4)5)6) и 7) пункта 4 изложить в следующей редакции:
      «3) претендентов на получение степени магистра, являющихся на момент подачи документов для участия в конкурсе научными или педагогическими работниками научных организаций и организаций образования Республики Казахстан с общим стажем научной или педагогической работы не менее 2 (двух) лет (далее – категория научно-педагогических работников);
      4) претендентов на получение степени магистра, являющихся на момент подачи документов для участия в конкурсе инженерно-техническими работниками с общим стажем работы на производстве не менее 2 (двух) лет, включая последние 12 (двенадцать) месяцев (далее – категория инженерно-технических работников);
      5) претендентов на прохождение стажировок, являющихся на момент подачи документов для участия в конкурсе научными, педагогическими, инженерно-техническими либо медицинскими работниками организаций Республики Казахстан с общим стажем работы не менее 3 (трех) лет, включая последние 12 (двенадцать) месяцев в выбранной области специализации (далее – категория претендентов на стажировки);
      6) претендентов на получение степени магистра, являющихся на момент подачи документов для участия в конкурсе работниками культуры, творческими работниками организаций культуры с общим стажем работы в организациях культуры не менее 2 (двух) лет (далее – категория работников культуры, творческие работники);
      7) претендентов на получение степени магистра, являющихся на момент подачи документов для участия в конкурсе работниками редакции средств массовой информации с общим стажем работы в области средств массовой информации не менее 2 (двух) лет (далее – категория работников редакции средств массовой информации).»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Условием участия в конкурсе являются:
      1) для претендентов, участвующих по категории самостоятельно поступивших:
      обучающихся на академических программах в ведущих зарубежных высших учебных заведениях, включенных в Список, – соответствие среднего балла успеваемости за весь период обучения оценке не менее чем «хорошо» согласно системе оценок, установленной в ведущем зарубежном высшем учебном заведении, включенном в Список;
      на получение степени магистра, доктора философии (PhD), доктора по профилю и обучения в резидентуре – соответствие среднего балла диплома бакалавра или специалиста баллу не менее 3.0 (из 4.0/4.33) GPA или его эквиваленту в соответствии с таблицей эквивалентности оценок для присуждения международной стипендии «Болашак», утверждаемой Рабочим органом (далее – таблица эквивалентности оценок);»;
      2) для претендентов, участвующих по категориям государственных служащих, научно-педагогических работников, инженерно-технических работников, работников редакции средства массовой информации – соответствие среднего балла диплома бакалавра или специалиста баллу не менее 3.0 (из 4.0/4.33) GPA или его эквиваленту согласно таблице эквивалентности оценок и соответствие специальности по данному диплому специальности, выбранной для обучения за рубежом, в соответствии с перечнем родственных специальностей для обучения за рубежом в рамках международной стипендии «Болашак», утверждаемым Рабочим органом (далее – перечень родственных специальностей);
      3) для претендентов, участвующих по категории работников культуры, творческих работников – соответствие среднего балла диплома бакалавра или специалиста баллу не менее 3.0 (из 4.0/4.33) GPA или его эквиваленту согласно таблице эквивалентности оценок.»;
      в пункте 10:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      «1) для претендентов, указанных в подпунктах 2), 3), 4), 5), 6), 7) пункта 4 настоящих Правил, в том числе участвующих в конкурсе по категории, самостоятельно поступивших для получения степеней доктора философии (PhD), доктора по профилю из числа государственных служащих, научных либо педагогических работников – заявку работодателя на подготовку специалиста (далее – заявка) с условием сохранения места работы по форме, утверждаемой Рабочим органом;»;
      подпункт 3) исключить;
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      «4) мотивационное письмо в свободной форме с описанием личных взглядов и суждений, указанием обоснований выбранной специальности/темы исследования и страны обучения/прохождения стажировки;»;
      подпункт 7) изложить в следующей редакции:
      «7) оригинал и копия диплома бакалавра или специалиста с приложением (приложение не представляется претендентами на стажировки), а также в случае обучения в зарубежной организации образования – оригинал и копия удостоверения о признании и/или нострификации документа об образовании либо иного документа о признании документа об образовании с учетом особенностей, установленных пунктом 8 статьи 39 Закона. Оригиналы после сверки возвращаются претенденту;»;
      подпункт 9) изложить в следующей редакции:
      «9) оригиналы и копии документов, подтверждающих трудовую деятельность, а также выписки о перечисленных обязательных пенсионных взносах, за требуемый согласно настоящим Правилам период трудовой деятельности. Оригиналы после сверки возвращаются претенденту;»;
      подпункты 14) и 15) изложить в следующей редакции:
      «14) копию и оригинал действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по иностранному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия. Оригиналы после сверки возвращаются претенденту;
      15) копию и оригинал действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по государственному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия. Оригиналы после сверки возвращаются претенденту;»;
      дополнить подпунктом 17) следующего содержания:
      «17) нотариально заверенная доверенность на представителя, в случае, если претендент не может лично подать документы.»;
      часть третью пункта 11 изложить в следующей редакции:
      «В случаях несоответствия документов требованиям и условиям настоящих Правил и представления неполного пакета документов при обращении через веб-портал «электронного правительства» либо центры обслуживания населения, Администратором дается мотивированный ответ о необходимости устранения несоответствия документов требованиям и представления недостающих документов в течение 2 (двух) рабочих дней со дня обращения через веб-портал «электронного правительства» либо центры обслуживания населения.»;
      абзац первый подпункта 4) пункта 13 изложить в следующей редакции:
      «4) несоответствие специализированного зарубежного высшего учебного заведения, осуществляющего подготовку специалистов по медицинским специальностям и специальностям в области искусства для получения степеней магистра, доктора философии (PhD), доктора по профилю, обучения в резидентуре трем и более из следующих критериев:».
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 10 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     К. Масимов