«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен жедел басқару орталықтарының ішкі істер департаменттеріне арналған аппараттық-бағдарламалық кешендері республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген жедел басқару орталықтарының аппараттық-бағдарламалық кешендерін қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 92 қаулысына
қосымша
Жедел басқару орталықтарының коммуналдық меншікке берілетін аппараттық-бағдарламалық кешендерінің тізбесі
Р/с № |
Атауы |
Іске қосылған жылы |
Бөлімшенің атауы |
Облыстың атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Жедел басқару орталықтарының аппараттық-бағдарламалық кешендері |
2014 |
Щучинск қаласы, Ақмола облысының Ішкі істер департаменті |
Ақмола облысы |
2 |
2014 |
Хромтау қаласы, Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті |
Ақтөбе облысы |
|
3 |
2014 |
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті |
Шығыс Қазақстан облысы |
|
4 |
2014 |
Рудный қаласы, Қостанай облысының Ішкі істер департаменті |
Қостанай облысы |