«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және 27-бабының 13) тармақшасына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов