Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 660 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 660 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 4 наурыздағы
№ 130 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесінің меншік құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға мемлекеттік мүлікті басқару бойынша функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бағдарламалық қамтылым – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – коммуналдық (облыстық, аудандық) меншікке билік етуге әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;

      3) мемлекеттік мүлік – республикалық және коммуналдық мүлік;

      4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – жеке тұлғалар) – мемлекеттік меншікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын және (немесе) мемлекеттік меншікті сенімгерлікпен басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар;

      5) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі – заңды тұлғалар) – мемлекеттік меншікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын және (немесе) мемлекеттік меншікті сенімгерлікпен басқару шартын жасасқан заңды тұлғалар;

      6) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты – жалға беруші жалға алушыға мемлекеттік меншікті ақы үшін уақытша иелену мен пайдалануға беруге міндеттенетін жазбаша нысанда жасалатын мәміле;

      8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты – егер шартта немесе заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, сенімгер басқарушы өзіне иеленуге, пайдалануға және билік етуге берілген мемлекеттік мүлікті пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенетін жазбаша нысанда жасалған мәміле;

      9) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервтің мүлкін қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.

      3. Есептер:

      1) мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепке;

      2) мемлекеттік меншікпен байланысты қаржылық қызмет туралы есепке бөлінеді.

2. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді беру тәртібі мен мерзімдері

      4. Жеке және заңды тұлғалар мүліктік сипаттағы мынадай:

      1) мемлекеттік мүлікті қосымша жалдау;

      2) мемлекеттік мүлікті кепілге беру;

      3) үшінші тұлғалардың мемлекеттік мүлікті жақсартулар жүргізуі;

      4) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер бойынша есеп береді.

      5. Жалға алушы болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қағидалардың 4-тармағында көзделген мәмілелерді жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есептерді осындай мәміле жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      6. Мемлекеттік меншікті басқару жөніндегі сенімгер басқарушы болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы мәмілені жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында көзделген мерзімдерде береді.

      7. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есеп осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда беріледі және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мәміле түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару);

      2) мәміле деректемелері (шарттың нөмірі мен күні, мәмілені орындау мерзімі, мәміле тараптары, мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі);

      3) мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны.

      8. Сенімгер басқарушының сеніп басқаруына берілген мемлекеттік меншікпен байланысты қаржылық қызмет туралы есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін беріледі.

      9. Жеке және заңды тұлғалар бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып, есепті электрондық түрде жасайды, оған ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе коммуналдық мүлікке қатысты – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға есепті бағдарламалық қамтылымдағы есепті жіберуге және Тізілімнің құрылымына енгізуге арналған сервисті пайдалана отырып, Тізілім арқылы жібереді.

      Есеп мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның мемлекеттік мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында беріледі.

      10. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган есеп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілім арқылы жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларында көрсетілген электрондық мекенжайына есептің Тізілімге енгізілгені немесе пысықтауға қайтарылу себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      11. Жеке немесе заңды тұлғалардың осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы есепті қайтаруға негіз болып табылады.

      12. Есеп қайтарылған жағдайда, жеке және (немесе) заңды тұлға ескертулерді жойып, есептің қайтарылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімге қайта есеп жібереді.

  Мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі функцияларды
орындауға қатысатын жеке
және заңды тұлғалардың мемлекеттік
меншікпен байланысты мүліктік
сипаттағы барлық мәмілелер және
қаржылық қызмет туралы есептер
беруінің қағидалары мен мерзімдеріне
қосымша

      нысан

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және (немесе) заңды тұлғаның мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есебі

Р/с

Мәміле түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару)

Мәміле деректемелері

Мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны

шарттың нөмірі мен күні

мәміле тараптары

мәмілені орындау мерзімдері

мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі









Об утверждении Правил и сроков представления физическими и юридическими лицами, участвующими в выполнении функций по управлению государственным имуществом, отчетов обо всех сделках имущественного характера и финансовой деятельности, связанных с государственной собственностью

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2016 года № 130. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2023 года № 660.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2023 № 660 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Вводится в действие с 1 января 2017 года.

      В соответствии с пунктом 11 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и сроки представления физическими и юридическими лицами, участвующими в выполнении функций по управлению государственным имуществом, отчетов обо всех сделках имущественного характера и финансовой деятельности, связанных с государственной собственностью.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2017 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 4 марта 2016 года № 130

Правила и сроки представления физическими и юридическими
лицами, участвующими в выполнении функций по управлению
государственным имуществом, отчетов обо всех сделках
имущественного характера и финансовой деятельности, связанных
с государственной собственностью
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и сроки представления физическими и юридическими лицами, участвующими в выполнении функций по управлению государственным имуществом, отчетов обо всех сделках имущественного характера и финансовой деятельности, связанных с государственной собственностью, (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 11 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции" и определяют порядок и сроки представления физическими и юридическими лицами, участвующими в выполнении функций по управлению государственным имуществом, отчетов обо всех сделках имущественного характера и финансовой деятельности, связанных с государственной собственностью, в государственный орган, осуществляющий в отношении государственного имущества правомочия собственника.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) программное обеспечение – совокупность программ, программных кодов, а также программных продуктов с технической документацией, необходимой для их эксплуатации;

      2) исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, – государственное учреждение, уполномоченное акиматом на распоряжение коммунальным (областным, районным) имуществом, финансируемое из соответствующих местных бюджетов;

