Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға
арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 1 (бір) триллион 202 (екі жүз екі) миллиард 938 (тоғыз жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге (2015 жылы 395 (үш жүз тоқсан бес) миллиард 438 (төрт жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге, 2016 жылы 807 (сегіз жүз жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге) мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылы:
республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға – 151 (бір жүз елу бір) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
Шу – Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 19 (он тоғыз) миллиард 400 (төрт жүз) миллион теңге;
Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 17 (он жеті) миллиард теңге;
үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 10 (он) миллиард теңге;
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып, бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) – 90 (тоқсан) миллиард теңге;
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 57 (елу жеті) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға – 3 (үш) миллиард теңге;
халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға – 41 (қырық бір) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервін ұлғайтуға – 101 (бір жүз бір) миллиард 600 (алты жүз) миллион теңге;
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін салу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 10 (он) миллиард теңге;
агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қарыз алу көлемін ұлғайту және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қорландыру үшін қосымша қаражат тарту үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 25 (жиырма бес) миллиард теңге;
Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшып-қону жолағын реконструкциялау үшін «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 10 (он) миллиард теңге;
жаппай құрылыс салынатын аудандардағы тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 61 (алпыс бір) миллиард теңге;
2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық шеңберінде 12000 (он екі) мың және 3000 (үш) мың орындық Мұз айдындарының құрылысын аяқтауға Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге – 10 (он) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге Алматы қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт бөлуге – 17 (он жеті) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада объектілері үшін тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін салу және реконструкциялау үшін Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге – 4 (төрт) миллиард 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде индустриялық инфрақұрылым жүргізуге облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 15 (он бес) миллиард теңге;
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша
іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансфертін бөлуге – 63 (алпыс үш) миллиард теңге;
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының салымшыларына өтемақы төлеуге – 20 (жиырма) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
көрме контентін қалыптастыру, IT-инфрақұрылымын құру және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына нысаналы аударымға – 60 (алпыс) миллиард теңге бөлінсін.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев