"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің операторы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторы (бұдан әрі - төлем шлюзінің операторы) болып белгіленсін.
      2. Төлем шлюзінің операторы:
      1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      2) ақы төлеуді талап ететін, ұсынылатын электрондық қызмет көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
      3) екінші деңгейдегі банктермен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады.
      3. «Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелерді қоспағанда, қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар бойынша Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының, жобалық ықпалдастырушысы;
      жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелерді қоспағанда, қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар бойынша Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу.».
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады