2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 128 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
реттік нөмірі 101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
101 |
«Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясат: басқару технологиясын әзірлеу және қоғамдық келісімді нығайтуға азаматтарды тарту» |
Қоғамдық келісімді сақтау саясатын іске асыру және жаңа саяси бағыт аясында ұлттық бірлікті нығайту үшін практикалық ғылыми-негіздемелік ұсынымдарды әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі |
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК |
001 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл» |
25 000 |
».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізсін.
4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 10 қаулысына
қосымша
2016 жылға арналған республикалық бюджет
көрсеткіштерін түзету
мың теңге
Функционалдық топ |
Атауы |
Өзгерістер |
||
Әкімші |
||||
Бағдарлама |
||||
II. Шығындар |
0 |
|||
1 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
0 |
||
244 |
001 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл |
10 036 822 |
|
244 |
008 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау |
755 725 |
|
244 |
012 |
Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер |
231 638 |
|
622 |
001 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл |
-10 036 822 |
|
622 |
008 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау |
-755 725 |
|
622 |
012 |
Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер |
-231 638 |
|
3 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
0 |
||
244 |
014 |
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру және сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметтер |
4 175 304 |

-4 175 304 |
|
4 |
Білім беру |
0 |
||
244 |
013 |
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер |
1 841 792 |
|
622 |
013 |
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер |
-1 841 792 |