      3) государственное имущество – республиканское и коммунальное имущество;

      4) физические лица, участвующие в выполнении функций по управлению государственным имуществом, (далее – физические лица) – физические лица, заключившие договор имущественного найма (аренды) государственного имущества и (или) договор доверительного управления государственным имуществом;

      5) юридические лица, участвующие в выполнении функций по управлению государственным имуществом, (далее – юридические лица) – юридические лица, заключившие договор имущественного найма (аренды) государственного имущества и (или) договор доверительного управления государственным имуществом;

      6) уполномоченный орган по управлению государственным имуществом – центральный исполнительный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции руководство в сфере управления республиканским имуществом, реализации прав государства на республиканское имущество, приватизации и государственного мониторинга собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение, и стратегических объектов, за исключением имущества, закрепленного за Национальным Банком Республики Казахстан;

      7) договор имущественного найма (аренды) государственного имущества – сделка, совершенная в письменной форме, согласно которой наймодатель обязуется предоставить нанимателю государственное имущество за плату во временное владение и пользование;

      8) договор доверительного управления государственным имуществом – сделка, совершенная в письменной форме, согласно которой доверительный управляющий обязуется осуществлять от своего имени управление переданным в его владение, пользование и распоряжение государственным имуществом, если иное не предусмотрено договором или законодательными актами, в интересах выгодоприобретателя;

      9) реестр государственного имущества (далее – реестр) – единая информационная автоматизированная система учета государственного имущества, за исключением имущества, находящегося в оперативном управлении специальных государственных органов, и государственного материального резерва.

      3. Отчеты подразделяются на:

      1) отчет обо всех сделках имущественного характера, связанных с государственной собственностью;

      2) отчет о финансовой деятельности, связанной с государственной собственностью.

2. Порядок и сроки представления отчетов обо всех сделках
имущественного характера и финансовой деятельности, связанных
с государственной собственностью

      4. Физическими и юридическими лицами отчет представляется по следующим сделкам имущественного характера:

      1) субаренды государственного имущества;

      2) залога государственного имущества;

      3) по проведению третьими лицами улучшений государственного имущества;

      4) отчуждения государственного имущества.

      5. Физическими и юридическими лицами, являющимися нанимателями, в случае заключения сделок, предусмотренных пунктом 4 Правил, отчеты обо всех сделках имущественного характера, связанных с государственной собственностью, представляются в течение 10 (десять) рабочих дней со дня заключения такой сделки.

      6. Индивидуальные предприниматели и юридические лица, являющиеся доверительными управляющими по управлению государственным имуществом, в случае заключения сделки об отчуждении или залоге государственного имущества, отчет обо всех сделках имущественного характера, связанных с государственной собственностью, представляют в сроки, предусмотренные договором доверительного управления государственным имуществом.

      7. Отчет обо всех сделках имущественного характера, связанных с государственной собственностью, представляется по форме согласно приложению к настоящим Правилам и включает в себя следующие сведения:

      1) вид сделки (субаренда, залог, проведение улучшений, отчуждение);

      2) реквизиты сделки (номер и дата договора, сроки исполнения сделки, стороны сделки, условия оплаты или порядок внесения платежей, предусмотренные сделкой);

      3) описание и стоимость государственного имущества, являющегося предметом сделки.

      8. Отчет о финансовой деятельности доверительного управляющего, связанного с государственным имуществом, переданным ему в доверительное управление, представляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности до 1 июня года, следующего за отчетным.

      9. Физические и юридические лица формируют отчет в электронном виде с использованием программного обеспечения, подписывают его электронной цифровой подписью, выданной национальным удостоверяющим центром, и направляют в уполномоченный орган по управлению государственным имуществом – в отношении республиканского имущества или исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, – в отношении коммунального имущества посредством реестра, используя имеющийся в программном обеспечении сервис для отправки и включения отчета в структуру реестра.

      Отчет представляется в целях контроля уполномоченным органом по управлению государственным имуществом или исполнительным органом, финансируемым из местного бюджета, за эффективным использованием государственного имущества.

      10. Уполномоченный орган по управлению государственным имуществом или исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, посредством реестра в течение трех рабочих дней с даты поступления отчета направляет на электронный адрес физических и юридических лиц, указанный в их электронных цифровых подписях, электронное уведомление о включении отчета в реестр или причинах его возврата для доработки.

      11. Основанием для возврата отчета является несоблюдение физическими или юридическими лицами требований, указанных в пунктах 7, 8 и 9 настоящих Правил.

      12. В случае возврата отчета, физическое и (или) юридическое лицо устраняет замечания и направляет повторно отчет в реестр в течение трех рабочих дней со дня получения уведомления о возврате отчета.

  Приложение
к Правилам и срокам представления
физическими и юридическими лицами,
участвующими в выполнении функций
по управлению государственным имуществом,
отчетов обо всех сделках имущественного
характера и финансовой деятельности,
связанных с государственной собственностью

      форма

Отчет физического и (или) юридического лица, участвующего
в выполнении функций по управлению государственным имуществом,
обо всех сделках имущественного характера, связанных
с государственной собственностью

№ п/п

Вид сделки (субаренда, залог, проведение улучшений, отчуждение)

Реквизиты сделки

Описание и стоимость государственного имущества, являющегося предметом сделки

номер и дата договора

стороны сделки

сроки исполнения сделки

условия оплаты или порядок внесения платежей, предусмотренные сделкой