"Электрондық Үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысы

      «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалсын.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 40 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 579-құжат).
      3. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 136-құжат).
      4. «Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 226-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 және «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 826-құжат).
      6. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 280-құжат).

Об определении оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 40

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года «Об информатизации» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» акционерное общество «Национальные информационные технологии».
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр
Республики Казахстан

К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 29 января 2016 года № 40

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2010 года № 679 «Об операторе в сфере информатизации» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 41, ст. 365).
      2. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2010 года № 1169 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 59, ст. 579).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1497 «Об операторе платежного шлюза «электронного правительства» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 10-11, ст. 136).
      4. Пункт 6 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 января 2013 года № 49 «О некоторых вопросах государственной технической службы» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 12, ст. 226).
      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1114 «О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2004 года № 1232 «Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан» и от 1 июля 2010 года № 679 «Об операторе в сфере информатизации» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 60, ст. 826).
      6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1719 «Об операторе единой транспортной среды государственных органов» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 17, ст. 280).