Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1167 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1167 қаулысымен      
бекітілген         

Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату ережелері «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын (бұдан әрі – компания) тарату тәртібін айқындайды.
      2. Компания соттың шешімі бойынша банкрот болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге жағдайларда таратылуы мүмкін.
      3. Компанияны тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің  шешімімен қабылданады.
      Бұл ретте, компанияны ерікті түрде тарату компания шығарған мемлекеттік ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган компанияны тарату туралы шешiм қабылданғандығын заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде хабарлайды.
      5. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган компанияның жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу иеленген Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша компанияны тарату шешімі қабылданғаннан кейін компания тарату комиссиясын күнтізбелік он күн ішінде құрылып компанияның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк соған ауысады.
      6. Тарату комиссиясы компанияны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында компанияны тарату комиссиясы құрылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай  мерзімнен кешіктірмей мәлімделуге тиіс.
      мерзімі тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды.
      Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және қарыздарын алу үшін шаралар қолданады, сондай-ақ кредиторларға компанияның таратылғаны туралы жазбаша хабарлайды.
      7. Кредиторлар талаптарын қоюға арналған мерзiм аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы күнтізбелік отыз күн ішінде аралық тарату теңгерімін жасайды, онда компания мүлкiнiң құрамы, кредиторлар қойған талаптар тiзбесi, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi туралы мәлiметтер қамтылады.
      Аралық тарату теңгерімін мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган бекiтедi.
      8. Аралық тарату теңгерімін жасаған кезде таратылатын компания мүлкінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде компанияға сатылған мүлік кірмейді. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының меншігіне береді.
      9. Компанияның кредиторларына ақша төлеудi тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген кезек тәртiбiмен аралық тарату теңгерімі бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес жүргiзедi.
      10. Компанияның таратылатын мемлекеттік ислам бағалы қағаздары бойынша олардың ұстаушылары алдында, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органның алдында міндеттемелері болған жағдайда, тарату мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттары ескеріліп жүзеге асырылады.
      11. Кредиторлармен есеп айырысу бiткеннен кейiн тарату комиссиясы тарату теңгерімін азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасайды.
      12. Бұл туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн компанияның таратылуы аяқталған болып, ал компания өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.

Об утверждении Правил ликвидации государственной исламской специальной финансовой компании

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1167

      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      В соответствии с пунктом 7-1 статьи 32-6 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года «О рынке ценных бумаг» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ликвидации государственной исламской специальной финансовой компании.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 31 декабря 2015 года № 1167 

Правила ликвидации государственной
исламской специальной финансовой компании

      1. Настоящие Правила ликвидации государственной исламской специальной финансовой компании разработаны в соответствии с пунктом 7-1 статьи 32-6 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года «О рынке ценных бумаг» и определяют порядок ликвидации государственной исламской специальной финансовой компании (далее – компания).
      2. По решению суда компания может быть ликвидирована в случае банкротства, а также в иных случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      3. Решение о добровольной ликвидации компании принимается Правительством Республики Казахстан.
      При этом добровольная ликвидация компании может быть осуществлена после утверждения отчета об итогах погашения выпуска государственных исламских ценных бумаг, выпущенных компанией.
      4. После принятия решения о ликвидации компании уполномоченный орган по государственному имуществу незамедлительно письменно сообщает о принятии решения о ликвидации компании органу юстиции, осуществляющему регистрацию юридических лиц, органу государственных доходов по месту регистрации.
      5. Уполномоченный орган по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления, которому переданы права владения и пользования государственной долей участия в уставном капитале компании по согласованию с уполномоченным органом по государственному имуществу в течение десяти календарных дней после принятия решения о ликвидации компании назначает ликвидационную комиссию компании, к которой переходят полномочия по управлению имуществом и делами компании.
      6. Ликвидационная комиссия публикует информацию о ликвидации компании в течение десяти календарных дней с момента назначения ликвидационной комиссии компании, а также порядке и сроке заявления претензий ее кредиторами в официальных печатных изданиях Министерства юстиции Республики Казахстан. Срок заявления претензий не может быть менее двух месяцев с момента публикации объявления о ликвидации, за исключением случаев банкротства.
      Ликвидационная комиссия принимает меры к выявлению кредиторов и получению задолженности, а также письменно уведомляет кредиторов о ликвидации компании.
      7. После истечения срока для предъявления претензий кредиторами ликвидационная комиссия составляет в течение тридцати календарных дней промежуточный ликвидационный баланс, который содержит сведения о составе имущества компании, перечне заявленных кредиторами претензий, а также результатах их рассмотрения.
      Промежуточный ликвидационный баланс утверждается уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления.
      8. При составлении промежуточного ликвидационного баланса в состав имущества ликвидируемой компании не включается имущество, проданное компании на основании решения Правительства Республики Казахстан. Указанное имущество передается ликвидационной комиссией в собственность Республики Казахстан в порядке и сроки, определяемые Правительством Республики Казахстан.
      9. Выплата денег кредиторам компании производится ликвидационной комиссией в порядке очередности, установленной Гражданским кодексом Республики Казахстан, в соответствии с промежуточным ликвидационным балансом, начиная со дня его утверждения.
      10. В случае, если у ликвидируемой компании имеются обязательства по государственным исламским ценным бумагам перед их держателями, а также перед уполномоченным органом по управлению государственным имуществом и уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления, ликвидация осуществляется с учетом условий выпуска государственных исламских ценных бумаг.
      11. После завершения расчетов с кредиторами ликвидационная комиссия составляет ликвидационный баланс в соответствии с требованиями гражданского законодательства.
      12. Ликвидация компании считается завершенной, а компания прекратившей свою деятельность после внесения об этом сведений в Национальный реестр бизнес-идентификационных номеров.