2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте жасалған Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне қабылданған шешім туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов